420
Студенттерді практикалық тұрғыдан дайындау - «Дене шынықтыру теориясы мен
әдістемесі» пәнін оқып-үйренуден кейінгі жоғары білікті мамандарды дайындау
барысындағы оқу үдерісінің міндетті тарауы болып табылады.
Практикадан өту барысында студенттер алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде
бекітеді, тәжірибелік және өздігінен кәсіби шешімдерді қабылдау дағдыларын игереді.
Біліктілік талаптарына сай ЖОО бітірушісі 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт»
бакалавры таңдаған спорт түрінің жаттықтырушысы және дене шынықтыру мұғалімі
қызметіне дайын болуы керек.
Практиканың көлемі, мақсаты және түрлері (оқу-педагогикалық, оқу-өндірістік,
педагогикалық, өндірістік) жоғарғы кәсіби дене шынықтыру және спорт бакалаврларын
дайындаудағы мемлекеттік білім беру стандартына
және типтік оқу жоспарына сай
анықталады. Практиканың өту уақыты мен ұзақтығы ЖОО оқу жоспарымен бекітіледі.
Практика бағасы теориялық білім алу кезіндегі бағаға (емтиханға) теңестіріліп,
студенттің жалпы үлгерімін қорытындылауда ескеріледі.
КӘСІБИ ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Кәсіби практиканың оқу-өндірістік (оқу-жаттықтырушылық) және өндірістік
(жаттықтырушылық) түрлері бойынша БЖСМ өткізіледі, олимпиадалық резервтегі
421
мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде (ОРМБЖСМ), спорт
колледждерінде, мамандандырылған мектептер мен спорт клубтарында, ал оқу-
педагогикалық және педагогикалық практикалары жалпы білім беретін мектептерде,
гимназияларда, лицейлерде, мектеп-интернаттарда, колледждерде өткізіледі.
Практика басында студенттер практика базасының әкімшілік құрамымен және
оқытушылар (жаттықтырушылар) құрамымен кездесу барысында педагог (жаттықтырушы)
жұмысының негізгі бағытымен, базаның дәстүрлерімен, жұмыс күнінің тәртібімен, оларға
қойылатын талаптармен, материалды-техникалық жағдайымен танысады. Студенттер оқу-
жаттығу жоспарымен, сабақ кестесімен, практика бағдарламасына сай өзінің аталған
жұмыстағы жұмыс көлемімен танысады. Әдіскер топ басшысымен практика бағдарламасы,
сабақ кестесі, студенттердің сабаққа қатысуы және үлгерімі, топтың жұмыс жоспары туралы
мәліметтер көрсетілетін «Практикант бұрышын» жасайды.
Студенттерге практика барысында орындайтын жұмыстармен таныстыру мақсатында
әдіскер, «Практика бағдарламасы және жеке жұмыс жоспары» атты әдістемелік сабақ
жүргізеді.
Студенттер әдіскердің және жаттықтырушы-мұғалімнің басшылығымен жеке
жұмыс жоспарын құрастырады. Практика барысында студенттер оқу тапсырмаларын
орындау кезінде дидактикалық талаптарды сақтауы және практика базасының
ерекшеліктерін ескеруі қажет. Практикант жүйеленген түрде практикант журналын немесе
күнделігін толтыруы қажет.
Өткен аптаны қорытындылау және келер аптаға тапсырма беру мақсатында топ әдіскері
апта сайын өзіне бекітілген топқа жиналыс өткізуге міндетті.
Құзыреттіліктер.
Негізгі құзыреттіліктер:
Таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы және дене шынықтыру мұғалімі кәсіби
қызметін игеру; жаттықтырушы-педагог қызметін ұйымдастыру және жоспарлау;
дене
шынықтыру және өмірдегі басты қимыл әрекеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру
дағдысын игеру; білім алушылардың дене дайындықтарын көтеру және жеке қимыл
қабілеттерін дамыту; жеке тұлғаны дене дайындығын жетілдіруге бағыттауға тәрбиелеу;
таңдаған спорт түрімен және қалыпты дене жаттығуларына деген сұранысты қалыптастыру;
моральдық және ерікті сапаларын тәрбиелеу; жеке қарым-қатынас жасау тәжірибесін дамыту.
Пәндік құзыреттіліктер:
Ағзаның дене қалыбының функционалды мүмкіндіктерін әртүрлі дене жаттығуларының
жүйелерін қолдану арқылы түзету; дене шынықтыру үдерісінде психикалық қасиеттерін
қалыптастыру;
Игеруі қажет:
- тәндік және рухани өздігінен дамудың әдістемелік қағидаттары мен құралдарын;
- сауықтыру дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерін;
- негізгі қимыл әрекеттерін игеру құралдарын;
- дене шынықтыру және спорттық жаттығу жүйесіндегі арнайы және жалпы дене
дайындығы негіздерін.
Арнайы құзыреттіліктері: әртүрлі мәліметтерді игеру; дене шынықтыру мен
айналысу және спорттың дамуының проблемалары жайлы сұхбат жүргізуге дағдылану; өзін-
өзі тәрбиелеу әдістерін игеру; шешім қабылдау; болшақ кәсіби мамандығына қалыпты
ынталану;
КӘСІБИ ПРАКТИКАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Оқу практикасы екі түрге бөлінеді: оқу-педагогикалық және оқу-өндірістік.
ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Практика мақсаты: студенттерді болашақ мектептегі педагогикалық қызметке деген
дайындығын қалыптастыру.
Практика міндеттері: