424
үйрену.
4. Студенттер бойында мұғалім мамандығына деген тұрақты қызығушылықты
тәрбиелеу, өзіндік білім алуға деген дағдыларын қалыптастыру.
5. Спорттық-сауықтыру және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында
мектепке практикалық көмек көрсету.
Педагогикалық практика ЖОО-ның оқу үдерісінің кестесіне сәйкес жасалынған
мерзімде өткізіледі.
Практика оқу жоспарына сәйкес оқу сабақтарынан босату арқылы келесі тараулар
бойынша өткізіледі.
Педагогикалық практиканың қысқаша бағдарламасы:
1. Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұны және
жүйесімен жалпы таныстыру:
- дене шынықтыру пәні мұғалімінің дене тәрбиесі жұмысының қойылымы, құжатнама
жүргізу тәртібі, оқушылар контингенті мен олардың қозғалыс дайындығының деңгейі, дене
шынықтыру пәні мұғалімінің құқықтары мен міндеттері туралы хабарламасын тыңдау;
- түрлі мектептерде дене тәрбиесі жұмыстарының қойылуы туралы тәжірибелер алмасу
(практика өтілген кезеңде алынған мәліметтер негізінде).
2. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту:
- дене шынықтыру пәні мұғалімінің көмекшісі ретінде және топтағы достарына
көмектесу арқылы 4-6 дене шынықтыру сабақтарын өткізуге
қатысу;
- бекітілген сыныптарда өз бетімен өткізген сабақтардың саны 30-дан кем болмауы тиіс.
Алдағы өткізілетін сабақтар бойынша мектептегі әдістемелік сабақтарға қатысу.
3. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық шараларды өткізу:
- спорт түрі бойынша секцияларда, ұзартылған күн топтарында, ЖДД бойынша немесе
БЖ бойынша өз бетімен өткізетін сабақтар саны 12-ден кем болмауы;
- жалпы мектеп бойынша шаралар ішінде 2 дене шынықтыру-сауықтыру немесе 2
спорттық-көпшілік шаралар өткізу қажет.
4. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды жасау мен жүргізу (практиканың бүкіл
кезеңіне арналған жеке жұмыс жоспарын жасау):
- бекітілген сыныптарға арналған оқу жұмысының жоспарланған құжаттарын жасау:
оқу процесінің кестесі, ағымдағы тоқсанға арналған сабақ жоспары (18 конспект-жоспар)
және практика өту мерзіміне арналған спорт секциясы (12 конспект-жоспар) сабақтарының
сабақ жоспары, дене шынықтыру сабақтары мен спорт секциялары сабақтарының жоспар-
конспектілері. Дене шынықтыру-сауықтыру мен спорттық-бұқаралық шаралардың
жоспарларын жасау.
5.
Дене шынықтыру сабақтарындағы педагогикалық байқау:
- практика басында өзіне бекітілген сыныптардың қимыл қабілеттерін тестілеу (білек
күшін өлшеу немесе турникке тартылу, орнынан ұзындыққа секіру, отырған бойда допты
бастан асыра лақтыру).
Оқушылардың күштік және күштік-шапшаңдық деңгейін және төмен
деңгейлі оқушыларды анықтау, оларға арнайы бағытталған педагогикалық әрекет ету
бағдарламасын құрастыру (нақты дене қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығулар
(немесе сабақ) кешенін құрастыру).
Практика соңында қайта тестілеу арқылы талдау жасап, қолданылған әрекеттер
тиімділігін анықтау.
Қорғауға ұсыну үшін тестілеу хаттамасын, дене қабілеттерін
шынықтыру бағдарламасын (жаттығулар кешені, қосымша үй тапсырмалары), талдаудан
алынған мәліметтерді жинақтау;
-
сабақта жүрек соғу жиілігі өлшеуді ұйымдастыру, жүктемелердің шамасы мен
шешімін табатын міндеттер және оқушылардың қызметтік мүмкіндіктеріне сәйкес келу
дәрежесі туралы қорытындылар жасау, нақты дене сапасын дамытуға арналған жаттығулар
кешенін (немесе сабақтардың )жасау;
425
-
2-3 сабақтың хронометражын жасау, осы сабақтың міндеттері мен мазмұнына
сәйкес сабақтың жалпы және моторлық тығыздығы туралы қорытыныды жасау. Байқау
нәтижелерін кесте арқылы рәсімдеу және журналға енгізу;
-
дене шынықтыру бойынша 2-3 сабаққа талдау жасау. Талдаудың біреуін журналға
енгізу.
6. Тәрбие жұмысы:
Мектеп пен бекітілген сыныптағы, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және
ұйымдастырылуымен танысу, сол бағытта келесі жұмыстарды орындау:
- осы мектептегі тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарының хабарламасын
тыңдау;
- практиканттың өзі бекіліген сынып жетекшісімен сыныптағы оқу-тәрбие жұмысы
туралы (жалпы үлгерімі, ұжым ретінде қалыптасуы, қоғамдық жұмыс, ата-аналармен
байланыс және т.б.) сұхбатқа қатысуы;
- бекітілген сыныптың ұжымы туралы ақпаратты үйрену (үлгерімін, тәртібін, қоғамдық
белсенділігін, көшбасшылығын, қызығушылығын және т.б.);
- жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-3 сабаққа қатысу;
- мектептің, сыныптың тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес шараларын іске асыруға
қатысу;
- бекітілген сынып оқушыларымен бірге тәрбие жұмыс бойынша 2 іс-шара өткізу.
7.
Студент жұмысының есебі мен есеп беруі:
- студент практика барысында практикант журналын үнемі толтырып отырады.
Практика аяқталған кезде студент ұсынады:
- практикант журналын;
- дене шынықтыру сабақтарының жоспар-конспектілерін;
Практика қорытындылары бойынша дифференцияланған сынақ қойылады. Соның
ішінде бағдарламалық талаптарды өз уақытында және сапалы түрде орындауы ескеріледі.
Оған қоса практикант қызметін бағалау барысында оның практикаға деген қатынасына,
мінез-құлықтық пен жеке басының сапаларына аса үлкен мән беріледі, атап айтқанда:
- кәсіби тәртіптілігі, жауапкершілігі, қозғалыс даярлығының жарасымдылығы;
- оқушылармен мінез-құлық және қатынас жасау мәнері (мейірімділігі, талапшылдығы,
әдептілігі, эмоциялық тұрақтылығы және т.б.);
- сабақтағы сыртқы келбеті: түзу дене бітімі, қалыпты дауыс ырғағы, сөз бейнелілігі,
көңіл-күйін білдіруі.
Практика қорытындысын шығару
Студент практика аяқталған кезде келесі құрамдағы дифференцияланған бағалау
комиссиясына дифференцияланған сынақ тапсырады (есебін қорғайды): практика жетекшісі,
практика меңгерушісі, бітіруші кафедраның әдіскері және практика базасындағы дене
шынықтыру пәні мұғаліміне.
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Практиканың мақсаты: спорт мектептерінің ерекше қызмет жүйесіндегі оқу-жаттығу
және тәрбие үдерістерін іске асыру бойынша білім, біліктілік практикалық дағдыларын
қалыптастыру.
Практиканың міндеттері:
1. Жаттықтыру, ұйымдастыру және тәрбие жұмысының практикасын меңгеру.
2. БЖСМ жүйесіндегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс түрлерін игеру.
3. Түрлі оқу жылдарындағы оқу-жаттығу топтарында әдістемелік жұмыстың басты
құрылымдарын меңгеру.
4. Жаттығу сабақтарының тиімділігін арттыру қарқынымен байланысты жалпы және
жеке дидактикалық үдеріс заңдылықтарын меңгеру.
5. Шұғылданушылардың жеке тұлғасына педагогикалық әсер ету тәсілдерін пайдалану
негізінде оқу-жаттығу үдерісінің өнімділігін жандандыру заңдылықтарын меңгеру.