426
Практиканың қысқаша бағдарламасы.
1. Кіріспе
конференция жұмысына қатысу “Жаттықтырушылық практиканың
міндеттері, мазмұны және ұйымдастырылуы”.
2. БжЖСМ әкімшілігі және жаттықтырушылар құрамымен таныстыру.
3. Біліктілігіне сай түрлі топтардың ашық жаттықтырушылық сабақтарына қатысу.
4. Жаттықтырушылар тобына бөлу.
5. Алдағы апталарға жекелеген жұмыс жоспарын жасау.
6. Жаттығулар кестесін жасау (базалардың толық мекен-жайын көрсету).
7. Практикант күнделігін толтыруға арналған әдістемелік сабаққа қатысу.
8. Жаттықтырушылар тобының құрамымен танысу.
9. БжЖСМ-не балалар қабылдауға қатысу.
10. Спортшылардың дене дайындығын ЖДД мен АДД бақылау нормативтері немесе
тесттер бойынша анықтау.
11. Түрлі бағыттағы жаттығулар кешенін құрастыруға арналған әдістемелік сабаққа
қатысу.
12. Жаттығудың түрлі мақсаттық міндеттеріне арналған екі кешенін құрастыру және
оны топпен өз бетінше өткізу.
13. Қандай да бір дене қасиетін дамытуға арналған дайындық жаттығулары кешенін
құрастыру.
14. Жаттықтырушының көмекшісі ретінде жұмыс істеу (3 сабақ).
15. БЖСМ жұмысының жоспарымен танысу, оны өз журналына жазып алу.
16. Жас спортшыларды іріктеу бойынша жұмыстарды жалғастыру.
17. Тестілеу және басқа да көрсеткіштер бойынша топ құруға қорытынды жасау.
18. Оқу-жаттықтыру барысындағы бастапқы мәліметтермен танысу:
а) оқу сағаттарын бөлудің жылдық жоспар-кестесімен;
ә) жаттықтыру сабақтарының жұмыс жоспарымен.
19. Дене сапаларын дамытуға арналған дайындық жаттығуларының екі кешенін
құрастыру және сол арқылы жаттығудың бір бөлігін өз бетінше өткізу.
20. Шеберлік үйренуге арналған дайындық жаттығуларының екі кешенін құрастыру
және сол арқылы жаттығудың бір бөлігін өз бетінше өткізу, сабақ жүргізу.
21. Жаттығудың жұмыс жоспарын мезоцикл мен микроциклге (апталық) жасау
технологиясы бойынша әдістемелік сабаққа қатысу.
22. Мезоциклге жаттықтырушы жетекшілігімен жаттықтырушының жұмыс жоспарын
жасау.
23. Микроцикл жоспарын жаттығудың 3 аптасына жасау.
24. Жаттықтырушының көмекшісі ретінде 3-4 сабақ өткізуге қатысу.
25. Алдын-ала жазылған конспектілер негізінде 2 жаттықтыру сабағын өз бетімен
өткізу.
26. ЖСЖ хронометражын шығару технологиясы мен жаттықтырудың педагогикалық
талдауы бойынша әдістемелік сабаққа қатысу.
27. Дене сапаларын дамыту мен шеберлігін жетілдіруге арналған дайындық
жаттығуларының бір-бірден кешенін құрастыру және сол арқылы жаттығудың бір бөлігін өз
бетінше өткізу.
28. Микроцикл жоспарын жаттығудың 4 аптасына жасау.
29. Өз бетімен 4 оқу-жаттығу сабағын өткізу.
30. Әдістер бойынша бақылаулар жүргізу:
-
жаттықтырудың негізгі бөлігіндегі жүктеменің қызмет ету тұрғысына
пульсометриялық бақылау – 2 рет;
- жалпы және моторлық беріктік хронометражы – 2 рет;
- тақырыптар бойынша жекелеген тақырыптық талдаулар – 4 рет.
31. Топтағы мәдени-тәрбие жұмысының жоспарын жасау.
32. Өткізу:
427
- спорттық мәліметтер, әңгімелер, дәрістер;
- театр, кино, концертке бару;
- ата-аналар жиналысы;
- топ жиналысы.
33. Бір-бірден жаттығулар кешенін жасау: дене сапаларын тәрбиелеуге, шеберлігін
жетілдіруге.
34. 4 жаттықтыру сабақтарын өз бетінше өткізу.
35. Кесте бойынша жаттықтыру сабақтарының пульсометриясын, хронометражын,
педагогикалық талдауын жалғастыру.
36. Жарыстардың ұйымдастырылуын, өткізілуі және төрешілігі туралы әдістемелік
сабақтарға қатысу.
37. Жарыстар туралы ережелер жасау.
38. Жарыстар өткізуге қатысу.
39. Бригададағы студенттермен жарыстардың төрешілігіне талдау жасау.
40. Келісім бойынша мәдени-тәрбиелік жұмыстар өткізу.
41. Тактика бойынша жаттығулар кешенін жасау.
42. Аптасына өз бетінше 3-тен кем емес сабақ өткізу.
43. Кесте бойынша жаттықтыру сабақтарының пульсометриясын, хронометражын,
педагогикалық талдауын жасауды аяқтау.
44. Бүкіл бақылау және талдау әдістерін қатыстыра отырып, бригадамен сынақтық
жаттықтыру сабағын өткізу.
45. Жарыстар төрешілігін ұйымдастыруға қатысу.
46. Өз бетімен жаттығу сабағын өткізу.
47. Келесі микроциклға жоспар құру.
48. ЖСЖ өлшеп,график сызып журналға түсіру.
49. Бригадалық жиынға қатысу.
50. Жаттығу сабағын хронометраждау, оның моторлы тығыздығын анықтап, журналға
түсіру.
51. Жоспарланған жаттығу сабағын өткізу.
52. Келесі микроциклға жоспар құру.
53. Бригадалық жиынға қатысу.
54. Жаттығу сабағының бөлімдеріне сараптама жасау.
55. Аталған аптаға жаттығу сабағының жоспарын құру.
56. Келер микроциклға жоспар құру.
57. Бригадалық жиынға қатысу.
58. Жаттықтыру сабағына сынақ өткізу.
59. Жаттықтыру сабағына толық сараптама жасап, оны журналға кіргізу.
60. Бригадалық жиналыста сынақ сабақтың мазмұнын, толық педагогикалық
сараптамасын талдау.
61. Топтың педагогикалық мінездемесі мен жекелеген бір студенттің психологиялық
мінездемесін жасау.
62. Қорытынды бағаларды талқылауға арналған бригадалық кеңеске қатысу.
63. Практиканы қорғауға дайындалу.
64. Қорытынды конференция жұмысына қатысу.
ПРАКТИКА ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
Практика аяқталған соң студент саралау сынағын (есебін қорғайды) саралау бағасымен
комиссия мүшелеріне тапсырады, оның құрамына енетіндер: практика жетекшісі, практика
меңгерушісі, бітіртуші кафедраның әдіскері, практика базасының жаттықтырушысы.
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет: