Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет16/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   168

51

Организмнің  қызметтік  қорларын  сандық  бағалау  аса  қиынға 

соғады. Организмнің резервті мүмкіндіктерін зерттеудің 2 жолы бар:

1. Бірінші  жол  организмге    тестік  жүктемелердің  əсер  етуі 

кезіндегі мүшелер, мүшелер жүйесі жəне тұтас организм қызметінің 

диапазонын анықтаумен байланысты;

2. Екінші жол гомеостаз бұзылған жағдайларда адам  организмі-

нің жұмысты атқару қабілетін зерттеуге бағытталған, яғни ұйғарын-

ды (мүмкін болатын) гетеростаз деңгейі анықталады. 

Организмді  кез  келген  функциялық  тестілеу  барысында 

физиологиялық қорлардың тек біраз бөлігінің ғана мобилденетінді-

гін  ескерсек,  оның  потенциалды  физиологиялық  қорларын 



тікелей  анықтау  мүмкін  емес.  Дегенмен,  нейрогуморалдық  рет-

телу  механизмдері  есебінен  физиологиялық  жүйелер  қызметінің 

өзгерістері  өзара  байланысты  болып  келетіндіктен  организм 

адаптациясы  қызметтік  қорларын  бағалау  үшін  жанама  əдістер 

қолданылады.  Ол  мөлшерлі  жəне  шекті  дене  жүктемелері  кезінде 

жүректің  жиырылу  жиілігі  (ЖЖЖ),  оттегіні  пайдалану,  гормон-

дар  секрециясы,  электроэнцефалограмма  (ЭЭГ)  жəне  т.б.  сын-

ды  организмнің  функциялық  күйінің  түрлі  көрсеткіштерін  тіркеу 

арқылы  жүргізіледі.  Мұндай  əдіс  организмнің  функциялық  күйін 

қалыптастырудағы сол немесе басқа да физиологиялық қорлардың 

нақтылы үлесін сандық бағалауға мүмкіндік береді.  Физиологиялық 

қорлар  барлық  адаптациялық  резервтер  жүйелері  ішінде  орталық 

қосалқы  жүйе  болып  табылатындықтан,  оның  қызметіне  басқа  да 

қосалқы  жүйелердің  жұмысы  тəуелді  болып  келеді.  Бұл  тұтастай 

алғанда  қызметтік  қорлар  жүйесінің  мобильдеу  мүмкіндігін 

бағалауға қолайлылық тудырады. 

Организмнің қызметтік қорын бағалау кезінде жүйелік тəсілдеме 

кең  қолданылады.  Ол  тест  жүктемелері  əсеріне  жауап  ретінде 

туындаған  организмнің  жүйелік  адаптивті  реакциясында  əртүрлі 

қорлардың  интеграциясын  (бірігуін)  сипаттауға  мүмкіндік  береді. 

Қызметтік  қорлардың  интеграциясы  организм  бейімделгіштігінің 

ерекшелігі  жəне  оның  деңгейімен,  сонымен  бірге  организмге  əсер 

етуші  сыртқы  орта  факторының  сипатымен  анықталатындығы 

дəлелденген.  




52

ІІІ ТАРАУ

ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ 

ЖІКТЕЛУІ ЖƏНЕ СИПАТТАМАСЫ

Дене жаттығулары дене тəрбиесінің білім беру, тəрбиелік жəне 

сауықтыру міндетерін шешуге көмектесетін қимыл əрекеттері болып 

табылады.  Адам  өзінің  күнделікті  өмірінде – тұрмыста,  өндірісте 

жəне дене шынықтыру сабақтары мен спорт жарыстарында болсын, 

сан алуан қимыл əрекеттерін орындайды. Физиологиялық тұрғыдан 

алып қарағанда жаттығу – белгілі бір мақсатқа жетуге, яғни қозғалыс 

міндетін  шешуге  бағытталған  бір-бірімен  үздіксіз  байланысты 

қимыл əрекеттерінің жиынтығы.

Спорттық  жарыстар  жаттығуларында  қозғалыстар  жиынтығы 

максималды  спорттық  нəтижелерге  жетуге  бағытталған.  Мыса-

лы,  спорттық  жаттығуларға  биіктікке  секіру,  найза  лақтыру,  ату, 

спорттық ойындар, белгілі бір арақашықтыққа жүгіру немесе жүзу, 

т.с.с. жатады.

Көптеген  дене  жаттығуларының,  соның  ішінде  спорттық 

жаттығулардың көптүрлілігі салдарынан оларды белгілі бір топтарға 

жіктеу қажеттілігі туындайды. Физиологиялық жіктеу функциялық 

сипаттамасына қарай ұқсас дене жаттығуларын топтарға біріктіруге 

негізделген. 

Дене  жаттығуларының  организм  күйіне  əсері  педагогикалық, 

психологиялық,  биохимиялық  жəне  физиологиялық  факторларға 

байланысты көптеген себептермен анықталады. Дене жаттығуларын 

жіктеуде  қозғалыстардың  физиологиялық  заңдылықтары  ерекше 

рөл атқарады. 

Жаттығуларды жіктеу координациялық құрылымына, қозғалыс-

тардың құрылу деңгейіне, орындалу əдістеріне, энергия пайдалану 

деңгейіне, жұмыстың салыстырмалы қуаттылығына жəне дене сапа-

ларын дамытуға бағытталуына қарай жүргізіледі.

Мұндай жүйелеудің спорттық мамандандыруда дене сапаларын 

жетілдіруге  бағытталған  арнайы  жаттығуларды  іріктеуде  кəсіби-

педагогикалық, қолданбалы маңызы зор.



53

Дене жаттығуларын жалпы физиологиялық жіктеу

Дене  жаттығуларының  түрлері  сан  алуан.  Сондықтан  оны  тек 

бір  ғана  критерий  бойынша  жіктеу  мүмкін  емес.  Осымен  дене 

жаттығуларын  жіктеу  кезінде  бірнеше  физиологиялық  жүйелердің 

ескерілетіні  түсіндіріледі.  Барлық  дене  жаттығулары  тірек  қимыл 

аппаратының негізгі бөлігі – бұлшық ет қызметімен тікелей іске асы-

рылатынын ескере отырып, бұлшық еттің жиырылу механизмдерін 

білген  жөн  (18-сурет).  Себебі  бұлшық  еттің  жұмысы  оның 

жиырылғыштық қасиетімен тығыз байланысты.



18-сурет. Бұлшық ет жиырылуы кезіндегі 3 əрекет потенциалы (Modifi ed 

from Vander, Sherman, Luciano Human Physiology, McGraw-Hill)



54

Жоғарыда – изотониялық (бұлшық ет талшығы тонусы өзгермей, 

тек ұзындығының қысқаруы);

Ортада – изометриялық  (бұлшық  ет  талшығы  ұзындығы 

өзгермей, тек тонусының артуы);

Төменде – ауксотониялық жиырылу (бұлшық ет талшығы тону-

сы да, ұзындығының да өзгеруі)

Табиғи  жағдайда  таза  изотониялық  немесе  таза  изометриялық    

жиырылулар кездеспейді. Денеде бұлшық еттің екі ұшы сүйек ры-

чагына бекитіні белгілі (8-, 18-суреттер), сондықтан ол жиырылған 

кезде өзі əсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні немесе антаго-

нист еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, əрекет үстінде бұлшық 

ет талшығы əрі (тонусы артады) ширығады əрі қысқарады. Қимыл-

əрекет үстінде бұлшық еттер ауксотониялық жиырылу жағдайында 

болады,  бірақ  онда  не  изотониялық,  не  изометриялық  жиырылу 

басымырақ келеді. Бұлшық етке зақым келтіру ықтималдылығы осы 

жиырылу барысында жоғары болып келеді.

Дене  жаттығуларын  жалпы  физиологиялық  жіктеу  сəйкесінше 

жаттығуларды жүзеге асыратын бұлшық ет белсенділігінің: 

1. Қызметтегі белсенді (активті) бұлшық ет салмағы көлемі;

2. Бұлшық ет жиырылуы типтері;

3. Жиырылудың күші немесе қуаттылығы сияқты үш негізгі си-

паттамасына негізделе жүргізіледі.

Белсенді  бұлшық  ет  салмағы  көлеміне  байланысты  дене 

жаттығуларының жіктелуі. Белсенді бұлшық ет салмағы көлеміне 

байланысты  барлық  дене  жаттығулары  жергілікті  (локалды), 

аймақтық жəне ауқымды (глобалды) деп бөлінеді.

Жергілікті  жаттығуларға  дененің  барлық  бұлшық  ет 

салмағының үштен бір бөлігінің (1/3) қатысуымен жүзеге асырыла-

тын  жаттығулар  жатады.  Мысалы,  садақ,  пистолет  ату,  белгілі  бір 

гимнастикалық жаттығулар.



Аймақтық  жаттығуларға  дененің  барлық  бұлшық  ет 

салмағының 1/3-ден 1/2-ге  дейін  қатысуымен  орындалатын 

жаттығулар  жатады.  Мысалы,  тек  иық  белдеуі  мен  қол  бұлшық 

еттерімен,  кеуде  бұлшық  еттерімен  орындалатын  гимнастикалық 

жаттығулар.

Ауқымды жаттығуларға барлық бұлшық ет салмағының жарты-

сынан аса бөлігінің белсенді қатысуымен орындалатын жаттығулар 

жатады.  Мысалы,  жүгіру,  ескек  есу,  велосипед  тебу.  Көптеген 

спорттық жаттығулар осы ауқымды жаттығулар тобына кіреді.




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау