78
Жүрек жұмысы көрсеткіштері мен оттегі пайдалану жылдамдығы
не максималды деңгейде қалады (жоғары жаттықтырылған күй
кезінде), не біраз төмендей бастайды.
Жаттығуды аяқтаған соң қандағы лактат концентрациясы
жаттығудың шекті ұзақтығымен кері жəне спортшының біліктілігі-
мен (спорттық нəтижемен) тура тəуелділікте 15-25 ммоль/л-ға
жетеді.
Жетекші физиологиялық жүйелер мен механизмдер барлық
аэробтық жаттығулар үшін бірдей. Одан басқа жұмыс атқарушы
бұлшық еттердің лактацидтік (гликолиздік) энергиялық жүйесі
маңызды рөл атқарады.
6-кесте
Аэробтық циклдік спорттық жаттығулардың энергиялық
жəне эргометрлік сипаттамалары
Топ
О
2
арақашықтық
қабылда
у,
ОМП
-дан
%
Үш энергиялық
жүйелердің
қатынасы, %
Негізгі
энергиялық
с
убст
ра
т
та
р
(
м
аңызына
сəйк
ес
ретпен
жазылған
)
Р
ек
ор
дтық
қу
аттылық
, кк
ал
/мин
Р
ек
ор
дтық
ұзақтық
, мин
Анаэробтық
фос
фаг
ен
-
дік
+
Лакт
ацидтік
(а
лакт
аттық
)
Лакт
а
цидтік
+
Оттектік
(
гл
и
кол
и
-
тик
алық
)
Оттек
тік
(
аэробтық
)
Максималды
аэробтық
қуаттылық
95-100
20
55-40 25-40
Бұлшық
ет
гликогені
25
3-10
Максималдыға
жуық аэробтық
қуаттылық
85-90
10-5
20-15 70-80
Бұлшық ет
гликогені
жəне қан
глюкозасы
20
10-30
Субмаксималды
аэробтық
қуаттылық
70-80
-
5
95
Бұлшық ет
гликогені,
май
жəне қан
глюкозасы
17
30-120
79
6-кестенің жалғасы
Орташа
аэробтық
қуаттылық
55-65
-
2
98
Май,
бұлшық ет
гликогені
жəне қан
глюкозасы
14
120-
240
Аз аэробтық
қуаттылық
50
жəне
төмен
-
-
100
Май,
бұлшық ет
гликогені
жəне қан
глюкозасы
12
жəне
төмен
>240
Максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларға
(жеке ОМП 85-95% оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін
жаттығулар) жұмыс атқарушы бұлшық еттердегі барлық энер-
гия өнімділіктің 90%-ға дейін тотығу (аэробтық) реакцияларымен
қамтамасыз етіле орындалатын жаттығулар жатады. Тотығу субстра-
ты ретінде майларға (тыныс коэффиценті 1,0 жуық) қарағанда көп
мөлшерде көмірсулар қолданылады.
Жұмысшы бұлшық еттерде гликоген басты, ал аз дəрежеде
– қандағы глюкоза (арақашықтықтың екінші жартысында) рөл
атқарады. Жаттығулардың рекордтық ұзақтығы 30 минутқа
дейін (6-кестені қараңыз). Бұл топ жаттығуларына 5000-10 000 м
арақашықтыққа жүгіру, 1500 м арақашықтыққа жүзу, 15 км-ге дейін
шаңғымен жəне 10 000 м-ге конькимен жүгіру жатады (7-кестені
қараңыз). Жаттығуларды орындау барысында жеке максималды
мəндерден ЖЖЖ 90-95%, ӨВ 85-90% деңгейінде болады. Жоғары
білікті спортшыларда қандағы лактат концентрациясы жаттығудан
соң 10 ммоль/л жуық болады. Жаттығуды орындау үдерісінде дене
температурасының 39ºС-қа дейін айтарлықтай жоғарылауы орын
алады.
Субмаксималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларға
(жеке ОМП 70-80% отегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін
жаттығулар) орындалу барысында барлық энергияның 90% аса
аэробтық жолмен түзілетін жаттығулар жатады. Тотығу үдерісіне
майларға қарағанда (тыныс коэффиценті шамамен, 0,85-0,90)
көмірсулар едəуір жиі ұшырайды. Негізгі энергиялық субстрат
ретінде бұлшық еттер гликогені, жұмысшы бұлшық ет пен қан май-
лары жəне (жұмыстың жалғасу барысы бойынша) қан глюкозасы
80
болып табылады. Жаттығулардың рекордтық ұзақтығы 120 минутқа
дейін (6-кестені қараңыз). Бұл топ жаттығуларына 30 км жəне одан
жоғары арақашықтыққа жүгіру (марафондық жүгіруді қоса), 20-25
км-ге шаңғы жарыс, 20 км-ге дейін спорттық жүру жатады (7-кестені
қараңыз).
Жаттығуды орындау барысында сол спортшы үшін максималды
мəннен ЖЖЖ 80-90%, ал ӨВ 70-80% деңгейінде болады. Қандағы
лактат концентрациясы көбіне, 4 ммоль/л-дан аспайды. Ол тек
жүгірудің бас кезінде немесе ұзақ өрлеулер нəтижесінде айтарлықтай
артады. Бұл жаттығуларды орындау кезінде дене температурасы 39-
40°С-қа жетуі мүмкін.
Жетекші физиологиялық жүйелер мен механизмдерге барлық
аэробтық жаттығулар үшін ортақ жəне одан басқа көп мөлшерде
жұмыс атқарушы бұлшық еттер мен бауырдағы гликоген қоры мен
бұлшық еттердің майларды жоғары ұзақ уақыттық утилдеу (тотығу)
қабілетіне тəуелді оттектік (тотығу) жүйенің сыйымдылығы жатады.
Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығуларға (жеке ОМП
55-65% оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін жаттығулар)
орындау кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттер энергиясының
барлығына дерлігі аэробтық жолдармен қамтамасыз етілетін
жаттығулар жатады. Негізгі энергиялық субстрат жұмысшы
бұлшық ет пен қан майлары болып табылады, ал көмірсулар (тыныс
коэффиценті 0,8 жуық) салыстырмалы аз рөл атқарады. Жаттығу
шекті ұзақтығы бірнеше сағатқа дейін созылады (6-кестені қараңыз).
Бұл топ жаттығуларына 50 км-ге спорттық жүру, 50 км-ден жоғары
ұзақ арақашықтықтағы шаңғы жарыс жатады (7-кестені қараңыз).
Кардиореспираторлық көрсеткіштер сол спортшыға тəн макси-
малды мəннен 60-75%-дан аспайды. Бұл жаттығулар мен алдыңғы
топ жаттығуларының көптеген сипаттамалары ұқсас келеді.
Аз аэробтық қуатылықты жаттығуларға (жеке ОМП 50%
жəне одан төмен оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін
жаттығулар) орындалу кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттердің
барлық энергиясы көп мөлшерде майлар жəне аз дəрежеде көмірсулар
(тыныс алу коэффиценті 0,8 төмен) арқылы шығындала отырып
жүретін тотығу үдерістері есебінен қамтамасыз етілетін жаттығулар
жатады. Мұндай салыстырмалы физиологиялық қуаттылықты
жаттығулар көптеген сағаттар бойы орындалуы мүмкін. Бұл
адамның тұрмыс əрекетімен (жүру) жəне жаппай немесе емдік дене
шынықтыру сабақтары жүйесіндегі жаттығуларға сəйкес келеді.