347
Жүзу кезінде максималды ЖЖЖ-де жүгіру кезіне қарағанда орта
есеппен 10-15 екп/мин. аз. Ер адамдарда ол жүгіру кезінде 200 екп/
мин. жуық, ал жүзгенде – 185 екп/мин. жуық, əйелдерде сəйкесінше,
200 жəне 190 екп/мин. жуық болады.
Құрғақтағы жұмыс кезіндегі сияқты бірдей салыстырмалы
аэробтық жүктеменің əсер етуімен (ОМП %-ға тең) жүзу кезінде
ЖЖЖ жаттыққан жəне жаттықпаған жүзгіштерде орта есеппен
бірдей болады.
Систолалық көлем тыныштық күйден жеңіл жұмысқа көшкенде
жоғарылайды жəне əрі қарай жұмыстың қуаттылығының өсуімен (О
2
пайдалану жылдамдығымен) артып отырады. Салыстырмалы көп
емес аэробтық жүктемелер кезінде ол белгілі бір деңгейге жетеді,
содан соң тіпті, максималдыға дейін жүктеменің артқанына (жүзу
жылдамдығына) қарамастан өзгеріссіз қалады немесе тек біраз ғана
артады.
Дененің горизонталды қалпы веналық қайтарылудың күшеюіне
жəне сəйкесінше диастола кезінде жүрекке қанның көп тол-
тырылуына қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан бірдей О
2
пайдаланудың субмаксималды деңгейі кезінде систолалық көлем
жүзгенде велоэргометрдегі жұмысқа қарағанда жоғары болады. Бұл
сəйкесінше жүзу кезінде ЖЖЖ төмендеуіне əкеледі.
Жүзуде максималды аэробтық жүктеме кезінде сол адам үшін
ең үлкен систолалық көлемге жетеді. Ол жаттыққан жүзгіштерде
жүгіру кезіндегі сияқты болса, ал жаттықпаған адамдарда жүгіруге
қарағанда төмен мəнге ие. Төзімділіктің көрінуін қажет ететін басқа
спорт түрлері өкілдеріндегі сияқты жүзгіштерде систолалық көлем
айтарлықтай шамада жүрек қуысының көлемімен (дилятациямен)
анықталады.
О
2
пайдаланудың субмаксималды деңгейі кезінде жүйелік
АВА-О
2
жүзуде де, жүгіруде де бірдей, ал максималды аэробтық
жүзу кезінде максималды аэробтық жүгірумен салыстырғанда
(сəйкесінше, 15 жəне 16% жуық) біраз төменірек келеді.
Артериялық қандағы О
2
мөлшері жүзу жəне жүгіру кезінде
шамамен, бірдей болады. Қаннан жұмыс атқарушы бұлшық ет-
тер арқылы оттегінің максималды экстракциясы да бірдей: сан
венасының қандағы О
2
минимальді мөлшері екі жағдайда да 2%-ға
жуық. Осылайша максималды жүйелік АВА-О
2
-дағы айырмашылық
жүзу кезінде дененің «белсенді емес» мүшелері мен ұлпаларының
348
қанмен жабдықталуының артуымен жүретін қан айналысының ерек-
ше таратылуын көрсетуі ықтимал.
Жүзу жəне жүгіру кезінде максималды АВА-О
2
бірдей
болғандықтан ОМП жүзу кезінде төмендеуі судағы (максималды
ЖЖЖ төмендеуінен) максималды жүректің минуттық қан көлемінің
азаюымен түсіндіріледі. Алайда, білікті жүзгіштер ЖЖЖ төмендеуін
өтей жəне максималды жүректің минуттық қан көлемін сақтай оты-
рып жүзу кезінде өздерінің систолалық көлемін арттыруға қабілетті
келеді. Бұл əсердің механизмі бұлшық ет «насосының» тиімді əрекеті
есебінен болады. Білікті емес жүзгіштерде бұл механизм жеткілікті
дамымаған.
Жүзуде субмаксималды жəне максималды жүктемелер кезінде
орташа артериялық қысым жүгіруге қарағанда көбіне, 10-20%
жоғары болады. Бұл денеге жоғары сыртқы (гидростатикалық)
қысымның жəне төменгі тері температурасы (26-28°С) салдары-
нан тері қан тамырларының тарылуынан қан айналысына шеткі та-
мыр кедергісінің артуының нəтижесі болуы мүмкін. Сонымен қатар
жұмысқа қатысатын бұлшық ет массасының мөлшері де белгілі бір
рөл атқарады. Аз бұлшық ет тобының жиырылуы көп бұлшық ет
тобының ширығуына қарағанда неғұрлым қан қысымының жоғары
көтерілуін тудыратыны белгілі.
Құрғақта дененің вертикалды қалпы кезінде жұмыс атқарушы
аяқ тамырларының перфузиялық қысымы қан бағанасының
гидростатикалық қысымы есебінен жоғарылайды. Сондықтан
жүгіру кезінде қан перфузиясы жүзу кезінде дененің горизонтал-
ды қалпымен салыстырғанда жеңілдетілген. Алайда, жүзу кезіндегі
жоғары артериялық қысым жұмыс атқарушы бұлшық еттердің
оттегімен жабдықталуы үшін қолайлы жағдай жасай отырып,
олардың тамырлары арқылы қан перфузиясының күшеюін тудыра-
ды.
Локалды (бұлшық еттік) факторлар
Басқа спорт түрлері сияқты жүзуде де орындаушы бұлшық ет
аппаратының қызметтік мүмкіндіктері маңызды рөл атқарады. Иық
белдеуі мен қол бұлшық еттері, ал брасс əдісімен жүзуде аяқ бұлшық
еттері ерекше орын алады.
349
Бұлшық
ет
композицияларына
жүргізілген
зерттеулер
жүзгіштерде спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда баяу
бұлшық еттер пайызының жоғары екенін көрсетті (сəйкесінше
дельта тəрізді бұлшық етте 74,3% жəне 46%, санның төрт басты
бұлшық етінде 52,7% жəне 36,1%). Аналогты мəліметтер спорт-
шы əйелдермен жаттықпаған əйелдердің бұлшық ет композицияла-
рын зерттеу барысында да алынған. Спринтер-жүзгіштерде (қысқа
қашықтыққа жүзгіштерде) жылдам талшық барлық дельта тəріздес
бұлшық еттердің 60-65%-ын құрайды.
Жүзуге жаттықтыру үдерісінде жылдам талшықтардың тотығу
потенциалының күшеюі жүреді, сондықтан жұмыс атқарушы
бұлшық еттерде жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ–В) мүлдем бол-
майды деуге болады, оларда тек жылдам тотығу талшықтары (ІІ–А)
бар. Баяу талшықтардың жоғары пайызымен жəне олардың тотығу
потенциалы деңгейімен қатар жылдам талшықтардың тез тотығу
талшықтарына өзгеруі жүзгіштің жұмыс атқарушы бұлшық еттері
үшін үлкен аэробтық потенциал жасайды.
Осыған жұмыс атқарушы бұлшық еттердің күшейген капил-
лярлануын қосуға болады. Ол тотығу метаболизмі ферменттерінің
белсенділігінің жоғарылауымен, митохондрия саны мен өлшемінің,
миоглобин мөлшерінің артуымен жəне т.б. локалды өзгерістермен
қатар
осы
бұлшық
еттердің
аэробтық
мүмкіндіктерінің
жоғарылауына əкеледі. Бұл жүзгіштердің ОМП жəне аэробтық
жұмысқа қабілеттілігін (төзімділігін) жоғарылауында көрініс таба-
ды.
Жылу реттелу
Су температурасы көбіне тері температурасынан төмен бола-
ды. Ауамен салыстырғанда су жоғары жылу сыйымдылыққа 25 есе
жəне жылу өткізгіштікке 5 есе жоғары ие бола отырып, конвекция-
мен (денені бойлай су қозғалысымен) бірлесе суда айтарлықтай
жылу жоғалтуға алғышарттар жасайды. Егер ауа температурасының
үлкен өзгерістеріне қарамастан ауада адам жылу балансын (тұрақты
дене температурасын) сақтап тұрса, су иммерсиясы жағдайында
дененің қалыпты температурасын ұстап тұру үшін су температура-
сы 33°С-қа жуық болу керек. Толық тыныштық күйінде жылу балан-
Достарыңызбен бөлісу: |