Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет26/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57

 
59 
бойынша  теориялық  білім  берудің  әдістерінің  бірі  екені  мәлім.  Әңгімелесу 
процесінде  әңгімелесу  шеберлігі  артатыны,  диалог  жүрізу  қабілеті  дамитыны, 
демек,  тілдің  тиісті  синтаксистік  формалармен,  сондай-ақ  болмыстың  белгілі 
бір  саласын  бейнелейтін  лексикамен  байитыны  назарға  алынбайды.  Басқаша 
айтқанда,  тілдік  акт  ретінде  мектептегі  әңгімелесу  нақты  мақсат  емес,  білім 
беру құралы; ал балалардың тілін әңгімелесу процесінде байыту жай қосымша 
пайдалы құбылыс ретінде қабылданады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  әңгімелесу  баланың  байланыстыра 
сөйлеу  қабілетін  дамыту  үшін  жүргізіледі.  Бірақ  тіл  міндетті  түрде  шындық 
құбылыстарды  бейнелейтін,  белгілейтін  болғандықтан,  мектепке  дейінгі 
мекемелерде  өткізілетін  әңгімелесулер  мектептердегідей  білім  береді. 
Тәрбиешінің  айтқан  мазмұны    «Балалар  бақшасындағы  тәрбие  бағдарламасы» 
[53]  бойынша  анықталады.  Әңгімелесулер  әр  жағдаятта,  әр  келкі  тақырыпта 
өткізіледі. Мысалы .: 
1) баланың өзі туралы (Айканың мұрны кәне? Мұрнынды керсетші»); 
2) отбасы  туралы («Сен кімді жақсы көрересің? — «Әкеңді ме?»; «Әкеңді 
қалай  жақсы  керетініңді  көрсетші»;  ал  кейінірек  :  «Сенің  әке-шешең  кімдер, 
қайда  істейді?»  —  «Менің  әкем  жүргізуші    болып  жұмыс  істейді.  Мен  де 
әкемдей  боламын»;  бұдан  кейін:  «Сен  өскенде  кім  боласың?»—  «Мен  әкем 
сияқты инженер боламын. Менің әкем жұмысты жақсы істейді»;  
3)  осылайша  балалар  бақшасындағы  ересек  адамдардың  еңбегі  туралы 
(аспаздар, аула тазалаушылар, күтушілер, т. б.); 
4)  тұрмыстық  және  еңбекке  керекті  заттар  туралы  (үй  жиһаздары,  ыдыс-
аяқ,  киім,
 
еңбек  құралдары  және  т.  б.  Не  үшін  керек,  неден  жасалған,  түсі 
қандай, т.б.; 
5)  жылдың  әр  маусымындағы  табиғат  көріністері  туралы    (жанды  және 
жансыз өсімдіктер, жабайы аңдар, үй жануарлары);  
6)  қоғамдық  өмір  туралы:  атақты  адамдар  туралы,  еңбек  ардагерлері, 
Отанды  қорғау  жолында  ерлік  көрсеткен  батырлар  туралы,  елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаев туралы әңгімелесуге болады. 
Тәрбиеші балалармен күнделікті  қарым-қатынас жасау барысында ерекше  
етіп өткізген әңгімелеріне балаларды алдын  ала әзірлеп, арнайы сабақ ретінде  
де жүргізеді. Әзірленген әңгімелесу деп аталатын осы форманы ажырату үшін 
тәрбиешінің айтқанын қайталауға құрылған  «Әзірленбеген әңгімелесулер» деп 
те атаймыз. 
Әзірленбеген әңгімелесулер, мысалы, балаларды жуындыру кезінде, тамақ 
ішкенде,  серуенге  шығуға  жиналып  жатқанда,  серуендеп  жүргенде,  ойын 
үстінде,  еңбекпен  шұғылданғанда,  т.б.  уақыттарда  өтеді.  Әзірленбеген 
әңгімелесулер  деген  сөз  балалар  тұрғысынан  алып  айтқанда,  өз  мәніне  ие 
(себебі  олар  тәрбиешінің  өздерімен  не  туралы  сөйлесетінін,  көңілдерін  не 
нәрсеге  аударатынын  білмейді),  ал  тәрбиеші  болса,  міндетті  түрде  осы  жағ-
дайлардың  бәріне  алдын  ала  дайындалған  болуы  тиіс,  өйткені  ол  —  арнайы 
мамандық алған балалармен сөйлесе алу шеберлігін меңгерген адам. Кез келген 
жағдайлары  әр  сөзімен  ол  балаларды  өз  ана  тілін  дұрыс  сөйлеуге  баулиды. 
Тәрбиеші өз ана тілінің синтаксистік құрылысын, дауыс ырғақтарының айтылу 


 
60 
мәнерін жақсы білуге тиіс: егер олай ете алмаса, онда ол бұл салаға жарамсыз 
болып есептеледі. Сөйтіп, тәрбиеші күнделікті қызмет бабымен қарым-қатынас 
жасау қажеттілгінен туындайтын балалармен арадағы әңгімеге грамматикалық 
формалар  іздеп,  өз  сөзінің  әуенділігін  (фонологияны)  қарастырып  арнайы 
дайындалмайды, өзінің тіл құбылыстарын айыра білетін қабілетіне сенеді, бірақ 
та ол әр әңгіменің тақырыбын күні бұрын әзірлеуге тиіс. 
Әңгіменің тақырыбын тәрбиеші өзінің күнделігіне бірді-екілі сөзбен күндік 
жұмыс  жоспарына  жазып  қояды.  Мысалы,  «Балалар  бақшасындағы  тәрбие 
бағдарламасында» сәбилер тобында:: 
1.  Балабақша бөлмелері туралы; 
2.  Балабақша қызметкерлері туралы; 
3.  Бөлмелердегі жұмыс түрлері туралы; 
4.  Балабақшадағы өздерінің күн тәртібі туралы; 
5.  Мезгілге қатысты киімдер туралы; 
6.  Табиғат бұрышындағы кезекшілік туралы; 
7.  Ойындардың шарттары туралы; 
8.  Жылдың төрт мезгіліндегі өзгерістер туралы; 
9.  Отбасы туралы; 
10. Жақын достары туралы; 
11. Мерекелер  жайында  әзірлендеген  әңгіме-сұхбаттардың  тақырыптары 
берілген. 
Тәрбиеші  міндеті  -  осы  бағыттағы  тақырыпқа  тақырыпшаны  жоспарға  
енгізуі.  Балаларға  «Киім»  деген  жалпы  тақырыпта  әңгіме  өткізу  керек  болса, 
тәрбиеші  күнделігіне ол  «Пальто» немесе «Бас киім» деп көрсетілсе болғаны; 
«Программада...»  бес  жастағы  балалармен  «Аспаздардың  жұмысы»  туралы 
әңгіме өткізуі керек делінсе, ол тәрбиеші күнделігінде «Көже» немесе «Сорпа» 
деп  жазылуы  мүмкін;  «Бағдарламада...»  7  жастағы  балалармен  «Табиғат 
аясында еңбек ету» тақырыбы ұсынылса, ол күнделікте «Жапырақ жинаймыз», 
«Құстарды  жемдейміз»,  «Қызанақ  отырғызамыз»  болып  жазылады.  Демек, 
әзірлендеген  әңгіме-сұхбаттардың  тақырыптары:  «Малақай», 
«Көже», 
«Қызанақ  отырғызу»  деп  лексикалык  тиянақты  бір  сөзбен  жоспарға  алуына  
болады.  Бірақ,  тәрбиеші  осы  тақырыптар  төңірегінде  балалармен  қай  кезде 
қалай  сөйлесу  керек  екенін  күні  бұрын  білсе,  қалған  айтылар  сөздер  әңгіме 
үстінде  өзінен-өзі  өрбіп  жатады.  Үш  жастағы  балалармен:  Серуенге  жиналу 
үстіндегі  әзірленбеген әңгіме былай өтуі мүмкін [54]. 
Тәрбиеші: Қазір күз кезі. Бас киімдеріңді жақсылап киіңдер. Алмас, сенің 
бас киіміңнің әшекейі қандай әдемі! Мұндай тамаша бас киімді саған кім тоқып 
берді? 
 –Әжем. ол ... жіпті.. . былай ... 
Тәрбиеші. Қарашы! Ең жуан жіптен тоқыған екен,
 
жарасымды болып 
тоқылыпты. Солай ма, Алмас? 
Алмас (дұрыс айтуға тырысқанмен, кейбір сөзді тұтас айта алмай). Тамаша 
бас киім. Әжем жүн жіптен тоқыды. 
Тәрбиеші. Балнұр, ал саған  мына ашық, көк түсті бас киімді кім  тоқыды? 
Бауы қандай әдемі. 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау