52
Не деген тәттісің өзің?
Осы іспеттес М. Әлімбайдың «Тісім» атты өлеңі арқылы 1-жақтағы
тәуелдік жалғауын:
Тісім қышып болды,
Кетіктерім толды.
Аузымды кең ашып,
Күле аламын енді.
Тісім түгел шықты,
Әрі тастай мықты.
Ж.Смақовтың «Бөпем» атты өлеңі арқылы тәуелдік жалғауының
үшінші, бірінші жақ формарын:
Көзі, Үлкен іші.
Өзі, Өзіме ұқсайды
Басы, Түсі.
Қасы, Аяғы,
Қолы, Бірақ жоқ,
Басынан, Аузында тісі.
Қасынан, Бұл кім?
Көзінен, Бұл менің
Өзінен, Бөпем.
Мүбәрак Жаманбалиновтың «Түймедей-ақ көзіммен» атты өлеңі арқылы
І жақтан айтылатын тәуелдік, жіктік жалғауларын:
Түймедей-ақ көзіммен
Анамды да көремін.
Түймедей-ақ көзіммен
Атамды да көремін.
Түймедей-ақ көзіммен
Ауылымды да көремін.
Түймедей-ақ көзіммен
Ай-күнді де көремін
Ермек Өтетілеуовтің «Санамақ» өлеңі арқылы топтау есімдіктері мен
қатар 1-жақтағы жеке, көпше тәуелдік тұлғасын, «мен», «сен», «біз» жіктеу
есімдіктерін:
– Бір үйде біз нешеуміз?
– Кел, санайық екеуіміз,-дейді
(Саусақтарын санап)
– Бас бармағым - әкем,
–.Балан үйрек – ағам,
– Ортан терек-шешем,
– Шүлдір шүмек-сен,
– Кішкентай бөбек-мен.
Жақан Смақовтың «Жалауша» өлеңінің тілі арқылы 1,2 - жақтың көпше
түріндегі жалғаулы тәуелдік, жіктік тұлғаларын бекіте аламыз:
«Бала, бала, балақан,
53
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай, былай, ойнат.
Күндей жайнап алаулар,
Қолымызда жалау бар.
Жалаушамыз жайнап,
Би билейміз ойнап.
Топ-топ, топ-топ басайық.
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса, жарқын күн,
Жаса, жаса, алтын күн!»
Қазақ тілін модульдік оқыту жүйесімен оқытуда балалардың жинақтаған
білімін қорытындылау, бекіту тәсілдері қажет. Тіл дыбыстарын үйретілген сөз
қорын бекітумен жалпы сандық, сапалық мониторинг жүргізу кезінде
байланыстыра бекітуді ойластырсақ, тақырыптық өлең-әңгімелерді оқып,
мазмұнын аудартуға болады. Атап айтқанда, бұл орайда ойыншықтар туралы
әңгімелесе отырып, Серікбай Оспановтың «Балалар бақшасы», Е. Өтетілеуовтің
«Санамақ», М. Жаманбалиновтың «Көрші ата», «Құлыншақ», т.б.
шығармалардың тиімді екендігіне тәжірибеде көз жеткізіліп отыр.
Өлеңдерді дидактикалық материалдар ретінде қазақ тілін басқа ұлт
балаларына қабылдатқанда, кейбір шумақтарының орындарын, не аударуға
қиын сөздер мен тіркестерді жеңілдеуімен ауыстыру керек.
«Қ», «Ғ», «Ұ», «Ү», «Ң» дыбыстарының айтылуын сөздердің бірыңғай,
жуан немесе жуан айтылуын жаттықтыруға, авторлардың өлеңдегі бас
кейіпкермен сөйлесе отырып жазған туындыларын қолданған абзал. Осы өлең
жолдары арқылы бала жеке өз атынан кейіпкермен тілдеседі. Мысалы,
М.Жаманбалиновтың «Құлыншақ» және Ж.Смақовтың «Құлын» өлеңдерін
салыстырып түсіндіру және жаттату тиімді:
Құлын, құлын, Құлын, құлын,
Құлыншақ. Құлыншақ.
Желбірейді тұлымшақ, Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында-жұлдызы. Ұмытпа, ұлым,
Құйрығында-құндызы. Жылқы баласы- құлын.
Өлең шығармаларды, ертегілерден алынған үзінділерді балалардың
хормен қайталап бірнеше рет орындауына ыңғайлап, тудырылған жағдаяттар
мен арнайы ойын-жарыстар барысында қайталатуға болады.
Қадыр Мырза Әлінің «Балақай» деп аталатын өлеңі бала жасында жиі
ойналатын
қимыл
ойындарға
лайық.
Мәтініне
қарай
балалардың
қимылдарының жасалуы өлеңнің ырғақ жағынан дұрыс шығуына ықпал етеді.
– Орманға барамыз!
– Алақай!
– Бүлдірген тереміз!
– Алақай!
– Айға ұшып барамыз, балақай.
– Кел, ағаш жарамыз, балақай,
54
– Әй, ата-ай!
Көрініп тұрғандай, бір топ баламен өлеңді сахналап көрсетуге болады.
Өлең мазмұны әрі қарай сан алуан сұрақтарға сұранып тұр. Орманда нелер
өседі? Ат не жейді? Орманда қандай ағаштар, жемістер өседі? Ата қандай адам,
балалар қандай?, тағы осы сияқты қосымша сұрақтарымен, балаларды
сөйлетуге өте лайықты осындай шығармаларды поэзия, проза жанрында да
іздестіре білу ләзім. Тек қана олардың мазмұны жас бүлдіршіндер үшін
тартымды болуы керек.
Жинақтап айтқанда, сөздік қорды қалыптастыру, дыбыстарды анық, таза
айтуға үйрету, көптеген жеңіл грамматикалық формалар да өлең жолдарынан
табылады. Ал байланысты, жүйелі сөйлеу бұларсыз жүзеге аспайды. Тіл
міндеттерінің ішінде негізгі міндет қай ұлт баласының болмасын өз ойын қара
сөзбен байланыстыра жеткізе алуы, ойын жүйелеуден, қазақ тілінің табиғатына
терең барудың, зерделеудің негізінде нақты жүзеге асады. Байланыстырып
сөйлеуге үйрету практикалық түрде көп жаттығудан, мұғалімнің тіл үйренуші
баланы көп жаттықтыруынан басталады. Бұл үшін диалог пен монологтың
құрылымы, құрылуы жайында теория деректерін ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |