Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет25/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57

 
57 
отырады.  Бірінің  сөзін  бірі  қайталап,  оны  қуаттай  сөйлеп,  сөздер  мен 
сөйлемдерді тұжырымдай түседі.  
Диалогты сөйлеу тіліне практикалық тұрғыдан үйренуге тиісті орындарды 
пайдаланып  отырған  жөн.  Ал  арнайы  ұйымдастырылатын  қазақ  тілі 
материалдарын  оқыту  үдерісінде  балалардың  қазақ  тілінде  сөйлеу,  жазу 
дағдыларын  арттыру  мақсаты  іске  асырылады.  Бұл  мақсатта  балаларға 
мазмұнды суреттер тарату, белгілі тақырыпқа ауызша әңгіме жоспарын құрату, 
тірек  сөздер  жиынтығын  бекіткен  соң  өзара  тілдік  қатысымға  түсіру,  тілге 
үйреніп жатқан топ атынан хат мәтінін құрастыру, телефон, телеграф, теледидар  
ойындарын  ойнату,  әр  түрлі  тақырыптық  әңгіме-сұқбат,  саяхат,  мұражай  
қызметкерлері  туралы  сахналық    қойылымдар  сияқты  әңгіме  әдістері  арқылы 
балалардың  сол  нысандарға  деген  қызығушылығы,  белсенділігі  артады. 
Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме 
-  диалог  сөйлеудің  бір  түрі  есебінде  әрі  теориялық,  әрі  практикалық  жұмыс 
жүйесі үшін пайдаланылады. 
3-4  жастағы  балалардың тілдік  ерекшеліктерінің  бірі–тілдік  міндеттердің 
бұл жаста күрделене берілуі. Өйткені «Баланың өзі лингвистік қабілетке бейім 
келетін тұсы» деп зерттеуші К. Чуковский бағалаған кезең–осы кезең. 4 жастың 
аяғына қарай балалардың жеке қабілеттері айқындала бастайды, сөйлеу тілі бір 
деңгейде  дамып  келе  жатқан  балалардың  өзінде  бір-бірінен  айырмашылықтар 
байқалады.  Себебі  балаларға  берілетін  дидактикалық  материал  балалардың 
психикасының  осы  құпия  кезеңінде  өте  әсерлі  болуы  керек.  Оның  бейнелеп, 
әсемдеп  сөйлеуіне  алғы  шарт  болатын  үлкеннен  естіген  әсерлі  әңгімесі, 
айналадан  көрген  әсем  табиғат  сұлулығы,  суреттің  таңғажайып  колориті, 
персонаждардың айқын көңіл-күй, қимыл-әрекеттері –бәрі-бәрі ықпалды болса, 
бір  баланың  тілін  екіншісінен  артық  етеді.  Бала  өмір  сүретін  әлеуметтік  орта 
әсері  оның  қандай  мозаика  сала  алатынын,  қандай  суретті  қабылдап  ой  түйе 
алатынын  үйрететін  болады.  Зерттеушілердің  айтуынша,  үлкендер  балаларға 
осы  жаста  мазмұнды,  әсерлі  ынтымақтастық  құра  алса,  баланың  әңгімелеп 
сөйлеу тілі бірден қалыптасады. Бұл жетістік баланың 5 жасындағы монологты 
сөйлеуін,  6  жаста  кез  келген  тақырыпқа  әңгіме  құрастыра  алуын  еркін 
қамтамасыз  етеді.  Әрине,  бұл  кезеңдер  [47]  -  тілі  ана  тілінде  шыға  бастаған 
балалардың тілдік дамуының деңгейлік кезеңдері. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  қазақша  дамыту  алдымен 
тәрбиеші-педгогтің өз сөзінің мәнеріне, тілінің тазалығына, мәдениетті сөйлеу 
қабілетіне  байланысты.  Бала  тілінің  дамуына  тікелей  басшылық  жасау 
үйретушінің өз кәсібіне деген қызығушылығы мол болуы үшін оның теориялық 
білімі тереңдетіліп отыруы керек. Өкінішке орай, ана тіліміздің даму барысын 
ғылыми  негізде  сипаттап  жазған  еңбектер  [48]  бүгінде  шамалы,  ал  суреттер 
топтамасы енді ғана шығарыла бастады.  
4-ке  қараған  балаға  берілетін  тапсырманың  күрделігі  тәрбиешінің  оған 
көмекке  келуімен  жеңілдетілгенмен,  әр  баланың  жеке  мүмкіндіктері  әр  түрлі 
болатындықтан,  көптеген  мәселелерді  ескеруге  тура  келеді.  Алғашқы 
сабақтардың  өзінде  тәрбиеші  балаларды  еркін  түрде  жауап  қатуға  тартады. 
Оларға өз тұрмысы, жақын адамдарының еңбегі, оларға көмегі жайында айтып 


 
58 
берулерін  сұрайды.  Жекелеген  заттарды,  жеке  заттар  салынған  суреттерді 
сипаттауға  баулиды,  «сөз»  туралы,  «дыбыс»  туралы  түсініктер  береді.  Сөз 
ішінен  белгілі  бір  дыбысты  дәл  табуға  үйренеді.  Өлеңдерді  мәнерлеп  жатқа 
айтуы  кезінде  балаларға  түрлі  ойыншықтар  беріліп,  үстелдің  жанына  келіп 
оларды  сипалап,  қозғалтып  сөйлеулеріне  еркіндік  беріледі.  Балалар  топтағы 
картиналар топтамалары бойынша әңгіме құрастырады. 
Міндетті түрде картина қарастыру кезінде балаға айтылуы қиын дыбысты 
бірнеше  рет  айтқызып  жаттықтыру  тапсырмасы  ескеріліп  отырылады.  Әрбір 
айдың  1-2  күнін  сурет  қарастырып  әңгіме  құрауға  жоспарлау  балалардың 
сүйікті әдетіне айналғанда, баланың ауызша сөйлеу тілі тиісті нәтиже бермек.  
Кішкентайлар  тобында  қарастырып,  тапқан  картиналар  топтамасы,  атап 
айтқанда,  «Тіл  дамытуға  арналған  дидактикалық  үлестірмелі  материалдар» 
(1987),  «Суретті сөздік»  (1989),  С. Веретенникованың  «Домашние  животные», 
В. Ватуринаның «Мы играем», О. Соловьеваның «Картины для детских садов» 
деген    кеңестік  кезеңдегі  сурет  сериялары  мен  картиналар  алуан  түрлі  болып 
келді.  Қазір  ол  суреттер  жаңа  техникалық  құралдардың  түрлерімен 
толықтырылғаны  болмаса  [49],  өмірдегі  бұрыннан  бар  құбылыстардан  алысқа 
кете  қойған  жоқ.  Қазақ  халқының  ұлттық  салт-дәстүрлері  мен  Қазақстан 
Республикасының  жаңа    рәміздерімен  толықтырылды.  «Біз  текшелермен 
ойнаймыз»  (Е.И.  Радина),  «Біз  шана  тебеміз»  (Е.Г.  Батурина),  «Тройлейбус 
және  ойыншықтар»  (Э.П.  Короткова),  «Мысық  мәулендерімен»,  «Тауықтар» 
(С.А.Веретенникова)  сияқты  суреттерге  [50]  бүгіндері  жаңа  мазмұнды 
картиналы  авторлық  ертегілер  «Таба  нан»  (Р.  Айсаров),  «Мақта  қыз  бен 
мысық»  (Әуелбаева  С.),  т.б.  қосылды.  Сол  сияқты  топта  ойнатылатын 
«Телехабар  даярлайық»,  «Қыдыр  атаның  сыйлықтары»,  «Открыткалар 
дүңгіршегі», т.б. драматизациялық ойындарға әзірленген  үлестірмелі суреттер 
бойынша сипаттама әңгімелер құрату да тәжірибеге енгізіліп келеді.  
Ақыл-ой  тәрбиесінің  негізгі  болып  табылатын  тіл–өмір  шындығын 
таныту  құралы.  Сөз  өнеріне,  тіл  байлығына  тәрбиелеу  ісі  баланың  ең  жас 
кезінен  басталуы  заңды  болмақ.  Бұл  жағдайлар  көрнекті  психолог-педагог 
ғалымдардың  сәби  тіліндегі  ерекшеліктері  мен  заңдылықтарды  зерттеу 
мәселесіне арналған еңбектерінде [51] баланың сөз қорын, сөйлеу тілін дамыту 
оның  психологиялық  процестерін  (ойлау,  қабылдау,  елестету,  түйсіну,  т.б.) 
жетілдіруге тікелей әсер  ететіндері жан-жақты дәлелденген. Бұрынғы одақтың 
және  кейінгі  жылдары  республика  ғылыми-зерттеу  лабораторияларында 
жүргізілген  эксперимент  нәтижелері  [52]  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 
сөздік  қорларының  даму  мөлшерін,  кейбір  балалардың  сөйлеу  тіліндегі 
ерекшеліктерді,  сөз  түсіну  және  грамматикалық  тұлғаларды  немесе  жүйелі 
байланысты сөйлеу дағдыларын меңгерту, тағы да басқа тіл меңгеру үстіндегі 
психикалық процестерді анықтағанын көреміз. 
Балаларды  диалог  немесе  сөйлеу  тіліне  үйрету  —  әңгімелесу  (сөйлесу) 
түрінде де, балалардың үлкендермен немесе өзара сөз қатынасына түсу түрінде 
өтеді. 
Мектеп  педагогикасында  әңгімелесу  деген  сөздің  терминологиялық, 
мағынасы  кез  келген  бір  пән  —  табиғаттану,  тарих,  көркем  жазу  және  т.  б. 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау