Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет21/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57

 
47 
Қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  айтылуын  фонетикалық  ойын  үстінде  
бекітудің бірнеше кезеңі бар. 
1.  Айтылуы  қиын  дыбыстарды  мұғалім  алдымен  анық,  айқын  айтып 
көрсетеді.  Бірден  дұрыс  айтып  кетпейтін  балаға  беріліп  отырған  дыбысты 
дұрыс  айтуға  итермелейтін  жағдай  тудыратын  тәсілдер  қолданылады.  Яғни, 
жаңа  дыбысты  балалар  алғаш  рет  ойын  үстінде  естиді.  «Балалар,  бір  күні 
кішкентай қоян қытырлатып сәбіз жеп отыр еді, астыңғы бір тісі дыз ете түсті. 
Қоянның жанына батқаны сонша, саусағын тісінің үстіне былай қойып   -І,-І,-І 
деп  ауырсынып  кетті.  Тісі  ауырғанда  қоян  қалай  жылады?  Кәне,  айтып 
көріңдерші» дейді тіл үйретуші.  
2. Берілген дыбыстың жасалу орнын көрсету: І–тіл алды, жіңішке дыбыс. 
Тістің қызыл иегіне тілдің ұшы тиіп тұр, ерін сәл-пәл ашық. 
3. Дыбысты буында, сөз ішінде, сөз тіркесінде бекіту: Мым-мім. Бым-бім. 
Пым-пім; Ыдырыс- Ісләм; Шынар-Інжу. «Әсем әсем бе, Әсел әсем бе? 
4. Дыбыстарды мәтін  ішінде, өлең-тақпақта тапқызып, айтылуын бекіту: 
«Оң  қол,  Сол  қол!  Оң  қолымда  бес  саусақ,  Сол  қолымда  бес  саусак,  Барлығы 
болады он саусақ», т.б. 
Халық ауыз әдебиетіндегі көлемі шағын әдеби үлгілерді тіл дыбыстарын 
дұрыс  айтқызуда  қолдану  -  өте  тиімді.  Олардың  ішінен  санамақтардың,  өтірік 
өлеңдердің, жаңылтпаштар мен қысқаша мазмұны бар өлеңдердің тиімді құрал 
екендігі тәжірибеде көрініп отыр. Атап айтқанда, қазақ тіліне тән Ә, Ө, Ұ, Ү, Қ, 
Ғ, Ң, Һ дыбыстарының түрлеріне орай кейбір шығармаларды  рөлдік ойындарға  
енгізіп ойнатуға болады. Мысалы, балалардың алдына бір қара және бір ақ ала 
лақтарды қойып жаңылтпаш жарысын жасауға болады. «Ақ лақ ақ па, ала лақ 
ақ па? (бірінші бала жарысты осылай  бастаса, екінші болып жалғастырушы тез 
және таза дикциямен сөйлеп шығуы керек.) Жауап мәтіні: «Ала лақ аппақ емес, 
ақ  лақ  аппақ!».  Осыған  ұқсас  Қ,  Ғ  дыбыстарын  бекітуге  «Шорағай  шоршып 
кетті, Шорабай шошып кетті.» деп  бірінші  бала бастаса, екінші бала іліп алып; 
«Шорағай  қорқақ  па,  Шорабай  шорқақ  па?»  деп  әрі  қарай  жалғастырады,  топ 
ішінен  үлгірген  біреуі  «Шорағай  қорқақ  емес,  Шорабай  –қорқақ»  деп    жауап  
беруі керек. 
Тығылмақ  ойынының  алдында  кімнің  басқаратынын  анықтау  үшін 
балалар  қаламақтар  айтады.  Төменде  осы  ойын  барысында  түрлі  дыбыстарды 
дұрыс  айтуға  машықтандыратын  қаламақ  мәтіндері  беріліп  отыр.  Олар 
мыналар: 
Шалшық–                               Сең сел емес. 
Балшық.                                  Мен сен емес, 
Балшық–                                 Сен мен емес. 
Шалшық                          Қырқ-қырқ 
Балшықтан                      Күркілдеуік 
Ал, шық!                          Күрке тауық. 
                                                  Сары  шымшық, 
                                                  Сен қал,  
                                                  Сен шық! 


 
48 
Бесік  жырын  айтпайтын  халық  жоқ.  Қазақ  тілі  әліпбиінің  бастапқы 
әрпінің  сыңары  «Ә»  дыбысын  артикуляциялауды  қазақ  тіліндегі  бөбекті  уату 
өлеңіне ситуациялық ойын ұйымдастырылса, орыс тілінде сөйлейтін сәби бала 
еш қиындықсыз  осы дыбысты жеделдете айтып кетеді.  Орыс тілінде  «А, а, а» 
деп  әлдилеп үйренген балаға: «Осы дыбысты жіңішкелеу, жұмсақтау дауыспен 
«Ә, ә, ә..» деп айту арқылы қазақ бесігін тербетейік» дегеннен-ақ, бала қазақша 
дыбыстап кете алады. Алдыңғы тарауда келтірілген Е. Өтетілеуовтің «Әріптер 
сыры» әліпбиге арналған өлеңінде әлдилеу сөзін (« әлди-әлди ») жекелей айтып 
қайырып  отыру,  тіркес  сөздерді  («Әлди-әлди,  Әлия-ай»)  әрі  қарай  осы  
дыбыстың  анық  интонациямен  қайталануы,  кейін  әлди  өлеңіне  қажетті 
мазмұнды  сахналау  әдісімен  арнайы  тудырылған  жағдаятта  бекітілуі 
фонетикалық  ойында  жүзеге  асырылады.  Әрине,  ауыз  әдебиеті  үлгілерін 
жүйемен үйрету мақсатын көздемегендіктен, қазақ тіліне үйрету үдерісінде бұл 
шығармаларды  таңдап  қолданамыз.  Бөпені  уатумен  қатар,  оның  аяқ-қолын 
бесікке бөлер алдында созып, бойын сылап алуды қазақ халқы жиі ұстанғанын 
балаларға  білу  артық  емес.  Бұл    орайда,  «Өс,  өс,  өс»  деп  аталатын  халық 
жырының  мәні  зор.  «Ә»,  «Ө»  дыбыстарының  айтылудағы  айырмашылықтар 
осы екі жыр үлгісі арқылы айқын аңғарылады. Мәтіні: 
Өс, өс, бөпем,  
Өс, бөпем. 
Балуан бол айбатты, 
Ба-атыр бол қайратты! 
Әрі қарай, баланың өсе келе тұсауы кесілетінін әңгімелеп беріп, тәрбиеші 
балалармен  «Тәй-тәй»  деп  бөпені  жүргізетінін  қуыршақты  жетелетіп  үйрету 
жағдаятында  бекітсе,  бала  «Ә»  дыбысын  сөз  ішінде  айтып  жаттығады.  Ал 
мазмұнды  өлең  ішінде  (Авторы  Е.  Өтетілеуов)  бұл  дыбысты  жеделдете  айтып 
үйренуді  тағы  да  төмендегідей  рөлді  ойында  бекіткен  тиімді.  Ортаға  топтан 
бөпе  болып  ойнайтын  бала  тұрғызылады.  Қалған  балалар  оны  айнала  қол 
ұстасып тұрады да, орыстың хоровод әуенімен ортадағы балаға қадамдай басып, 
оны еркелете әндетеді: 
Бөпем, бүгін қаз басты, ( Бәрі бірлесе, ортаға жылжи ) 
Тәй-тәй. 
Көп емес. 
Аз басты, ( Артқа қарай шегіне ) 
Тәй, тәй. 
Өзі мәз боп  күледі, ( Қол ұстасқан күйі теңселе, қосылып) 
Тәй-тәй. 
Әлі-ақ  тез-тез жүреді. ( Айнала, топтаса жүгіреді ) 
Соңғы өлең айтыларда ортадағы бала, сүрініп қалғанын, не біреуін ұстап 
алып,  енді  оны  ортаға  сәби  етіп  қояды.  Ойынды  осылай  жалғастыра  беруге 
болады.  Осы  сияқты  Ө,  Ү,  Ұ  дыбыстарын  бекітуге  осы  тәсілмен  төмендегі 
өлеңдерді, жаңылтпаштарды пайдаланған жөн: 
Ақ көбелек,                            Ақ шар бар, 
Сұр көбелек                          Көк шар бар, 
Қызыл, жасыл,                      Көп шар бар. 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау