43
ете алады. Мысалы жуан дауыстыларға қ, ғ дыбыстары, ал жіңішке
дауыстыларға к, г дыбыстары тіркеседі.
7. Түбір сөздің дауыссыз дыбыстар арасында болатын фонетикалық
заңдылықтары ілгерінді және кейінді ықпалдар қазақ тіліне тән болса, орыс
тілінде тек қана кейінді ықпал жиі ұшырасады.
8. Орыс тілінде дауысты дыбыстар көп жағдайда екпін түсіріле айтылса,
қазақ тілінде дауысты дыбыстар екпін арқылы онша бөлінбейді.
Дыбыстау мүшелерінің қызметін тіл үйретуші жақсы біліп, әсіресе қазақ
тіліне тән дыбыстары бар сөздерді дұрыс айтуға үйрету кезінде оны жақсы
түсіндіріп бергенде ғана, балалар өзге тілдің дыбыстарын, сөздерін қатесіз,
дұрыс айтатын болады. Дыбыстау мүшелері – сөйлеу аппаратының ең негізгі
компоненттері. Оларға өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы,
ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, тілшік, тіс, ерін жатады.
Қазақ тілінің ерекше дыбыстарын жасауда ауыз қуысы мен мұрын қуысы
ерекше рөл атқарады. Ана тіліміздегі дауысты дыбыстардың алуан түрлі болып
естілуі ауыздың толық, орташа не сәл-пәл ашылуына байланысты. Үнді
дауыссыз дыбыстар (м,н,ң) мұрын қуысы арқылы жасалады.
Балалардың айтып үйренуіне қиын тиетін дыбыстар тіл қызметінің
күрделілігіне байланысты. Тіл - өте жылжымалы мүше. Тілдің бірде ілгері, бірде
кейін жылжуынан, бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен түсуінен, артқы бөлігі,
орта шені, ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Тілдің ұшы үстіңгі
тіске тиюінен тіс дыбыстары т, д, ал тілдің артқы бөлігінің таңдайға
жуықтауынан тіл арты дыбыстары қ, ғ, тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып,
бүктеліңкіреп айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ү) жасалады.
Қазақ тіліне тән дыбыстардың жасалуында ерін мен иектің де қызметі
ерекше. Ерін де - жылжымалы мүше. Мысалы, оның әр түрлі қалыпта қозғалуы,
яғни бірде дөңгеленіп алға қозғалуы, сол сияқты алға созылуы, бірде астыңғы
ернінің артқа қарай тартылуы ұ-о, ү-ө дыбыстары жасалады. Иектің қозғалысы
ауыздың кең және қысаң ашылып тұруына жағдай жасап, жуан және жіңішке
дауыстыларды түзеді. Жоғарыда айтылған түсініктемелер тіл үйретушіге қазақ
тілінің ерекше дыбыстарының жасалу орындарын көрсете отырып түсіндіру
үшін қажет.
Жинақтап айтқанда, қазақ тілінің ерекше айтылатын дыбыстарын дұрыс
артикуляциялануы үшін тәрбиеші не оқытушы төмендегідей қосымша
міндеттерді де жүзеге асырады:
1. Айтылуы қиын дыбыстарды жекеше және сөз ішінде анық айтуға
үйрету;
2. Ол дыбыстардың дұрыс және тез қабылдануы үшін орыс тіліндегі
айтылуы мен жасалу орындары ортақ және біршама ұқсас нұсқаларымен
салыстыра түсіндіру;
3. Дыбыстау мүшелерінің қызметін жеткілікті дәрежеде білу және
әқайсысының дыбыс түріне қарай күй-қалпын балаларға қарапайым тілмен
түсіндіре білу.
44
2. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйретудің әдіс-тәсілдері
Тіл дыбыстарын тіл мәдениеті талабына сай етіп айтуға үйрету жұмысы –
қазақ тілі сабақтарының арнайы түрде ұйымдастырылатын бір бөлігі. Сабақ
мақсатына қарай балаға қабылдатылатын тілдік материалдар мен ондағы дұрыс
артикуляциялауға бағдарланған тіл дыбыстарына қарата қолданылатын әдістер
әр түрлі болады. Олар, атап айтқанда, мыналар:
1. Дыбыстарды өзара салыстыра талдау әдісі;
2. Артикуляциялық әдіс;
3. Еліктеу әдісі;
4. Сөздік әдіс.
Салыстыра талдау әдісіне дыбыстардың өзара немесе орыс тіліндегі
ұқсас дыбыстарға салыстыра түсіндіруді айтамыз. Оның үлгісі төмендегідей:
Мұғалім алдымен айтылуы бұрыннан бар дыбыстың естілу барысын түсіндіріп,
ол дыбысқа ұқсас дыбыспен салыстыра отырып, қиын дыбыстың айтылуын –
естілу барысын жекелей және буын, сөз арасына салып анық еститіндей
тыңдатады, олардың естілудегі ұқсастық жақтарын, жасалу орындарындағы
(сөз басында, ортасында, соңындағы) айтылу ерекшеліктерін салыстырады.
Мысалы, А дыбысын біз әрдайым естіп жүрміз. Асан, Алик, Ажар – бұл
есімдерде А дыбысы анық естіліп тұр. Ал, қанеки, мына есімдерде қандай жаңа
дыбыс естіледі. Тыңдап көріңдер. Әсет, Кәмшат, Әсем, Жәмила. «Әсет» сөзін
айтқанда Ә дыбысы созылыңқы естілетіні, «Кәмшат» сөзін айтқанда Ә қысқа
айтылатыны, «Жәмила» сөзінде екі Ә дыбысы бар екендігі, бірақ бірінші
Ә дыбысы созылыңқы, екіншісі болар-болмас естілетіні, яғни дыбысталудағы
барлық өзгешеліктер салыстырыла түсіндіріледі. Осылайша О дыбысына
Ұ, У дыбыстарын, Ө дыбысына Ү, У дыбыстарын, Қ, Ғ дыбыстарына
К, Г дыбыстарын, ал Н дыбысына ң және тағы да Ғ, һ дыбыстарын салыстыру
тиімді екендігін тәжірибе көрсетіп келеді.
Артикуляциялық әдіс деп жекелеген дыбыстың жасалу орнын көрсету
мен түсіндіруді айтамыз. Орыс тілінде айтылуындағыдай қазақ тілінің әрбір
дауысты дыбысы дыбыстау мүшелерінің дұрыс қызметіне байланысты екендігі
балаларға алдымен өз тілдерінде түсіндіріледі. Барлық дыбыстардың жасалу
орындарын көрсету мүмкін емес, қазақ тіліндегі көмей дыбыстарының жасалу
орындары тілік картиналардан көрсетуге де болады. Төменде тәрбиешілер орыс
тіліне аударып қолдануа болатын дыбыстың жасалу орнына берілетін
түсініктеме беріліп отыр: «А дыбысы – ашық, тілдің алдының кең ашылуымен
жасалады. Тіл ауыз қуысында еркін орналасқан, ал ұшы тістің қызыл етіне
тиер-тимес қалыпта. Бұл дыбысты біз күнделікті айтып жүрміз. Ал Ә дыбысы
А дыбысына қарағанда ауызды азырақ ашу арқылы жасалады, бұл дыбыс
айтылған кезде тіл бұрынғы орнынан алға қарай жылыстайды. Қараңдар,
тіліміздің ұшы алдыңғы тістердің төменгі жағына жақындай түсіп, ал тілдің
артқы шені сәл жоғары көтеріледі, ал еріннің шеткі жақтары артқа қарай
жиырыла түседі». Осылайша түсіндіру балаларға әр дыбыстың айтылуы жасалу
орнына байланысты екені туралы түсінік береді, үйреніп отырған жаңа
дыбыстың дұрыс айтылуына назарларын аудартады. Сол сияқты Ө дыбысының
О дыбысына ұқсастығын түсіндіруде екеуінің де алдыңғы еріндік дыбыстар
Достарыңызбен бөлісу: |