Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет18/57
Дата19.11.2018
өлшемі1,48 Mb.
#21482
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57

 
41 
ІІІ ТАРАУ 
СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫН МЕҢГЕРТУ 
 
Қандай  да  көркем  мәтін  мазмұны  дыбыстау  нормаларын  сақтамай 
оқылғанда  толық,  түсінікті  қабылданбайды.  Балаларды  тәрбиелеушілер  мен 
мұғалімдер  тарапынан,  тіпті  баланы  еркелету  мақсатында  дыбыстарды  бұзып 
айтатын  үлкендер  тарапынан  сақталмауы  дыбыстық    тәрбиеге  кері  ықпалын 
тигізіп,  бала  тілінің  сөз  ішінде,  сөз  тіркесі  арасында  және  тіркесаралық 
дыбыстарды  айтуда  қателер  жіберуге  әкеледі.  Мектеп  жасына  дейінгілердің 
дауыс аппараттарын жолға қою отбасында, балабақшада алдымен көзделуі тиіс. 
Бұл  мақсатқа  жету  үшін  дыбыстарды  анық  айтқызуға  бағытталған  қарапайым 
артикуляциялық 
жаттығулар 
қолданылады. 
Сөз 
дыбыстарын 
дұрыс 
артикуляциялауға  үйрету,  яғни  дикцияны  қалыптастыру  жұмысы  сөздің 
дыбысталуындағы  қиындықтарға  орай  «ерте  онтогенез»,  «орташа  онтогенез», 
«кейінгі  онтогенез»  делініп  келетін  [45]  дыбыс  түрлерімен  тіл  жаттықтыру  
жаттығуларынан  тұрады.  Ерте  онтогенез  дыбыстарына  а,  ә,  о,  ө,  ы,  і  дауысты 
дыбыстары,  м,  б,  п,  б,  д,  и,  г,  ғ,  к,  қ,  х,  ц,  с,  з  дауыссыз  дыбыстары;  орташа 
онтогенз дыбыстарына ұ, ү,  у; меңгерілген дауыссыздарды қатаң-ұяңға жіктеу, 
дауыстыларды үндендіру жатады; кейінгі онтогенез дыбыстарға тілдің алдының 
көтерілуін қажет ететін р, с, ш, н, ң, ж, щ дыбыстары есепке алынады. 
Алғашқы  қатардағы  дыбыстарды  еліктеу  әдісі  арқылы  2-3  жастағы 
балалармен  жүргізу  керек.  Қазақ  тілін  үйретуде  3  жастағы  балаларға    ерте 
онтогенез    дыбыстардан  тұратын  сөздер  беріледі.  Атап  айтқанда,  апа,  бала, 
ойыншық,  тәте,  машина,  доп,  текше,  әже,  ата,қыз,  ат,  қой,  ешкі,  қоян,  т.б. 
сөздері  беріледі.  Бұл  дыбыстар  ашық,  анық  айтылу  үшін  фонетикалық 
жаттықтырулар  мен  жаңылтпаштар,  кіші-гірім  ойын  өлеңдерді  қайталатып 
айтқызумен басталып, екінші кезекте кейінгі жылдарға дейін, қалған онтогенез 
деңгейлері  бойы  осы  әдістер  жалғастырыла  береді.  Осы  әр  түрлі  онтогенездік 
деңгейлері  қазақ  тілін  енді  үйрене  бастаған    балаларда  аралас  келеді. 
Бағдарламалық  жүйе  бойынша  сөздер  мен  тіркестерде  айтылуы  қиындық 
тудыратын  дыбыстардың  аралас  берілуі,  қазақ  тілінің  жоғары  топтарда  ғана  
үйретіле  бастауы  балалармен  барлық  дыбыстарды  нормаға  сай  айтуға  арнайы 
фонологиялық жаттықтыруды көздейді. 
Мысалы,  орташа  онтогенез  дыбыстардан  тұратын  мұғалім,  қыз  бала,  ұл 
бала,  үлкен  ата,  үлкен  шар,  құлақ,  ,  аяқ,  қол,  қыз,  күн,  бұзау,  түйе,  күз,  т.б, 
кейінгі онтогенез дыбыстарға тәрбиеші, аспаз, меңгеруші, маңдай, мұрын , қас, 
кірпік,  бет-аузың,  маңдайың  делініп  сөйлеуде,  өлең-тақпақтарда  берілетін 
айтылуы  қиындық  туғызатын  дыбыстар  тіркесі  түрліше  фонетикалық  ойындар 
арқылы бекітіледі. 
 
1. Қазақ тіліне тән  дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету 
Тіл  дыбыстарына  жаттықтыру  жұмысы  қазақ  тілі  сабағының  бір  бөлігі 
ретінде  жиі  ұйымдастырылып  тұрады.  Ол  сабақ  мазмұнына  және  сол  сабақта 
үйретілетін  жаңа  сөздің  дыбыстық  ерекшелігіне  қарай  жоспарланады.  Қазақ 


 
42 
тіліне  тән  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  үйретуде  балаларды  тілдің  дыбыстық 
мәдениетіне тәрбиелеуді көздейтін басты үш міндет жүзеге асырылады.  
Бірінші  міндет  –  баланың  дыбыстарды  дұрыс  естуін  қалыптастыру. 
Мысалы,  алғашқы  сабақта  үйретілетін  амандасу  сөзін  4  жастағы  басқа  ұлт 
баласына:  «Сабаққа Кәмшат деген қыз келді. Қане, қызбен амандасайық!» деп, 
«Сәлем, Кәмшат!» деген амандасудың жеңіл түрін беру керек. – Мынау кім? 
 –  Мынау  бала.  –  Бала  қайда?  –  Бала  балабақшада.  Беріліп  отырған 
сөйлемдердегі  ы,  і,  қ  дыбыстарының  естілуіне  назар  аудару  үшін  балаларға 
сұрақ  пен  жауапты  өз  интонациясында  қайталатып,  айтылуы  қиындау    жаңа 
дыбыстарды өздеріне тапқызу керек. 
Екінші міндет – әрбір жаңа дыбыстың жасалу орнын байқатып, 
түсіндіру. Тіл үйретуші еріннің, тістің, көмейдің, тілдің қатысуымен жасалатын 
дыбыстарды өзінің артикуляциялық аппаратымен таныстыру арқылы немесе 
кестеден көрсетеді, бірнеше рет балалардың өздеріне айтқызып жаттықтырады. 
Үшінші 
міндет 
– 
дыбыстық 
мәдениетке 
жаттықтырудың 
практикалық  тәсілдерін  қолдану.  Әр  дыбысқа  лайықталған  арнайы 
фонетикалық жаттығуларды, ойындарды буында, сөз ішінде, сөз тіркесінде алып 
ұйымдастыру. 
Балабақша  тәрбиешілері  мен  сәбилермен  сабақ  жүргізетін  қазақ  тілі 
мұғалімдері  баланы  қазақ  тіл  мәдениетіне  бейімдеуі  үшін  орыс  және  қазақ 
тілдеріндегі  артикуляциялық  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтарды  жақсы 
білулері керек. Қазақ алфавитіне орыс тілінде бар 33 әріп және қазақ тіліне тән 9 
әріп  енгізілген.  Олар ә, ө, і, қ, ғ, қ, һ, ұ, ү әріптері. Дыбысталуы жағынан бұл 
әріптерге ұқсас сыңарлары орыс тілінде де бар, екі тілдегі ы дыбысының айтылу 
ерекшелігінде  айырмашылық  бар.  Тіл  үйретушінің  бұл  орайда  ескеретіні 
мыналар болуы керек: 
1. Дауысты дыбыстардың жасалуы кезінде ерін екі тілде өзгешелеу қызмет 
атқарады:  қазақ  тіліне  қарағанда  ерін  орыс  тіліндегі  дауыстыларды  жасауда  аз 
қатысады. 
2.  Орыс  тілінде  дауыссыз  дыбыстар  біркелкі  еріннің  (м,б,п)  немесе  ерін 
мен тістің (в,ф) қатысуымен жасалса, қазақ іліндегі төл сөздерде ерін мен тістің 
қатысуымен жасалатын дауыссыздар жоқ. 
3. Орыс тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жасалуы кезінде көбінесе тілдің 
алдыңғы бөлігі қатысса, ал қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарының (қ,ғ) жасалуы 
кезінде тілдің артқы бөлігі де қатысады. 
4.  Қазақ  тілінде  тілшік  (бөбешік)  тілдің  артқы  жағымен  қосылып,  мұрын 
жолды  дауыссыз  дыбыстарды  (м,  н,  ң)  жасайды.  Кішкене  тілшіктің  таңдайға 
қарай  жиырылуы  арқылы  ң  дыбысы  жасалады.  Негізінен  тіл  арты  мен  көмей 
дыбыстары  қазақ  тіліне  тән,  олар  осы  тілдің  дыбыстық,  фонетикалық 
ерекшелігін көрсетіп тұрады. 
5.  Орыс  тілінде  сөйлегенде  дауыс  шымылдығы  қазақ  тіліне  қарағанда  аз 
тербеліс  жасайды,  осыған  байланысты  барлық  ызың  дауыссыздар  қатаңға 
айналып кетіп жатады. Ал қазақ сөзіндегі з, ж дыбыстары өз қалпын сақтайды. 
6.  Қазақ  тілінде  сөз  құраушы  дыбыстар  болып  дауысты  дыбыстар 
есептеледі. Өйткені олар басқа дауыссыз дыбыстардың сипатына, сапасына әсер 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау