35
Алмақ-салмақ,
Көкке самғап,
Біз әткеншек тебеміз.
Қос қанатты
Ғарышкердей
Көкке жетсін төбеміз.
Ғ) иронияда дауыс бәсең, бірсыдырғы қарқынмен айтылады. Келеке
ретінде айтылған сөз ирония делінеді. Халықтық жыр-өлеңдерде,
мазақтамаларда ирония көп ұшырасады.
Нәйім, нәйім бауырсақ,
Ағын суға шомылсақ,
Жақсы бала-малсақ,
Жаман бала-жансақ, немесе
Жұматай, Жұматай!
Беті-қолын жумай,
Шай ішіп отыр, ұят-ай!
ғ) дамытуда дауыс ерекше көтеріңкі, күшті екпінмен айтылады: оқиғаны
күшейіп айту дамыту (градация) деп аталады. Ө.Тұрманжановтың «Өс, өс,
ұлан!» атты өлеңін бой сергітуге, табиғат аясында қолданғанда мәтінді жай,
жеңіл дауыспен айта бастап, дауысты зорайта, үдете отырып жалғастырту,
қимылға келтіртудің маңызы баланы поэзияға, табиғатқа құмарта түспек.
Сау болсын десең
Он екі мүшең –
Ерте тұр!
Құлақ түр!
Тыңда сыр...
Жапырақтар жырлар,
Гүлдер сыбырлар.
Күн нұрын күт!
Таза ауа жұт!
Жүгір,
Селмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып...
Нұрға сылан,
Болып қыран
Өс, өс, Ұлан!
Өс, Ұлан!
3. Келесі қарастыратынымыз – ритм (дауыс ырғағы). Балаларға қазақ тілі
тақырыптарына байланысты таңдалған мәтіндегі сөйлемнің дауыс ырғағын
білдірудің пайдасы көп. Шығарманы оқығанда, айтқанда белгілі сөздерден кейін
дауыс аз бәсеңкіреп, кідіріс жасалып, кейде бәсең, кейде көтеріңкі болып
36
айтылған дауыс толқынын ырғақ дейміз. Мысалы, мына бір өлең жолдарын
алып қарайық:
«Әлияны тербетіп,
Әжесі отыр әндетіп.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әйбатсың-ау Әлия-ай.
Әзір титтей сәбисің,
Әжеңді әзер танисың.
Әлі-ақ тәй-тәй жүресің,
Әр нәрсені ілерсің.»
Үзінді Е. Өтетілеуовтің «Әріптер сыры» өлеңінен алынды. Бірінші тармақ
әженің бесік тербеткен қалпында жайбарақат ырғақпен оқылады. Екінші тармақ
бесікті тербету әуеніне әже мейірімі қосылады, тармақ еркелету, таңдану
тембрінде айтылады. Ал үшінші тармақ балаға сенім білдіру, оған үміт арту
үнінде, бірақ баланы ұйықтату ырғағында болу керек. Дауыс ырғағының
созылып, әлди әнінің жүйесіне салынып айтылады. Кейде дауыс ырғағын
осылай дұрыс қойып айтқызу, қыз балалардың қуыршақты ұйықтатқанда
анасындай ыстық сезімге берілуіне күшті әсер етудің бір тәсілі болып саналады.
Сондықтан ырғақты дұрыс қоя білу қазақ тілі материалдарын толық меңгертуге
септігін тигізеді;
4) Дауыстың тембрі (дауыстың құбылуы) – дауыстың әр түрлі шығуы.
Жоғарыда келтірілген мәтіндегідей дауыстың құбылу ерекшеліктерін дауыстың
тембрі дейміз. Тембр әрбір адамның табиғи дауысының көрінісі мен сапасын
білдіреді. Бірақ дауыс үнемі бір қалыпты тұра бермейді, белгілі жағдайға
байланысты өзгеріп тұрады. Тембр – мәнерлі оқудың негізгі тәсілі. Әрбір
нәрсенің дауыс тембрі сол нәрсенің іс-әрекеттеріне байланысты берілгені жөн.
Мысалы, ертегі мысалдарындағы қасқырдың даусы дөрекі, жуан тембрмен,
қоянның даусы әлсіз, нәзік, жіңішке тембрде оқылады.
Мәнерлеп оқу үшін дем алудың дұрыс болуымен қатар дауыстың естілуі,
үнділігі мен жуан-жіңішкелігі, әуені, музыкалылығы да өте қажет. Сөзді
айтқанда өкпеден шыққан ауа кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан
тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не
мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді, дыбыс, үн, екінші сөзбен айтқанда,
дауыс пайда болады.
«Мәу-мішім-ау, мәу-мішім,
Тышқандарға «дәу» мішін.
Жатып алдың пырылдап,
Жалқаулықтан саумысың?»
Ә. Табылдиевтің «Мысыққа» арналған осы шақыру, еркелету өлеңінің
алдыңғы екі жолы жұмсақ дауыспен, соңғы екі жолы ескерту лебізінде
айтылады.
37
Дауыс айтылуына, құлаққа естілуіне қарай: дауыс күші, биіктігі,
қарқыны, әуені деп бөлінеді. Дауыс күшінің мынандай компоненттері өлеңде
ерекшеленіп тұруы қажет: а) Оқығанда дауыстың құлаққа қатты не жай, жуан
не жіңішке, әлді не әлсіз естілуі; ә) Дауыс биіктігі дауыстың не көтеріңкілігі, не
бәсендігі; б) Дауыс қарқыны дегенде, жылдам не орташа немесе баяулығы;
в)Дауыс әуені дегенде, қатқыл немесе жұмсақтығы.
Оқуда дауыстың осы құбылыстары ескерілуі тиіс, мұның өзі мәтін
табиғатына қарай дауысты түрлендіріп оқу мәнерін арттыруға мүмкіндік
береді.Оқығанда дауыс бастан-аяқ бір қалыпта болмайды.
Көзі
Өзі,
Басы,
Қасы,
Бірақ жоқ
Аузында
Тісі.
Бұл кім?
Аяғы,
Қолы,
Кіші.
Өзіме
Ұқсайды
Түсі.
Бөтен? (басын шайқап)
Жо-жо-жооқ!
Бұл-менің бөпем.
Ж. Смақовтың «Бөпем» атты осы өлеңі мейірімді үнмен қуыршақтың
әрбір мүшесіне қатысты сөзге логикалық екпін түсіріліп оқылып, мәпелеп қолға
ұстап тұрған бөпесін балаға еркелету, соңына қарай ескерте сөйлеу
ерекшеліктері үйретілуі керек.
«Балаға оқып бермес бұрын онымен ойнап көріңіз, өлеңнің ырғағын
сезініп көріңіз және оны беріп ( айтып) көріңіз, кідірісті дұрыс қоя біліңіз, яғни
дауыс кідірісін өлең талап ететін жерге жасай біліңіз!» дейді кеңес берушілер
[41]. Тіпті прозалық мәтіндерді оқығанда да дауыстың, үннің өзгертіле ширақ
айтылуы дұрыс. Мысалы, хабарлы сөйлемді оқығанда дауыс көтеріңкі болып
басталады да, бірте-бірте баяулай келіп, сөйлем соныңда бәсеңдейді. Ал
сөйлемнің айтылу мақсаты өзгерсе, оған сұрақ,тілек, өтініш, жалыныш, бұйрық
мағынасы қосылса, сөйлемнің құрамы күрделенсе, сөйлем мүшелерінің орын
тәртібі өзгерсе, айқындауыш мүше мен оқшау сөздер араласса, олардың оқылу
әуені, дауыс ырғағы мен жылдамдығы, интонациясы өзгереді.
Дауыс күшіне қатысты мынаны айтуға болады. Әдетте құр айқай, қатты,
ащы немесе таза дауыс, жұмсақ үн деген сипаттамаларды жиі естиміз. Мұнда
дауысты саралап жіктеушілік бар. Өйткені дауыстың кез келгені тыңдаушы
үшін мәнсіз нәрсе емес. Сондықтан оқығанда, сөйлегенде тыңдаушының
талабы ескеріліп отырады. Бұл үшін дыбыстың жасалу заңдылықтарын
Достарыңызбен бөлісу: |