Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет24/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65

Азайтқыш  немесе  субстрактивтік  араластырудың  мәні  сіңіру  арқылы 
жарық  ағынынан  оның  қандай  да  бір  бөлігін  алып  тастау.  Субстрактивтік 
процес  жарықтың  материалдық  денемен  әрекеттескенде  ғана  жүзеге  асады, 
мысалы,  бояуды  араластырғанда,  ақ  жарықты  бояу  үшін,  жарықтық 
фильтрлерін  қолданғанда,  жартылай  мөлдір  бояу  қабаттарын  жаққанда 
(лессировкалау),  яғни  жарықтың  шағылысу  мен  өткізілуінің  барлық  түрлері 
үшін.  Кез-келген  хроматикалық  дене  (бояу,  сүзгі  және  т.б.)  «өз»  түсінің 
сәулелерін  шағылыстырады  (немесе  өткізеді)  және  өзінің  түсіне  қосымша 
түстерді  сіңіреді.  Теориялық  жағынан,  шеңбердің  барлық  түстерін 
субтрактивтік  араластыру  арқылы  алу  үшін  үш  түс  -  көгілдір,  қызылкүрең 
және  сары  (cyan,  magenta,  yellow)  -  жеткілікті.  Іс  жүзінде,  түстер  әдетте 
жеткілікті түрде қанықпаған болады (бұл баспа басылымының технологиялық 
ерекшеліктеріне  байланысты),  сондықтан  үш  негізгі  түске  қара  (бlack) 
қосылады. Түстерді алудың бұл әдісі CMYK режиміне сәйкес келеді (қара  К 
әрпімен белгіленеді, көк түспен сәйкестік болмау үшін). 
Түстерді  субтрактивтік  әдіспен  алуға  алты  сатылы  түсті  шеңбер  сәйкес 
келеді.  Бірін  бірі  толықтыратын  түстер  осы  шеңбердің  диаметрлерінде 
орналасқан.  Бұл  түстердің  үш  жұбы:  қызылкүрең  -  жасыл,  қызғылт  сары  - 
көгілдір, сары - күлгін. 
 
 
                
ТҮСТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Түстерді  ажырату  үшін  олардың  жарықтығы  өте  маңызды.  Бұл  қасиет, 
тіпті  хроматикалық  түстерді  көрмейтін  тіршілік  иелеріне  әлемнің  жарық 
көрінісіне  бейімделуге  мүмкіндік  береді.  Адамның  көзі  жарықтықтың  өте 
үлкен  тербелісінде  жұмыс  істей  алады.  Көздің  түрлі  жарық  жағдайларына 
бейімделуі  бейімделу  деп  аталады.  Күндізгі  және  кешкі  бейімделу  кезінде 
түстердің  көрінуі  басқаша.  Солай,  күндіз  қызыл  түс,  көк  және  күлгіннен 
айқынырақ  көрінеді,  ал  кешке  қарай,  керісінше,  қызыл  қарайланып,  көк  түс 
ашығырақ көрінеді. 
Көзбен  қабылданатын  спектралды  түстердің  жарықтығы  түс  реңіне 
байланысты. Егер біз ақ түсті спектрлі түстердің үстіне салып, барлық негізгі 
түстердің  сәулелерінің  энергиясын  өлшерсек,  тең  мәндер  алынады,  яғни 
физика тұрғысынан, спектрдегі барлық түстердің жарықтығы бірдей. Көрнекі 
түрде,  спектрлік  түстердің  жарықтығы әртүрлі  бағаланады:  ең жарқын  сары, 
ең  қараңғы  -  қызыл  және  күлгін  болыып  көрінеді.  Көзбен  қабылданатын 
спектралды  түстердің  жарықтылығы  көріну  деп  аталады.  Түстердің  әртүрлі 
көрінісі биологиялық мақсатқа сай. Бұл бір-бірінен түстерді жақсы ажыратуға 
мүмкіндік береді. Жасыл жапырақтардың шағылысу спектрі көріну қисығына 
ұқсас. 
Көздің  түс  реңкіне  сезімталдығы  әртүрлі  болады  және  спектрдегі  түс 
орнына  байланысты  болады.  Адамның  көзі  спектрдің  ортаңғы  бөлігіндегі 
түстерді  жақсырақ  ажыратады:  көгілдірден  қызғылт  сарыға  дейін.  Түстің 
өзгеруін көру үшін, толқын ұзындығын 1-2 нм өзгерту жеткілікті. Қызыл және 
күлгін  аудандарда,  сезгіштік  шегі  күрт  артып,  ондаған  және  жүздеген 
нанометрлерге жетеді. 
 
          68 
 3.2. 


 
Түсті реңк жарықтың әртүрлі жарықтылығы кезінде әртүрлі қабылданады. 
Осылайша,  жарықтығын  төмендеткен  кезде,  көрінетін  спектр,  монохромды 
болып  шықпас  бұрын,  үш  түрлі  түске:  қызыл,  жасыл  және  күлгін  көк  түске 
дейін  барады.  Дәл  осылай,  жарықты  азайтқан  кезде,  боялған  беттердің  түсі 
қабылданады:  тек  негізгі  түстер  көрінеді,  олардың  арасында  ауысулар 
жоғалады. Түстердің, олардың жарықтығын азайытқан кездегі, өзгеруі Эбней 
әсері деп аталады. 
Түстердің  қанықтылығын  қатты  азайтқан  және  олардың  жарықтылығын 
жоғарылатқан кезде, түсті реңктің жылжуы болады,  Бецольд—Брюкке әсері 
деп аталады. Ақ түсті спектрлі түстерге қосқанда, қызғылт сары және қызыл 
сарыға айналады, көк және күлгін көгілдір түске айналады. Басқаша айтқанда
спектр  екі  топқа  бөлінгісі  келетіндей  көрінеді  -  сарыға  және  көгілдірге.  Сол 
сияқты  көрініс,  өте  күшті  жарықтылық  кезінде,  мысалы,  оңтүстік  ендіктегі 
жарқын күн, сондай-ақ бояу қанықтылығының біршама төмендеуі, мысалы, су 
ерітіндісінде, орын алады . 
Түсті  қабылдау,  сонымен  қатар,  дақтың  бұрыштық  өлшемдеріне 
байланысты.  Көлемі  азайған  кезде  (0  °  10  '-  0  °  20'  дейін)  оның  түсі  қызыл 
немесе  жасыл-көк  түске  ауысады.  Көк,  жасыл  және  қызылкүрең  нашар 
көрінеді. Егер дақ 0 ° 10-дан аз болса, оның түсі ахроматикалыққа ауысады: 
сары және жасыл-көк түстер ақ түске айналады, қызыл және көк -қараға. 
Түстің  көрінетін  сипаттамалары,  дәл  солай  хроматикалық  бейімделу 
әсерінен  өзгереді;  яғни,  берілген  түсті  жеткілікті  ұзақ  байқау  кезінді,  көздің 
сезімталдығының  төмендеуі.  Осылайша  барлық  түстердің  қанықтылығы, 
оларға  сұр  түсті  қосқандай,  төмендейді,  ашық  түстер  қоюлау  болып,  қара 
түстер  ашықтау  болады,  жылы  түстер  (қызғылт  сары,  сары,  қызыл) 
«суықтайды»  және  суық  түстер  (көгілдір,  көк,  күлгін)  «жылиды».  Түс 
бақылаушымен  тым  ұзақ  бақыланса,  онда  хроматикалық  бейімделу  түстік 
шаршау  деп  аталатынмен  ауыстырылады.  Нәтижесінде,  түс  сезімі  қатты 
өзгеруі  мүмкін.  Осылайша,  байқаушы  қызыл  және  жасыл  түстерді 
шатастыруы  мүмкін.  Зертханалық  жағдайларда  спектрлік  түстердің  тиімді 
жарықтығы  (ашықтылығы)  теңестірілгенде,  сары  ең  аз  шаршату  әсеріне  ие 
болады,  содан  кейін  спектрдің  шеттеріне  қарай  түстің  шаршату  әсері  күрт 
артады. Дегенмен, табиғи жағдайларда, түстің шаршату әсері оның мөлшеріне 
пропорционалды. 
Өз 
кезегінде 
түстің 
мөлшері, 
түстің 
реңкіне, 
жарықтылыққа,  қанықтылыққа,  түстік  дақтардың  бұрыштық  өлшемдеріне, 
түстік  контрасты  мен  бақылау  уақытына  байланысты.  Басқа  да  тең 
жағдайларда,  қызыл  және  қызғылт  сары  –  жарықтың  ең  көп  мөлшеріне  ие 
болады, ең азына - көк және күлгін. 
Көрнекі сезімнің маңызды ерекшелігі - түстік индукция құбылысы. Түстік 
индукциясы - басқа түстерді бақылау әсерінен түс сипаттамаларының өзгеруі, 
оңайырақ  -  бұл  түстердің  өзара  әсер  етуі.  Түсті  индукцияның  екі  түрі  бар: 
теріс  және  оң.  Теріс  индукция  кезінде  екі  өзара  әрекеттесетін  түстің 
сипаттамалары кері бағытта өзгереді. Мысалы, егер ашық түсті дақ пен қара 
түсті  дақты  салыстырсақ,  онда  ашық  түс,  шын  мәніндегісінен  ашығырақ 
болады, ал қара - қараңғырақ. Оң индукция кезінде, түстердің сипаттамалары 
біріктіріледі.  Қай  индукция  болады  -  оң  немесе  теріс  -  түстер 
сипаттамаларының айырмашылығына байланысты. Егер айырмашылық  
 
 
69 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау