Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет17/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

51 

 

риалдар арқылы бала мектепке дайындалады деген қорытынды-



ға  келеміз.  Бағдарламаның  мемлекеттік  құжат  екенін  ескерсек, 

аталған бөлімдер толықтыруларды қажет етеді. 

“Мектеп  жағдайында  6-7  жастағы  балаларды  мектеп-

алды  даярлау  бағдарламасында”  (1999)  мәнерлеп  оқу,  әңгіме 

оқу, балалардың шығармашылық әңгімесі қарастырылған бөлім-

нің  міндеттерінде  ауыз  әдебиеті  арқылы  балалардың  сөйлеу  ті-

лін  дамытуға  назар  аударылған.  Осы  бағдарламада  айнала  қор-

шаған  ортаны  тану  мен  тіл  дамыту  бөлімдері  арнайы  қарасты-

рылмаған. 

Осы кезге дейін қолданылып келген бағдарламалар тала-

бын жүзеге асыруда тәрбиешілер үшін берілген оқу-әдістемелік 

кешендердің  (әдістемелік  нұсқаулар,  диафильмдер,  көрнекілік-

тер,  т.б.)  мәні  зор.  Жаңа  қолданып  келген  оқу-әдістемелік  нұс-

қаулардың  қатарында  Б.Баймұратованың  (1976)  “Мектеп  жа-

сына  дейінгі балалардың  байланыстырып  сөйлеу  тілін дамыту” 

атты  әдістемелік  нұсқауын  атауға  болады.  Мұнда  балалардың 

байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдері мен әдістері, 

балалардың  байланыстырып  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру 

жолдары  жан-жақты  талданған.  Онда  автор  негізгі  әдістер  қа-

тарына бақылау, әңгімелесу, топсаяхат, лексикалық жаттығу, ло-

гикалық  сөздік,  шығармашылықпен  әңгіме  құратуды  жатқыза-

ды.  Сонымен  қатар  осы  зерттеушінің  авторлығымен  “Мектеп 

жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы” (1991) (2-

6 жас аралығы) атты әдістемелік нұсқауы да жарық көріп, онда 

тіл  дамыту  сабақтарының  үлгілері,  оны  ұйымдастыру  әдістері, 

мақсаттары, сабақтың толық жоспарлары келтірілген. Көп жыл-

ғы  зерттеу  нәтижесіне  және  алдыңғы  қатарлы  тәжірибелерге 

сүйеніп, әдістемелік нұсқауында автор байланыстырып сөйлеуді 

арнайы  ұйымдастырылатын  сабақтар  барысында  жүзеге  асыру-

ды қарастырады. Баланы сөйлей білуге жаттықтыру тәрбиешінің 

берген сұрақтарына жауап ала отырып, оқиғаның себебін анық-

тап, баланың ойлау, жүйелі сөйлеу қабілетін біртіндеп жетілдіру 

мақсатын көздеген. Сондай-ақ, осы әдістемеде баланың тілін да-

мытып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруде айналадағы өмірді 

бақылату жұмысын екі әдіс тұрғысынан пайдалануды ұсынған.    



52 

 

Біріншісі  –  баланың  өмір  шындығын  қабылдап  түсінуі. 



Бұл бақылату жұмысында іске асады. Осының нәтижесінде түр-

лі заттар мен өмір құбылыстары туралы айқын елес қалады. 

Екіншісі – заттар мен өмір құбылысын нақтылай түсінді-

ріп,  бақылатып  көрсету.  Мұндайда  тәрбиеші  адамдардың  өмір 

тіршілігі, еңбек процесі, өлі және тірі табиғат ерекшелігі туралы 

әңгімелеп беріп, жүйелі түрде салыстыра көрсетіп таныстырады. 

Әрбір  сабақты  өмірмен  байланыстырып,  көрнекі  құралдарды 

тиімді пайдаланып, айналадағы қоршаған дүние жөнінде айқын 

елес, нақты ұғым, түсінік қалыптастыруға

 болатынын дәлелдеген.  

Б.Баймұратова  зерттеу  жұмысымыздың  тақырыбына 

байланысты  байланыстырып  сөйлеуді  тіл  дамытумен  бірге  қа-

растырады. Сондай-ақ зерттеуші-ғалым айналадағы өмірмен та-

нысуды  жалпы  түрде,  көркем  әдебиет  шығармаларын  оқумен 

байланыста жүргізген. 

Келесі 


әдістемелік 

нұсқау 


– 

А.Асқарбаева, 

Қ.А.Аймағамбетова,    Ұ.Ботабаевалардың    “Айналадағы  дүние-

мен таныстыруы” (1984). Алты жастан бастап оқытатын мектеп-

тердің даярлық және бірінші сыныптарына арналған сабақ жос-

парлары.  Авторлар  ұжымы  нұсқауда  өздерін  қоршаған  ортадан 

алғашқы  ұғым  беруді,  балалардың  өздерін  қоршаған  нақты 

объектілерді  көздеріне  көрсетіп,  олардың  түр-түсін,  бүкіл  қа-

сиеті  мен  қажеттілігін жас  ерекшелігіне  сай  таныстыруды  мақ-

сат  еткен.  Айналадағы  дүниемен  таныстыру  сабақтарының  не-

гізгі  түрінің  бірі  серуен,  саяхат,  мақсатты  топсаяхат  екенін  ав-

торлар ескере келе, үлгі жоспар ұсына отырып, әр жұмыс түрін 

шығармашалықпен  дамытуды  тәрбиешілер  мен  мұғалімдерге 

жүктейді.  Сонымен  бірге  балаларды  айналадағы  дүниемен  та-

ныстырудың  дидактикалық  қағидасының  ең  негізгі  мақсаты  – 

берілетін ұғымның нақты болуы, көрнекілігі, өмірмен байланыс-

тылығы  деп,  тәрбиешілердің  өз  жұмыстарында  қолданылатын 

әдіс-тәсілдерді  тиімді  ұсынғанын  атап  өткен.  Келесі  нұсқау 

Г.А.Карбушеваның  “Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 

Қазақстанмен таныстыру” (1984) деп аталады. Автор орыс тілді 

балабақшаларға арналған әдістемелік нұсқауда тәрбиелеу, білім 

беру жұмысында қазақ халқының өнерін, сазын, сәндік қолдан-




53 

 

балы өнерін, әдебиетін, қазақ билерінің элементін енгізуді ұсы-



нады. Бағдарламаның мазмұнына сәйкес, негізгі міндеттерді жү-

зеге  асыру  үшін  қоғамдық  өмір  туралы  түсінік  қалыптастыру, 

табиғат,  көркем  әдебиет,  бейнелеу  өнері  және  музыка  деп  бөл-

ген. Қазақстан табиғаты туралы түсініктерін қалыптастыру тура-

лы  пікірінде  автор  жыл  мезгілінде  табиғат  аясында  бір  жерге 

топсаяхатқа бірнеше рет апарғанда әр жыл мезгілінің басты өз-

герістерін балалардың (өзен, көл, тау, т.б.) бақылауына жеңілдік 

туғызатынын айтады. 

Талдаған  әдістемелік  нұсқауларда  байланыстырып  сөй-

леу  тілін  дамыту  және  айналадағы  дүниемен  таныстыру  жеке-

жеке зерттелген.  

Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту мәселесін 

кеңес  жылдарында  Е.И.Тихеева,  Е.А.Флерина,  Е.К.Водовозова 

О.И.Соловьева,  Ф.А.Сохин,    В.И.Логинова,  А.М.Бородич, 

Г.М.Лямина,  т.б.  ғалымдар  қарастырды.  Е.И.Тихеева  баланың 

тілі оның жеке басының дамуымен байланысты, бала тілі белгілі 

әлеуметтік  және  қоршаған  ортада,  әлеуметтік  байланыстар  мен 

іс-әрекет негізінде жүзеге асады деп көрсетеді. Автор “Мектепке 

дейінгі  бала  тілін  дамыту”  деген  еңбегінде  балалардың  сөздік 

қорын  дамыту,  байланыстырып  сөйлеуге  үйрету  мәселелеріне 

көбірек көңіл бөлді. 

Балаларды  байланыстырып  сөйлеуге  үйретуде  бақылау 

сабақтарын жиі ұйымдастыру қажеттігін баса көрсетіп, бақылау 

сабағы барысында  балалардың сөйлеуіне ерекше мән  беру  тәр-

биешінің басты міндеті екенін айта келіп, Е.И.Тихеева төменде-

гідей талаптар ұсынады: 

-  баяндау, әңгімелеу кезінде бала негізгі тақырыптан ал-

шақ кетпеуге тиіс; 

-  бақылаған,  түсіндірілген  тақырып  бойынша  баланы 

қорытынды пікірге жеткізуі керек; 

-  әңгімелеу  кезінде  балалардың  өздері  бір-біріне  сұрақ 

қойып дағдылануы керек; 

-  берілген  жауаптарды  бағалауға  балалардың  өздерін 

қатыстыру қажет. 




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау