Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет56/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   192

      Ескертпе. Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде 
тұрмаған төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi 
іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-
фактура танылады.
 
      280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу
 
 
 
 
 
       1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде қосылған құн 
салығын төлеушінің көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға 
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру 
жөніндегі талабын бұза отырып, шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазуы – 
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген 
қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем 
емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада 
көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік 
көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-
фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық 
есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында 
белгіленген мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген 
қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем 
емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада 
көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік 
көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-
фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық 
есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген 
қосылған құн салығы сомасының алпыс пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем 
емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада 
көрсетілген қосылған құн салығы сомасының жетпіс пайызы, бірақ алпыс айлық есептік 
көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-
фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының сексен пайызы, бірақ сексен айлық 
есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 280-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.12.2015
 № 432-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      281-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін
 
                қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай
 
                өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген
 
                түрлерін өндіруді және олардың айналымын
 
                мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
 
      1. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарын 
ресімдеу, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін декларациялау 
қағидаларын бұзу, сол сияқты биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, 
ілеспе жүкқұжаттарын, сондай-ақ мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген 
түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды ұсынбау не уақтылы ұсынбау 

 


      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын 
мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
 
      1) темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді 
уәкілетті органға ұсынудан бас тарту немесе анық емес ақпаратты беру, сол сияқты өндіріс 
паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде 
күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
 
      2) темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында, Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін жабдықта өндіру;
 
      3) лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру 
жөніндегі қызметті жүзеге асырмау түрінде жасалған бұзушылық -
 
      тиісті қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 
бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 
тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен 
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналымы 
шарттарын:
 
      1) этилдендiрiлген бензиннің және (немесе) қанықпаған мұнай өнiмдерiнің айналымы, 
сондай-ақ оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың одан әрі өңдемей сақтауы;
 
      2) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы;
 
      3) өндірушілер мен мұнай берушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай 
өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі;
 
      4) бақылайтын есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
 
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен 
бағаларда темекі бұйымдарының айналымы (экспорттан басқа);
 
      6) мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан дала 
жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы 
мақсатындағы жерден тыс орындарда өткізу;
 
      7) құрамында металл қосындылары бар (дизель отынына арналған статикаға қарсы 
қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) мұнай өнімдерін жеке және 
(немесе) заңды тұлғалардың айналымға салуы;
 
      8) мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме 
сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің 
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз (БЕА) не БЕА-
дан айналып өтіп өткізуі және (немесе) жөнелтуі;
 
      9) мұнай базаларының, резервуардың меншік иелерінің мұнай өнімдерін өткізу және 
(немесе) кейіннен өткізу мақсатында сақтау үшін бір уақытта екі және одан да көп жеке 
(немесе) заңды тұлғаларға жалға беруі;
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау