Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет28/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   192

басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін төмендетпеуі 

 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) 
он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпелер.
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) деп:
 
      1) осы баптың үшінші бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық 
бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған кірісі 
(түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған 
кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;
 
      2) осы баптың төртінші бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің алған кірісі 
(түсімі) мен шекті баға деңгейі негізге алына отырып қалыптастырылған кірістің 
(түсімнің) арасындағы айырма;
 
      3) осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: реттелетiн нарық субъектiсiнiң алған кірісі 
(түсiмi) мен көтерілгенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар 
салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган 
деңгейiн айқындаған баға бойынша есептелген кірістің (түсiмнің) арасындағы айырма 
түсiнiледi.
 
      2. Кіріс (түсiм) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама 
жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны 
да енгiзілуі керек.
 
      167-бап. Реттелетін нарық субъектісінің баға белгілеу
 
                тәртібін сақтамауы
 
      Реттелетін нарық субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін 
нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген баға белгілеу 
тәртібін сақтамауы –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт 
жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 167-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 
№ 312-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      168-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық
 
                бағдарламаны орындамауы
 
      Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін 
нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық 
бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы –
 
      тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында 
пайдаланылмаған сомалардың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      169-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және
 
                айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын
 
                бұзу
 
      1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын 
сатып алуға арналған квота нормаларын асыруы –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
үш жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз жетпіс айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      асырылған квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және 
биоотынды өндіру жөніндегі қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, шағын 


кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз тоқсан, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Биоотын өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде 
пайдалану –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі 
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Құрамы техникалық регламенттерде белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды 
сату –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш 
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Денатуратталмаған биоэтанолдың, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе биоотынның 
басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдейтін зауытқа жеткізу жағдайларын қоспағанда, 
айналымын жүргізу –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш 
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Биоотын өндіретін нақ сол зауытта екі және одан да көп биоотын өндірушілердің 
биоотын өндіруді жүзеге асыруы –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіру паспортынсыз, биоотын өндіру көлемін 
есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың ақауы болған кезде өндіруі –
 
      осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 
бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      8. Биоотын өндірушілердің генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын 
немесе құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар тамақ шикізатын 
бұлардың қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз және бұларды мемлекеттік тіркеуді 
жүргізбестен қабылдауы –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз қырық айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      9. Биоотын өндірушілердің биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей өткізуі –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – екі жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз он айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды 
қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін 
компаундтеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды өткізуі – 
 
      биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      11. Биоотын өндірушілердің өндірілген биоотынды, тиісті құжаттары болған кезде 
биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын 
тұлғаларға оны сақтау үшін беруі –
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау