биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
12. Тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын
нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге
лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы –
биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде
көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған
әрекеттер –
биоотынның тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі
жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне
– екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
170-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен
жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және
(немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу жөніндегі
мәліметтерді ұсынбауы, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып
ұсынуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында
белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді
сақтамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.04.2016
№ 506-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
3. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында
белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе)
өткізу тәртібін бұзу –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттің шикі және (немесе) тауарлық газды сатып
алуға артықшылықты құқығын бұзуы –
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
5. Газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің тауарлық газбен жабдықтаудың
бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне
ортақ меншік құқығындағы үлестерді және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай
жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу
үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын бұзуы –
заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің тауарлық газбен
жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық
режимдерін сақтамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет –
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды
тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) отыз
пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бұзу –
аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде көрінеу анық емес
ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-
ақ аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік
жауаптылыққа тартуға әкеп соқтырған аккредиттеу қағидаларын бұзушылықтарды жоймау –
аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп
әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан
Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім)
арасындағы айырма түсініледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
170-бапты 10, 11 және 12-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 28.04.2016
№ 506-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
171-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай
өнімдерін, тауарлық газды және сұйытылған мұнай
газын өткізудің шекті бағаларын асыру
1. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу
туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті
бағасынан асыруы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Тауарлық газды немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге
асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау
туралы заңнамасына сәйкес белгіленген көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы –
Достарыңызбен бөлісу: |