2) төтенше жағдай режимi бұзылған кезде және төтенше жағдай кезiнде құқықтық
тәртiптi бұзуға итермелейтін iс-әрекеттер кезінде – төтенше жағдай жарияланған жердiң
комендатурасы мен әскери патрульдер;
3) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимi бұзылған немесе терроризмге қарсы
операцияның жариялануына байланысты белгiленген талаптар орындалмаған кезде –
терроризмге қарсы операцияға белгiленген құзыретi шегiнде қатысатын лауазымды адамдар;
4) Осы Кодекстің 726-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің лауазымды адамдары қарайтын әкімшілік құқық
бұзушылықтар не осы Кодекстің 804-бабы бірінші бөлігінің 44) тармақшасына сәйкес бұл
жөніндегі істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалатын әкімшілік
құқық бұзушылықтар анықталған кезде – осы қызметтің лауазымды адамдары;
5) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қолсұғушылықпен байланысты
құқық бұзушылықтар жасалған кезде – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери
қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерi,
әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;
6) балық қорғау органдары, аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк
қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аңшылық шаруашылығы органдары
сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар бұзылған кезде – осы органдар;
7) көлiк бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар бұзылған
кезде – осы органдар;
8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлерi мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын жүргiзушiлер немесе
басқа да адамдар жол жүрісі қағидаларын бұзған кезде – әскери полицияның лауазымды
адамдары;
9) табиғат қорғау заңнамасы бұзылған кезде – қоршаған ортаны қорғау және табиғи
ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану
саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары;
10) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларында құқық
бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық
бағыныстылығына сәйкес – мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары;
11)
алып тасталды - ҚР 06.04.2016
№ 484-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында
(теңiзiнде) және iшкi суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия
шарттарының бұзылуына, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулердi жүргiзу
қағидаларының бұзылуына, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларының
бұзылуына, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын, аумақтық суларын (теңiзiн)
және iшкi суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды
талаптарының орындалмауына немесе оның жүзеге асырылуына кедергi келтіруге байланысты
континенттiк қайраңда, аумақтық суларда (теңiзде) және iшкi суларда әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар жасалған кезде – мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, геология және жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау
жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;
13)
алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі);
14) егер құқық бұзушылық күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде жасалса – Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;
15) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату
барысында құқыққа қарсы әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған кезде – сот
приставтары жүргізе алады.
Ескерту. 787-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
(01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016
№ 484-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
788-бап. Әкiмшiлiк ұстап алудың тәртiбi
1. Әкiмшiлiк ұстап алу жөнiнде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi,
уақыты (минутына дейінгі дәлдікпен) және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі
және аты-жөні; ұстап алынған адамның жеке басы туралы мәлiметтер; ұстап алынған уақыты,
орны және оның негiздерi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұстап
алынған тұлға қол қояды. Ұстап алынған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда,
бұл жөнінде хаттамада жазба жазылады. Ұстап алу туралы хаттаманың көшiрмесi әкiмшiлiк
құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамға тапсырылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнiшi бойынша
өзінің қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ
қорғаушысы дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның
ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.
3. Әскери қызметшіні немесе әскери жиындарға шақырылған азаматты әкімшілік ұстап
алу туралы әскери комендатура немесе ұстап алынған адам әскери жиындарды (әскери
қызметті) өткеретін әскери бөлім дереу хабардар етіледі.
4. Ұстап алынған адамға осы Кодексте көзделген оның құқықтары мен міндеттері
түсіндіріледі, бұл жөнінде әкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба жазылады.
5. Ұстап алынған адамға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеу әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудегі елеулі бұзушылық болып табылады және
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұстап алынған адам оны ұстап алуға негіз
болған мән-жайлар жойылған кезде дереу босатылуға жатады.
7. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдар арнайы бөлiнген, санитариялық талаптарға
сай келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгi болмайтын үй-жайларда
ұсталады.
8. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамдарды ұстау жағдайларын, осындай адамдарды
тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк
органдары айқындайды.
9. Өздеріне қатысты әкімшілік ұстап алу қолданылған кәмелетке толмағандар ересек
адамдардан бөлек ұсталады.
789-бап. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк ұстап алу осы Кодекстiң 785-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол
жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
Ұстап алынған адамның бас бостандығы ұстап алған адамға қандай да бір процестік
мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдер орындалуына қарамастан, шын мәнінде
шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстап алу мерзімінің басталуы
болып табылады. Масаң күйдегі адамға қатысты әкімшілік ұстап алу мерзімі – медицина
қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi. Нақты ұстап алу
уақытынан бастап үздіксіз есептелетін үш сағаттың өтуі осы мерзімнің аяқталу кезі болып
табылады.
2. Күзетілетін объектілерге заңсыз кіргені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасы режимiн, шекара режимін және кедендік режимдi немесе Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк шекарасы және Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі
режимдi бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы,
аумақтық суларындағы (теңiзiндегi) және iшкi суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық
Достарыңызбен бөлісу: |