Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет127/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   192

      2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді 
тасымалдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың қауiптi заттектермен немесе 
нәрселермен жасалатын операцияларды тиiстi құжаттарда тiркеу жөнiндегi мiндеттердi 
орындамауы, бұрыс жазулар енгiзу немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды 
көрсетуден заңсыз бас тарту –
 
      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттектерді немесе нәрселерді тасымалдау қағидаларын 
бұзу –
 
      көрсетілген заттектер мен нәрселер тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршруттық таксиде жарылу қаупi бар 
заттектерді немесе нәрселерді алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе 
сақтау камерасына тапсыру –
 
      үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      622-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті
 
                пайдалану қағидаларын бұзу
 
      1. Трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе 
таксиді пайдалану қағидаларын көлік құралының тепкішектерінде және басқа да шығып тұрған 
бөліктерінде тұрып жол жүру, жүрген кезде кіру және шығу, есіктердің ашылуына және 
жабылуына кедергі келтіру, кесіп кететін нәрселерді тиісті қаптамасыз алып жүру, сондай-
ақ салонды және жолаушылардың киімдерін былғайтын нәрселер мен заттарды тасымалдау 
түрінде жасалған бұзушылық –
 
      бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару – екі айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 622-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.05.2015 
№ 312-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      623-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру
 
      Жолаушыларды билетсiз алып жүру:
 
      1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде –
 
      сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      3) халықаралық қатынастағы поездарда –
 
      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде –
 
      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде –
 
      алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде –
 
      алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      9) трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста және 
маршруттық таксиде –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
 
      10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және 
ауданішілік қатынастағы автобуста –
 


      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      624-бап. Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын
 
               (билеттердi) сатуды, олардың қолданылу мерзiмiн
 
                ұзартуды және билет кассаларының жұмысын
 
                ұйымдастыру қағидаларын бұзу
 
      Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды, олардың қолданылу 
мерзiмiн ұзартуды және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бұзу –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      625-бап. Темiржол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде
 
                жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын
 
                бұзу
 
      1. Жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы составты, контейнерлердi, жүзетін және 
басқа көлiк құралдарын, сондай-ақ тасымалдау бейімдеме құрылғыларын бүлдiру –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, 
трюмдердiң және жүзетін құралдардың басқа да жүк салатын орын-жайлардың пломбалары мен 
бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен 
олардың қаптамасын, пакеттердi, жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн 
пайдаланылатын жүк аулаларының, темiржол станцияларының, жүк автомобильдерi 
станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен 
қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң 
(алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң 
және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      626-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету
 
                жөнiндегi қағидаларды бұзу
 
      1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын 
жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың қаптамасын, пакеттердi, сондай-ақ әуе 
көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын 
қоймалардың қоршауларын бүлдiру –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын 
бүлдiру –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      627-бап. Тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар
 
                мен жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу
 
      Осы Кодекстiң 333, 334, 590, 610, 612, 617, 619-баптарында көзделген қағидаларды 
қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты пайдалану 
қағидаларын бұзу –
 
      жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      628-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп
 
                өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу
 
      Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы 
төлемеу –
 
      жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      629-бап. Көлiк құралдарын басқаратын жеке тұлғалардың
 
                пайдалану және жол жүрiсi қағидаларын үнемі
 
                бұзуы
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау