жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады
деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстап алу үшін
көлік құралдарын
алып қоюға кедергі келтіру;
6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын
жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі келтіру;
8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды
және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және
пайдалануындағы тұрғын және өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе
жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі келтіру;
10) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және
улы заттармен сауданы шектеу
немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнім айналымының ерекше режимін
орнату бөлігінде орындамау -
қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жиырма
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 477-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015
№ 343-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
478-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті
бұзуға итермелейтiн әрекеттер
Құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн немесе ұлттық және дiни алауыздықты
қоздыратын
әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды
адамдардың өздерiнiң заңды
құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi келтіру, сол сияқты қоғамдық
тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындайтын iшкi
iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметшінiң, билiк немесе
жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау не қоғамдық
тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер, сондай-ақ төтенше жағдай
жарияланған жерде жасалған әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманы бұзу
–
қырық айлық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке
дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен
жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар
туралы хабарламау
Істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының
және басқа да адамдардың қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал
еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған
шаралар туралы хабарламауы
–
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
480-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау
туралы заңнамасын бұзу
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк
қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы –
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер
–
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiккке
дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
481-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде,
арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым
салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын
адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік
ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ
өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып
беру немесе кез
келген тәсiлмен беруге әрекеттену
–
ескерту жасауға немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып
табылған зат тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер
–
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене
отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке
дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
482-бап. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз
иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып
жүруi, тасымалдауы
1. Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың
патрондарын, сол
сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi
4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау,
алып жүру, тасымалдау –
қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде
қайталап жасалған әрекеттер -
қару тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Ескертпе. Заңсыз сақталған қаруды өз еркiмен тапсырған тұлға, егер оның
әрекеттерiнде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкiмшiлiк жауаптылықтан
босатылады.
483-бап. Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды
қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу,
пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау,
оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
1. Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың
айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық
заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану,
тасымалдау,
олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы –
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене
отырып, жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне
қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу
орындарынан тыс жерлерде және (немесе) қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық
бұйымдарды сатып алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзу –