Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет34/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61

 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1. Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа 
дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған 
жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де 
тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстің 
54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
жол берілмейді. 
 
       2. Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және 
одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды 
 
 ұсынса, жоқ қызметкерді алмастыру жағдайларын қоспағанда, жұмыс беруші оның 
жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының 
 
мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған 
күнге дейін ұзартуға міндетті.
 
      
Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      186-бап. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын 
 
                жұмыстар 
 
      1. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес 
әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. 
 
      2. Әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті қолмен 
көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады. 
 
       3. 
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      187-бап. Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар басқа 
 
                да адамдардың еңбегі мен тынығу режимінің 
 
                ерекшеліктері 
 
      1. Жұмыс берушінің жүкті әйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және 
мереке күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды іссапарға жіберуге, 
сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға құқығы жоқ. 
 
       2. Жұмыс берушінің: 
 
       1) жеті жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жеті жасқа дейінгі 
балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды; 
 
       2) егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесі 
медициналық қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға мұқтаж болса, отбасының ауру 
мүшелеріне күтім жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерді 
жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, сондай-ақ 
іссапарға және вахталық әдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге құқығы жоқ. 
 
      188-бап. Баланы тамақтандыруға арналған үзілістер 
 
      1. Тынығуға және тамақтануға арналған үзілістерден, ауысымішілік және арнайы 
үзілістерден басқа, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа 
дейінгі балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап алушыларға) баланы 
(балаларды) тамақтандыру үшін жұмыстың кемінде әрбір үш сағаты сайын: 
 
       1) бір баласы бар болғанда - әрбір үзіліс кемінде отыз минут; 
 
       2) екі немесе одан да көп баласы бар болғанда - әрбір үзіліс кемінде бір 
сағат болатын қосымша үзілістер беріледі. 
 
       2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметкердің өтініші бойынша баланы 


 
(балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған 
үзілістерге қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымының) басында немесе 
аяғында беріледі. 
 
       3. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына 
кіреді. Үзілістер уақытында әйелдердің (әкелердің, асырап алушылардың) орташа 
жалақысы сақталады. 
 
      189-бап. Әйелдерге және отбасылық міндеттері бар басқа 
 
                да адамдарға толық емес жұмыс уақытын белгілеу 
 
      Жұмыс беруші жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар ата-ананың (асырап 
алушының) біреуінің, сондай-ақ отбасының ауру мүшесіне медициналық қорытындыға 
сәйкес күтім жасайтын қызметкердің жазбаша өтініші бойынша оларға толық емес жұмыс 
уақыты режимін береді.
 
      
Ескерту. 189-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      190-бап. Жүкті әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебін 
 
                қолдануды шектеу 
 
      Егер жұмыс күнінің ұзақтығы сегіз сағаттан асатын болса, жүкті әйелдерге 
жұмыс уақытының (жұмыс ауысымының) жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді. 
 
      191-бап. Жүкті әйелдерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыру 
 
      Жұмыс беруші медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орташа жалақысын 
сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын 
басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті.
 
      Жүкті әйелге қолайсыз өндірістік факторлар әсерін болдырмайтын басқа жұмыс 
берілгенге дейін, әйел осының салдарынан өткізіп алған барлық жұмыс күндері үшін 
жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан 
босатылуға тиіс.
 
      
Ескерту. 191-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      192-бап. Жыл сайынғы ақылы демалыс кезектілігін 
 
                белгілеу кезінде әйелдерге берілетін кепілдік 
 
      Әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың 
алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен 
соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. 
 
      193-бап. Жүктілікке және босануға байланысты 
 
                демалыс 
 
      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, әйелдерге 
жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс 
күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі 
немесе одан да көп бала туған жағдайда - жетпіс) күнге дейін өтініші және 
белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағы негізінде демалыс 
беріледі. 
 
       2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге 
босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі 
жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі. 
 
      Ескерту. 193-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.12.19 
N 9 
(2008.01.01 бастап 
қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      194-бап. Жаңа туған балаларды асырап алған 
 
                қызметкерлерге берілетін демалыс 
 
      Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың 
біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау