Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет31/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61

 
қолданысқа енгізіледі), 2009.05.05. 
N 159-IV 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-
баптан 
қараңыз), 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 
2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
   14-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ  
 ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  
      160-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды 
 
                (зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері 
 
      1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы 
Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. 
 
       2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық 
жауапкершілігі нақтылануы мүмкін. 
 
       3. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты 
тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық 
жауапкершіліктен босатуға әкеп соқпайды. 
 
      161-бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтіргені 
 
                үшін материалдық жауапкершілігі басталатын 
 
                жағдайлар 
 
      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал 
(зиян) үшін материалдық жауапкершілігі, егер осы Кодексте және Қазақстан 
Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық 
(әрекет немесе 
 
 әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін және құқыққа қарсы кінәлі 
мінез-құлық пен келтірілген залал (зиян) арасындағы себепті байланыс үшін 
басталады. 
 
       2. Жұмыс беруші қызметкер алдында: 
 
       1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы 
келтірілген залал үшін; 
 
       2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін; 
 
       3) қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін 
материалдық жауаптылықта болады. 
 
       3. Қызметкер жұмыс берушінің алдында: 
 
       1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал 
үшін; 
 
       2) қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін 
материалдық жауаптылықта болады. 
 
       4. Қызметкер мен жұмыс беруші ұжымдық шартта, еңбек шартында белгіленген 
басқа жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады. 
 
      162-бап. Жұмыс берушінің қызметкерге оны еңбек ету 
 
                мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген 
 
                залал үшін материалдық жауапкершілігі 
 
      1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, 
еңбек шартының талаптары біржақты өзгертілген, қызметкер жұмыстан шеттетілген, 
еңбек шарты негізсіз бұзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің алмай қалған 
жалақысы мен оған 
 
 тиесілі өзге де төлемдерді оған өтеуге міндетті. 
 
       2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен 
келісілген актілерінде қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы 
келтірілген залалды жұмыс берушінің өтеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі мүмкін. 
 
      163-бап. Қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін 
 
                жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі 
 


 
      Қызметкердің мүлкіне залал келтірген жұмыс беруші оны еңбек шартының, ұжымдық 
шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде өтеуге міндетті. 
 
      164-бап. Қызметкердің өміріне және (немесе) 
 
                денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс 
 
                берушінің материалдық жауапкершілігі 
 
      1. Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және 
(немесе) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген 
зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге 
міндетті. 
 
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкерде сақтандыру төлемдері 
болмаған кезде толық көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс 
беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы 
өтеуге міндетті. 
 
      3. Жұмыс берушілердің қызметкерлердің өміріне және (немесе) денсаулығына 
келтірілген зиянды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 
 
      165-бап. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені 
 
                үшін материалдық жауапкершілігі 
 
      1. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені үшін материалдық 
жауапкершілігі осы Кодексте көзделген жағдайларда және мөлшерде басталады. 
 
       2. Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге 
міндетті. 
 
       3. Егер залал еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті 
қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің сақталуы үшін 
тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан 
туындаған болса, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін жауапкершілігі 
жойылады. 
 
       4. Қызметкерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы 
мүмкін залал үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді. 
 
       5. Жұмыс беруші қызметкерлердің қалыпты жұмысы және оларға сеніп тапсырылған 
мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. 
 
       6. Тікелей нақты залал деп жұмыс берушінің бар мүлкінің азаюы немесе аталған 
мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта 
болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушіде жатқан мүліктерінің) жай-күйінің 
нашарлауы, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлікті сатып алу немесе қалпына келтіру үшін 
шығындалуына не артық төлем төлеуіне деген қажеттілігі түсініледі. 
 
      166-бап. Қызметкердің материалдық жауапкершілігінің шегі 
 
      Қызметкер келтірілген залал үшін, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өзінің 
орташа айлық жалақысы шегінде материалдық жауаптылықта болады. 
 
      167-бап. Қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал 
 
                үшін толық материалдық жауапкершілікте болу 
 
                жағдайлары 
 
      Мынадай: 
 
       1) қызметкерге толық материалдық жауапкершілікті өзіне алу туралы жазбаша 
шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз 
етілмеген; 
 
       2) қызметкер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да 
бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 
 
       3) алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) 
жағдайда залал келтірілген; 
 
       4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды 
әзірлеу кезіндегіні қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау