КазГосЖенпу – один из старейших вузов Республики Казахстан, первое высшее учеб ное заведение для деву­ шек, осуществляет подготовку вы со ко квалифицированных кад ров по всем отраслям об­ щест венной жизни страны



жүктеу 16,94 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата19.11.2018
өлшемі16,94 Mb.
#20657
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Біз де сіздей боламыз!

Ал академиялық ұтқырлық дегеніміз 

не? Бұл – еліміздегі кез келген жоғары оқу 

орнында оқып жатқан білім алушының оқу 

орнын, оқу бағдарламасын, профессор-

оқытушыны еркін таңдауына мүмкіндік 

беру, оқу кезеңінің аралығында білім 

алушының белгілі бір оқу бағдарламасын 

еліміздегі немесе шет елдегі жоғары оқу 

орнында игеруге жағдай жасау.

Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық 

екі бағыт бойынша жүзеге асуда. Сыртқы 

(халықара лық) және ішкі (ұлттық) акаде-

миялық ұтқырлық. Сыртқы ака демиялық 

ұ т қ ы р л ы қ   б і л і м   а л у ш ы д а р д ы ң   ш е т 

елдердегі жоғарғы оқу орындарында оқуы, 

сонымен қатар зерттеуші-оқытушылардың 

шетелдік білім беру немесе ғылыми ме-

кемелерде жұмыс жүргізуді білдіреді. 

Ішкі академиялық ұтқырлық деген білім 

алушылардың оқуы және зерттеуші-

оқытушылардың қазақстандық елдердегі 



Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жоғары оқу 

орындарының қызметін жоғары білім берудің әлемдік үлгісіне 

сәйкестендіріп, академиялық ұтқырлықты қалыптастыру негізгі міндеттердің 

бірі ретінде көрсетілген. 

Аталмыш жоба Қыздар университетінде де қарқынды даму үстінде. Жоғары білім 

берудің Еуропалық кеңістігін құраушы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің 

басты ұстанымы Болон декларациясының қағидаларын басшылыққа алу болып 

табылады. 

С т у д е н т т е р   г а з е т і

№2 (06)


30 маусым

2015 жыл


s t u d e n t t e r _ g a z e t i @ m a i l . r u

Академиялық ұтқырлық 

студент үшін маңызды 

жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеуі. 

Ұтқырлықтың негізгі мақсаты – оқушыға 

өзі таңдаған мамандық бойынша 

көпжақты білім алуына мүмкіндік беру.

Аталмыш бағдарламаның оқу 

үрдісі  бойынша Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогика лық университетінің 

студенттері де білімдерін жетілдіруде. 

Мәсе лен, 2011-2012 оқу жылда рында 

ҚазМемҚызПУ-дың 5 студенті Түркия 

елінің Нийде университетінде білім 

алып қайтты. Сондай-ақ, академиялық 

ұтқырлық бағдарламасымен 2012-2013 

оқу жылдары Ұлы британияның Лондон 

Менедж мент және Ғылымдар Академия-

сына 10 студент, 2013-2014 оқу жылдары 

1 семестр көлеміне 8 студент жіберілді. 

2013-2014 оқу жылдары осы оқу үрдісімен 

2 магистрант Миссисипи мемлекеттік 

университетінде және 2 семестрде Түркия 

елінің Нийде университетінде 1 маги-

странт білімдерін шыңдады. 2014-2015 оқу 

жылында да  осы бағдарламамен 3 студент 

Нийде университетінде білім алды.

Бұл – Қазақ мемлекеттік қыз  дар 

педагогикалық  уни вер си теті  мемлекет 

басшы сы  Н.Ә.Назарбаев тың  «Қа  зақ стан  – 

2050»  стратегия сын да:«Біз  Қазақстан 

қыз да ры ның  сапалы  білім  алып, 

жақсы жұ мысқа ие болуы 

және тәуелсіз бо лулары үшін 

барлық жағдайды жа сауымыз 

қажет» деп ерекше атап өткен жоспа-

рын жүзеге асырып жатқандығының 

дәлелі. Академиялық ұтқырлық 

бағдар ламасы бойынша білімдерін 

жетілдірген студенттердің саны жыл 

сайын үсті-үсті артып келеді. Қазақ, 

орыс тілдерімен қатар, ағылшын, 

түрік тілдерін еркін меңгерген сту-

денттер шетелдік оқу орындарында 

үнемі тағылымнамадан өтеді. Со-

нымен қатар, Қыздар университетінің 

қосдипломды түлектерінің саны жыл 

сайын артып келеді. Былтырғы оқу жы-

лында 2 студент қос дипломға ие болса, 

биылғы жылы олардың қатарына 5 студент 

пен 1 магистрант қосылды.

Ұстаздық – адамзат дамуының қай 

кезеңінде болсын қажеттілігін жой-

майтын, киелі мамандық. Болашақ 

мұғалімдерді ғана емес, ұрпақ тәрбиелейтін 

тұлғаларды дайындап жатқан киелі қара 

шаңырағымыз қашанда мәртебелі болсын!

Гүлім САДЫРБЕК,

Студенттік медиа клуб мүшесі

Әрбір шәкірт өз ұстазынан 

тә лім алады. Қыздар универси-

те тінің  қабыр ғасында  кәсіби 

ұстаздардан сапалы білім, саналы 

тәрбие алып отырмыз. «Ұстазсыз 

шәкірт – тұл» деген. Ұс таз дық 

қыз метті адал атқаратын оқы-

ту шы лардың  арасында  фило-

софия ғы лымдарының канди-

даты Қарлығаш Шаймұратқызы 

Нұрмұхаметованың есімін ерекше 

атап өткім келеді. Шәкірт ал-

дында адалдығымен, әділдігімен 

ерекшеленетін Қар лығаш Шай-

мұ ратқызы  дәріс  оқы ған да  тың-

даушысының алдында шынайы-

лы ғымен, жақсы қасиетімен өзіне 

тарта білетін ұстаздың бірі. 

Шәкірттерінің бойына білім-

нің шыңына жетуге ықпалын 

бере білетін дарынды ұстаз – сту-

денттерге өмір баспалдағының әр 

сатысына көтерілуге, қиындыққа 

мойымай өту керектігін үйретіп, 

осы жолда әрбір тыңдаушысына 

білімін, ақыл-кеңесін аямайтын 

шын жанашыр, жол бастаушы. 

Болашақта ұстаз боламын деген 

біз үшін ұстаз тұлғасы осындай. 

Ал Қарлығаш Шаймұратқызын 

т ә ж і р и б е с і   м о л ,   п а р а с а т -

ты жан, өз ісін жақсы білетін, 

жастарды, әдептілікке, ұлттық 

құндылықтарға бағыттайтын 

мұғалім деп айтуға болады. 

С т у д е н т т е р м е н   қ а р ы м -

қатынаста көбіне олардың өзіндік 

дамуларына жақсы әсерін бере 

алады. Бүгінгі жаһандану зама-

нында дамудың биік көкжиегінен 

көрінгісі келген кез-келген 

мемлекеттің өсіп өркендеуінің, 

бәсекеге қабілетті болуының ең ба-

сты ошағы – ұстаз берген білімде. 

Ал ұстаздың негізгі құралы, әрине, 

беретін – сабағы. «Сабақ скрип-

ка аспабы секілді: онымен жай 

гаммаларды ойнауға немесе Па-

ганинише саусақ ұшын сымға 

жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн 

шығаруға да болады» деген тәмсіл 

бар. Дәл сол сияқты әр сабағын 

ғажайып әуенге толы скрипа 

үніндей құбылтып, тыңдаушы 

оқытушының әдептілігіненен 

сабақ қабылдайды. Тіпті дәріс 

барысында орынды қалжыңды 

қолдануы, сөз саптауы біздерді 

ұстаздық мамандыққа қызықтыра 

түседі. Осы кісіге қарап ұстаздық 

ж о л д ы   т а ң д а ғ а н ы м ы з ғ а   е ш 

өкінбейміз. Әрбір студент дәрістен 

алған білімінің нәтижесінде 

логикалық ойлау қабілетін дамы-

тып, өз бетінше шығармашылық 

әрекеттер жасауға дағдыланады. 

Білім беруші мен білім алушының 

арасында тығыз байланыстар бо-

лып, студент өзінің білім қорын 

үнемі ұлғайтып отырады. 

Хәкім Абай «Адам баласы 

адам баласынан ақыл, ғылым, 

ар, мінез деген нәрселермен оза-

ды»  деген.  Оқытушы мыз дың 

бізге берген білімімен бір са тыға 

жоға рылағанымызды  әр дайым 

сезінеміз. Осы ретте Қарлығаш 

апай «Мен берген біліммен 

шектеліп қана қоймай, жан-жақты 

ізденіп, тың жаңалықтардан құлағ-

дар болып, үйреніп, өз білімдеріңді 

толық тырып, сөйлеу мәдениеттін 

дамытып отырыңдар. Өздеріңізді 

ғылымға бағыттаңыздар» деген 

сөздерімен ынталандырып оты-

рады.

Қыздар университетінде 



тәлім-тәрбие беретін оқыту-

шылардың кәсіби біліктіліктері 

жоғары. Қыздарға қам қорлық та-

нытып, әрдайым ақыл-кеңестерін 

аямай, білікті маман болып 

шығуға көп еңбек сіңіріп жат қан 

ұстаздардың еңбегі далаға кет-

пейтіндігіне сенеміз. 



Әсел МЕДЕТОВА,

Педагогика және психология 

факультетінің 2-курс студенті 

Құжаттарын Психология жә-

не педа гогика факультетінің «Де не 

шынықтыру және спорт» маман-

дығына тапсырып жатқан сәтін көріп, 

бірден  Марияны әңгімеге тартқан 

едік.

«Қыздар университеті тура-



л ы   ә у е л і   ж а т т ы қ т ы р у ш ы м н а н 

толықтай мағлұмат алдым. Сосын 

өз көзіммен көріп, аралауға бел бу-

дым. Мұнда спорт кешені барлық 

керек-жарақпен қамтамасыз етілген 

екен. Жуырда бассейн де салынып 

бітетіні қатты қуантты. Көптеген 

үздік профессорлар сабақ береді. 

Оған қоса, бұл оқу ордасында әлем 

чемпионатында Қазақстанның туын 

көкке желбіреткен Майя Манеза 

білім алғанын білемін. Мен де алдағы 

уақытта жетістіктеріммен қуантамын 

деген үміттемін», – деді бізге берген 

сұхбатында Мария Николаевна.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, 

Алатау ауылында туып-өскен Ма-

рия бірінші сыныпты бітірісімен-ақ, 

спорт саласында өз бағын сынауды 

бастаған. Әкесі де, туған ағасы да 

спортқа жақын, тау шаңғы спортымен 

айналысатын жандар. Мария не-

бары 16 жасында «ҚР спорт шебері» 

атағын иемденген. 2009 жылы Ливан-

да 3 орынға алса, 2014 жылы Иранда 2 

және 3 орындарды қанжығасына бай-

лаған. Үстіміздегі 2015 жылы Кореяға 

барып, 2 орынға табан тіреді. Тізе бер-

се, же тіс тіктері біраз жерге баратын 

Мария Гри горованың мақсаты айқын. 

Ол – спорт алаңын да үнемі табысты 

болу, жеңімпаз атану. Қашанда қай 

елде болмасын мемлекетті танытатын 

екі көрсеткіш бар. Бірі – экономи-

касы, екіншісі – спорттағы жетістігі. 

Біз өз тарапымыздан қаршадай қызға 

сәттілік тілейміз. Киелі қарашаңырақ 

сенім білім нәрімен сусындатумен 

қатар, құрыштай шынықтырып, биік 

белестерден көрінуіңе зор ықпал 

ететіні сөзсіз.

А.ӨТЕЕВА

Мария өз 

таңдауына сенімді

20­маусым күні Қазақ 

мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті 

71­ші рет талапкерлерге 

құшағын айқара ашқан 

күні­ақ әр тараптан 

түлектер ағыла бастады. 

Солардың бірі емес, бірегейі 

Тау шаңғы спортынан спорт 

шебері Григорова Мария 

Николаевна болды. 

Өмірде әр адам өзінің таңдауы мен қалауына қарай белгілі 

бір маман иесі атанады. Оқу­ағарту саласын таңдаған 

жандар тумысынан ұстаздық қызметке бейім болып, бар 

жан­тәнімен беріліп, қабілет­қарымы шыңдалып, жылдар 

бойы жиналған тәжірибенің арқасында алдына келген әрбір 

шәкірттің болмыс­бітімін сезіне алады. Өз қызметінде шы­

найы мейірім мен адалдық танытқан ұстаз тәлімгерлерінен 

ізденімпаздықты, зейінділікті талап етеді.



жүктеу 16,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау