ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
11
мүгедек балалы әйелдерді (49,9 %) жатқызды. Ер
адамдар әлеуметтік тұрғыдан ең осал топқа
жұмыссыз әйелдерді (53,6 %), ал әйелдер мүгедек
әйелдерді (56,4 %) жатқызады. Ерлердің пікірі
бойынша еңбек ету арқылы ақша табудың мүмкін
еместігі әйелдердің осалдық дәрежесін арттыра
түседі. Ал әйелдердің пікірі бойынша мүгедек
немесе ауру бала осалдық дәрежесін арттыра
түседі. Жұмыссыздық мәселесі одан кейінгі
орында. Респонденттердің жас тұрғысынан
қарасақ, барлық топтың өкілдері денсаулықтың
болмауы немесе балалардың ауруға шалдығуы
әйелдерді әлеуметтік тұрғыдан осал етеді деген
пікірде. Әйелдердің әлеуметтік тұрғыдан осал
топтарын анықтауда жоғары және орта
білімділердің жауаптары өзара өте ұқсас. Жоғары
білімділер де, орта білімділер де бірінші орынға
жұмыссыз әйелдерді (54,3 %), екінші орынға
мүгедек әйелдерді (52,7 %) қояды. Қазақтар
жұмыссыз әйелдерді (53,9 %), ал орыстар мен
басқа этникалық топ өкілдері мүгедек әйелдерді
(59,9 %) ең осал топқа жатқызады.
Бөлім B. Саясат
B.13. Сіз әйелдерді саясатқа қатыстыру
қажет деп санайсыз ба?
58,3 %
22,7 %
Сауалнамаға қатысқандардың жалпы пікірін
саралайтын болсақ, олардың көпшілігі әйелдер
саясатқа міндетті түрде қатысу керек деп
есептейді. Бірақ респонденттердің 22,7 %
әйелдерге саясатқа араласудың қажеті жоқ деп
білсе, 19 % бұл сұраққа пікір білдірмеді. Бұдан
қазақстандықтар әйелдердің саясатқа араласуына
қарсы емес деген тұжырым жасай аламыз.
Пікірлер бөлісіне тұрғылықты өңірлердің әсері
барын байқауға болады: шет аймақтардағы
қалаларға қарағанда астана тұрғындары аталмыш
мәселеге көбірек толеранттылық танытады
(Астана - 69,2 %, Алматы - 63,25 %). Орал қаласы
тұрғындарының әйелдерді саясатта көргісі келетін
қалауы жоғары екендігін айта кету керек - 75,1 %.
Әйелдердің
саясатта
қажеті
жоқ
деп
санайтындардың басым көпшілігі Семей (31,4 %)
және Шымкент (30,6 %) қалаларында. Әйелдердің
саясатқа қатысуының қажет екендігіне ерлерге
қарағанда (49,3 %) әйелдер (64,5 %) сенімдірек.
Сонымен қатар әйелдерге (16,9 %) қарағанда
әйелдерді саясатқа тартудың қажеті жоқ деп
санайтын ерлер (22,3 %) көбірек. Басқа жастағы
топтарға қарағанда 18 - 30 жас аралығындағы
респонденттердің ішінде әйелдерді саясатқа
тартудың қажеттілігі жоқ деп санайтындардың
үлесі жоғары (26,8 %). Әйелдердің саясатпен
айналысуына жоғары білімі барларға (64,1 %)
қарағанда орта және арнайы орта білімі бар
азаматтар (50,4 %) көбірек шүбә келтіреді. Орта
және арнайы орта білімі бар респонденттердің
арасында әйелдерді саясатқа тартудың қажеті
жоқ деп санайтындардың үлесі басымырақ (24,2
%). Әйелдердің саяси белсенділігіне қатысты
белгілі бір пікірі жоқ респонденттердің үлесі де
айтарлықтай көп (45,9 %). Қазақ (56,5 %) және
басқа ұлттармен (51 %) салыстырғанда орыс
ұлтының өкілдері (67 %) әйелдердің саясатқа
араласуын көбірек мақұлдайды. Сондай-ақ бұл
мәселеге ауыл тұрғындарына (54,5 %) қарағанда
қалалықтар көбірек қолдау танытады (60 %). Ауыл
тұрғындарының арасында әйелдерді саясатқа
тартудың қажеті жоқ деп есептейтіндердің үлесі
көбірек (23,5 %).
B.14. Егер олай санасаңыз, не себептен?
Информанттар әйелдердің саясатқа араласуы
мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін
арттырады (39,5 %) және әйелдер Қазақстан
халқының көп бөлігін құрайтындықтан саясатқа
қатысуға міндетті (39,2 %) деген пікірде. Әйелдер
қоғамның өзекті проблемаларынан көбірек
хабардар деген пікірлегілердің үлесі де аз емес
(32,6 %). Бір де бір респонденттің «Басқа, атап
көрсетіңіз» деген жауап нұсқасы бойынша өзінің
жеке пікірін білдіре алмауы аталмыш мәселеге
қатысты пікірлер таптаурын сипатта және ол
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
12
жөнінде дұрыс қалыптасқан пікір жоқ деген
тұжырым жасауға итермелейді. Сонымен қатар
әйелдердің басым бөлігі (43 %) «Әйелдер саясатта
қажет,
өйткені
олар
ерлерге
қарағанда
айлалырақ әрі икемдірек» деп санайтынын баса
атап өту керек. Сондай-ақ ер адамдардың 38,2 %
әйелдер
саясатқа
араласса,
мемлекеттің
әлеуметтік саясатының тиімдірек болатындығына
сенімді. Әйелдердің саны көп болғандықтан олар
саясатқа араласу керек деп санайтын әйелдердің
үлесі 36,8 % құрайды. Жоғары білімді
информанттардың тек 11,8 %, орта және арнайы
орта білімі барлардың 12,9 % әйелдер қоғамның
өзекті
мәселелерінен
көбірек
хабардар
болғандықтан оларды саясатқа араластыру қажет
деп есептейді.
B.15. Егер олай санамасаңыз,
не себептен?
Респонденттердің көпшілігі (14,4 %) әйелдердің
саясатқа араласуының мүмкін еместігін аталмыш
кәсіпке отбасы мен ананың міндетін қосып
атқарудың үйлеспейтіндігімен байланыстырады.
Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 9,4
% саясат әйелдер үшін күрделі іс деп санайды.
Респонденттердің аз бөлігі (6 %) «Саясат – ерлер
патшалығы»
деген
көзқарасты
ұстанады.
Пікірлердің аймақтар бойынша бөлісі де
информанттарда саясат пен ана болу бір-біріне
үйлеспейді деген ойдың басым екендігін
көрсетеді. Мұнда әсіресе, саясатты «Лас іс, онда
әйелдерге орын жоқ» деп санайтын Шымкент (26
%) пен Астана (16 %) тұрғындарының пікірі
ерекше көзге түсетінін айта кету қажет. Саясат
әйелдерге жар және ана болуға мүмкіншілік
бермейді деп санайтын ерлердің үлесі (16,6 %)
әйелдерге (13,1 %) қарағанда көбірек. Сонымен
қатар саясат – әйелдер үшін тым күрделі іс деп
білетін ерлердің үлесі де (11 %) әйелдерге (8,4 %)
қарағанда жоғары. Жас санаты бойынша
нәтижелер де саясат әйелдерге арналған іс емес,
өйткені олардың аналық және отбасылық
міндетіне кедергі келтіреді деген пікірдің
басымдылығын көрсетеді. Бұл көзқарас әсіресе,
18 - 30 жас аралығындағылар (15,9 %) мен 60
және одан жоғары жастағы топ өкілдеріне (14,8
%) тән. Жауаптарды респонденттердің білім
деңгейіне қарай саралау жоғары білімі барлар
(11,7 %) мен орта және арнайы орта білімі
барлардың (18,6 %) ана міндеті мен саясатты
қалай ұштастыруға болатынын түсінбейтіндіктерін
көрсетеді. Саясат әйелдің отбасылық және
аналық қызметіне бөгет болады деген пікір орыс
ұлтына (7,3 %) қарағанда қазақ ұлты (15,6 %) мен
басқа ұлттар өкілдерінде (15 %) басымырақ. Ауыл
тұрғындарына (4,8 %) қарағанда қалалықтар (9,6
%) «Саясат – лас іс, онда әйелдерге орын жоқ»
екеніне сенімдірек. Ауыл тұрғындары әсіресе,
саясат әйелдің отбасылық және аналық қызметіне
бөгет болады деген пікірді көбірек қолдайды
(19,6
%).
Әйелдердің
саясатқа
араласу
мүмкіншілігіне
қатысты
қазақстандықтардың
ұстанған
мұндай
дәстүршіл
көзқарастары
түңілдіреді және қауіп шақырады. Әсіресе, 18 - 30
жас аралығындағы топ өкілдерінің пікірі ерекше
алаңдаушылық тудырады. Cондай-ақ ҚР гендерлік
теңдік стратегиясында екінші мақсат ретінде
қоғамдық-саяси өмірде және әйелдерді саясатқа
белсенді түрде араластыруда гендерлік теңдікке
қол жеткізу (әйелдер істері және отбасылық-
демографиялық саясат жөніндегі комиссияның
бастамасы
бойынша
әйелдердің
саяси
көшбасшылық клубтарының желісін құру) атап
көрсетілсе
де,
қазақстандық
саясаттағы
әйелдердің орнына қатысты жағдайда сапалы
өзгерістер байқалмайды.
B.16. Қазақстандық әйелдерді саясатқа
белсенді араластыру үшін қандай
шаралар ұсынар едіңіз?
Жауап нұсқаларын жалпы талдап қарастыру
респонденттердің басым бөлігінің (45,9 %)
әйелдерді саясатқа белсенді түрде тарту үшін
оларға саясат пен отбасын қатар алып жүруге
мүмкіндік беретін жеңілдіктер ұсынылуы қажет
және әйелдерге саяси басшылықты үйрету керек
(40,2 %) деген пікірде екендігін көрсетті. Келесі
біршама бөлігі әйелдердің саяси партиясын құру
қажет деп есептейді (33,8 %). 23,7 % жауап
ретінде
мәслихаттағы
және
Парламент