ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
9
білетіндер – басқа этникалық топтар өкілдері (2
%). Қаланың да (59,6 %), ауылдың да (64,7 %)
тұрғындарының көпшілігі бұл сұраққа жауап бере
алмады. Мұның алдында қойылған сұрақта біз
гендерлік теңдік стратегиясын білетіндердің
жоғары
үлесіне
қол
жеткізген
болсақ,
стратегияның нақты мақсаттарын көрсетуді
өтінген бақылау сұрағы респонденттердің басым
бөлігінің олардан бейхабар екендігін көрсетті.
A.9. Төменде атап көрсетілген
проблемалардың қайсыларын
ерлердікі деп атар едіңіз?
58,9 %
53,9 %
39,4 %
Респонденттер «жоғары деңгейдегі өлім-жітімді»
(58,9 %), «жүрек-қан тамыр ауруларын» (53,9 %)
және «жұмыссыздықты» (39,4 %) ең көп таралған
ерлер проблемасы ретінде танып, біледі. Ал ер
адамдардың өздері ерлер проблемасы деп
«жоғары деңгейдегі өлім-жітімді» (65,9 %) атап
көрсетті. Орта білімділер барлық проблемаларға
қатты назар аударады. Жоғары білімділер
көбінесе жұмыссыздық проблемасын атады.
Барлық этникалық топтар өкілдері бірінші орынға
жоғары деңгейдегі өлім-жітімді қояды, оған
әсіпесе, орыс ұлтының өкілдері ерекше көңіл
бөледі (62,7 %). Барша этностар екінші орынға
жүрек-қан тамыр ауруларын қояды. Қала
тұрғындарымен салыстырғанда ауыл тұрғындары
ерлердің проблемалары аз деген пікірде.
Осы
сұрақ
бойынша
респонденттердің
көзқарастары
ҚР
гендерлік
теңдік
стратегиясының мақсаттарына жартылай сай
келеді. Сөйтіп, ресми құрылымдар да, қатардағы
қазақстандықтар да ерлер арасында сырқат пен
өлім деңгейі жоғары екендігіне алаңдаушылық
білдіреді. Бірақ сонымен қатар жұмыссыздық
мәселесі де ерлер үшін өте маңызды проблема
ретінде атап көрсетілді.
A.10. Төменде атап көрсетілген
проблемалардың қайсыларын
әйелдердікі деп атар едіңіз?
ерте жүктілік
75,8 %
ақы төленбейтін
үй шаруасы
71,4 %
жұмыстағы және
үйдегі екі есе жүктеме
68,6 %
Әйелдердің басты проблемаларының қатарында
мыналар анықталды: ерте жүктілік - 75,8 %, ақы
төленбейтін үй шаруасы - 71,4 %, жұмыстағы
және үйдегі екі есе жүктеме - 68,6 %. Ең маңызды
емес проблемалар ретінде өлім-жітімнің көптігі
(9,6 %) мен жұмыссыздық (18,3 %) атап көрсетілді.
Ерлер
ерте
жүктілікті
әйелдердің
басты
проблемасы деп біледі - 79,1 %. Ал жас санаты
бойынша барлық топтар бірінші орынға ерте
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
10
жүктілікті қойды. Екінші орынға әйелдердің үйдегі
және жұмыстағы екі есе жүктеме мәселесі шықты.
31 - 45 жастағылар осы мәселеге ең көп көңіл
бөлген топ болды - 70,2 %. Үшінші проблема
ретінде үйдегі зорлық-зомбылық атап көрсетілді.
Жоғары білімділердің көпшілігі (71 %) үйдегі және
жұмыстағы екі есе жұмыс көлемін проблема
ретінде көреді. Ал орта білімділер әйелдердің
басты проблемасы ретінде ерте жүктілікті атады
(79,2 %). Барлық этникалық топтардың өкілдері
де ерте жүктілікті әйелдердің басты проблемасы
деп санайды. Олардың ойынша екінші орында
ақы төленбейтін үй еңбегі, үшінші орында үйдегі
зорлық-зомбылық тұр. Қалалықтар секілді (78,3
%) ауыл тұрғындары да (67,5 %) ерте жүктілікті ең
маңызды проблемалар қатарына жатқызады.
Қазақстандықтардың пікірлері мен стратегияда
атап көрсетілген мақсаттардың өзара үйлесуіне
келсек, олар әйелдер мәселесінде жартылай
сәйкеседі. Зерттеуіміздің деректері бойынша
басты проблемалар қатарында атап көрсетілген
үй шаруасының төлемі, екі есе жүктеме
мәселелері стратегияда қарастырылмаған. Есесіне
онда ерте жүктілік мәселесі қозғалған.
A.11. Төменде атап көрсетілген
проблемалардың қайсыларын
ортақ деп санайсыз?
жұмыссыздық
24,9 %
еңбек
нарығындағы
жоғары
бәсекелестік
15,3 %
Ерлер мен әйелдерге ортақ проблема ретінде
жұмыссыздық (24,9 %), еңбек нарығындағы
жоғары бәсекелестік (15,3 %) атап көрсетілді.
Барлық жас топтары бірінші орынға ерте некені
қойса, үйдегі зорлық-зомбылық (жоғары - 0,6 %,
орташа - 1,6 %) пен ерте жүктілік (жоғары - 1,7 %,
орташа - 1,3 %) ең маңызсыз проблема ретінде
аталды. Басқа этникалық топтардың өкілдері
жұмыссыздықты екі жыныс үшін де ең өзекті
проблема ретінде атап көрсетті (27,9 %). Еңбек
нарығындағы
жоғары
бәсекелестікті
таңдағандардың ең жоғарғы көрсеткіші орыс
ұлты өкілдерінің үлесінде (18,7 %). Этникалық
топтар үйдегі зорлық-зомбылықты ең маңызсыз
проблема деп санайды (қазақтар - 0,9 %, орыстар
- 0,9 %, басқа ұлттар - 1,4 %). Қала тұрғындарына
қарағанда ауыл тұрғындары ерлер мен әйелдерге
ортақ проблемалар көбірек деген пікірде. Олар
жұмыссыздықты басты проблема деп біледі (33,4
%). Қалалықтар (1,1 %) мен ауыл тұрғындары (0,6
%) тұрмыстық зорлық-зомбылық пен ерте
жүктілікті (қала - 2 %, ауыл - 0 %) ең маңызсыз
проблема деп санайды. Осы сұраққа қатысты
пікірлер
бөлісі
қазақстандықтар
үшін
экономикалық проблемалардың (жұмыссыздық,
еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестік) зор
маңызға ие, ал гендерлік мәселенаманың
маңыздылығы аз екендігін көрсетеді.
A.12. Әйелдердің қандай топтарын
әлеуметтік тұрғыдан осал топқа
жатқызасыз?
мүгедек әйелдер
54,3 %
жұмыссыз әйелдер
53,3 %
мүгедек балалары бар
әйелдер
49,9 %
Сауалнамаға қатысушылар бірінші орынға
мүгедек әйелдерді (54,3 %), екінші орынға
жұмыссыз әйелдерді (53,3 %), үшінші орынға