2016 жылғы № қаулысына



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата19.11.2018
өлшемі0,58 Mb.
#20574
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

21 

 

магистрантқа  магистрлік  диссертацияға  (магистрлік  жобаға)  жетекшілік  жасау 



үшін  ғылым  кандидаттары  мен  докторларының,  PhD  докторларының  немесе 

тиісті  салада  кемінде  5  жыл  жұмыс  ӛтілі  бар  білікті  мамандардың  қатарынан 

ғылыми жетекшілер тағайындалады. 

Ғылыми  жетекші  және  магистранттың  зерттеу  тақырыбы  ғылыми  кеңес 

шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі. 

Магистранттың  ғылыми  жетекшісінің  ғылыми  дәрежесінің  болуы  және 

ғылымның  осы  саласында  (магистранттың  оқу  мамандығы  бойынша)  ғылыми 

зерттеулермен  белсенді  түрде  шұғылдануы  тиіс.  Қажет болған  жағдайда ұқсас 

ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады. 

ӘАОО-да қабылдаудан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік 

диссертацияға басшылық жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады. Ғылыми 

жетекші  және  магистранттың  зерттеу  тақырыбы  ғылыми  кеңес  шешімінің 

негізінде ӘАОО басшысының бұйрығымен бекітіледі. Магистранттың ғылыми 

басшысы  ғылыми  дәрежесі  «магистр»  дәрежесі  немесе  кем  дегенде  5  жыл 

ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі бар полковник атағы (арнаулы атағы) 

болуы  және  ғылымның  осы  саласын  (магистрантты  оқыту  мамандығы 

бойынша) ғылыми зерттеумен белсенді араласуы қажет. Қажет болған жағдайда 

ғылымның аралас саласы бойынша ғылыми кеңесші тағайындалуы мүмкін. 

94.  ЖОО  магистранттың  зерттеу  нәтижелерін  жариялауға  кӛмек 

кӛрсетеді.  

95. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің 

кӛлемі шеңберінде алынған білім беру деңгейі әртүрлі бақылау түрлері арқылы 

қамтамасыз етіледі.  

96.  Магистранттардың  оқу  жетістіктерін  бақылау  және  олардың  оқу 

пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік 

кезеңдерінде    (әр  академиялық  кезең  мен  оқу  жылы  аяқталған  кезде)  тіркеу 

кеңсесі  (бӛлімі,  секторы)  жүргізеді  және  бақылау  мен  бағалау  білім  берудің 

қорытынды нәтижесіне бағдарлануы тиіс. 

97. Білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын тіркеу кеңсесі

 

есепке 



алып  отырады  және  магистранттардың  белгіленген  нысандағы  транскрипінде 

кӛрінеді. 

Транскрипт  магистрантқа  білім  алудың  кез  келген  кезеңінде  оның 

жазбаша ӛтініші негізінде беріледі. 

98.  Магистранттардың  білімін,  іскерлігін,  дағдысын  және  құзыреттерін 

бақылау оларды  қорытынды аттестаттау кезінде жүргізіледі. 

99.  Магистранттарды  қорытынды  аттестаттау  академиялық  күнтізбеде 

және  мамандықтардың  оқу  жоспарында  қарастырылған  мерзімде  кешендi 

емтихан  тапсыру  және  магистрлiк  диссертацияны  (магистрлік  жоба)  қорғау 

нысандарында ӛткізіледі. 

100.  Қорытынды  аттестаттаудың  мақсаттары  бітіруші  магистранттың 

қалыптасқан арнайы және басқару құзыреттіліктерінің ғылыми-теориялық және 

зерттеу-талдау деңгейін, кәсіби міндеттерді орындауға дайындығын және оның 

дайындығының кәсіби стандарт пен білім беру бағдарламасының талаптарына 




22 

 

сәйкестігін бағалау болып табылады. 



101. Кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін 1 ай бұрын кешіктірмей 

ӛткізіледі, мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның білім беру 

бағдарламасындағы бейіндеуші пәндер циклдерінің пәндері кіреді. 

ӘАОО-да  кешенді мемлекеттік  емтихан  диссертацияны қорғағанға дейін 

жүргізіледі,  оған  магистратураның  білім  беру  бағдарламаларының  базалық 

және/немесе бейіндік пәндер циклінің пәндері енеді.  

102.  Магистрлік  диссертацияны  (магистрлік  жобаны)  қорғау  магистрлік 

диссертацияны  (магистрлік  жобаны)  дайындауды,  оны  ресімдеуді  және  қорғау 

рәсімін қамтиды. 

Магистрлік  диссертацияны  (магистрлік  жобаны)  қорғау  рәсімін  жоғары 

оқу  орындары  ӛз  бетінше  жоғары  оқу  орындарында  білім  алушылардың 

үлгерімін  ағымдағы  бақылау,  аралық  және  қорытынды  аттестаттау  жүргізу 

қағидаларына сәйкес айқындалады. 

ӘАОО-да  магистрлік  диссертацияны  қорғау  рәсімі  тиісті  мемлекеттік 

органның ӘАОО білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және 

қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалады. 

103.  Магистратураның  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқуды  аяқтаған 

тұлғаларға  тиісті  мамандық  бойынша  «магистр»  дәрежесі  және  қосымшасы 

(транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады. 

Жоғары  оқу  орны  бітірушіге  дипломға  жалпыеуропалық  қосымша 

(Diploma Supplement) бере алады. 

ӘАОО-да  магистратураның  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқуды 

аяқтаған  адамдарға  тиісті  мамандық  бойынша  «магистр»  дәрежесі  беріледі 

және/немесе  біліктілік  беріледі,  қосымшасы  бар  (транскрипт)  мемлекеттік 

үлгідегі диплом беріледі. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


23 

 

2-бөлім. Докторантура 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1.  Осы  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 



міндетті  стандарты  (бұдан  әрі  –  стандарт)  «Білім  туралы»  2007  жылғы                           

27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жоғары 

оқу  орындарында,  оның  ішінде  әскери,  арнаулы  оқу  орындарында  (бұдан                 

әрі  –  ӘАОО)  олардың  типтеріне,  түрлеріне  және  меншік  нысандарына,              

сондай-ақ  оқыту  тіліне  қарамастан  PhD  докторантурасының  білім  беру 

бағдарламаларының  мазмұнына, докторанттардың  білім  траекториясына,  білім 

беру  құрылымы  мен  мазмұнына,  докторанттардың  дайындық  деңгейін  және 

дәрежесін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді. 

Осы  стандартта  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына 

сәйкес  терминдер  қолданылады  оларға  қосымша  мынадай  терминдер  мен 

анықтамалар қамтылған: 

1) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), 

бейіні  бойынша  доктор  дәрежесін  бере  отырып,  ғылыми,  педагогтік  және 

(немесе)  кәсіптік  қызмет  үшін  кадрлар  даярлауға  бағытталған  жоғары  оқу 

орнынан кейінгі білім беру; 

2) докторант – докторантурада білім алушы тұлға

3) докторлық  диссертация  –  теориялық  ережелер  жиынтығын  жаңа 

ғылыми  жетістік ретінде  тануға  болатын  немесе  ғылыми  мәселе  шешілген,  не 

енгізілуі  елдің  экономикасының  дамуына  айтарлықтай  үлес  қосатын  ғылыми 

негізделген  техникалық,  экономикалық  немесе  технологиялық  шешімдер 

баяндалған, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс; 

4)  кәсіптік  құзыреттілік  –  құқық  қорғау  органдары  жүйесіндегі  және 

тиісті  лауазымдағы  кәсіби  қызметті  тиімді  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  білім, 

шеберлік және дағды

5)  біліктілік  сипаттамасы  –  Қазақстан  Республикасы  Қорғаныс 

министрлігі жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге 

асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағды; 

6)  біліктілік  талаптары  –  құқық  қорғау,  ұлттық  қауіпсіздік  органдары 

жүйесіндегі және тиісті лауазымдағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін 

қажетті білім, шеберлік және дағды. 

2. Қазақстан  Республикасының  жоғары  оқу  орындары  философия 

докторы (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлайды: 

1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 

білім мамандықтарының жіктеуішіне;  

2)   осы  стандартқа  және  докторантура  мамандықтарының  үлгілік  оқу 

жоспарларына; 

3) академиялық күнтізбеге;          

4) докторанттардың жеке оқу жоспарларына

5) оқу жұмыс жоспарларына



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау