2016 жылғы № қаулысына



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет8/15
Дата19.11.2018
өлшемі0,58 Mb.
#20574
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

17 

 

бағада  ағымдағы  үлгерімнің  баға  үлесі  60%  кемінде,  ал  қорытынды  бақылау 



бағасының үлесі 40%-дан аспайды. 

73.  Оқу  жылы  ішіндегі  демалыс  ұзақтығы  соңғы  курсты  қоспағанда, 

курстарда 7 аптадан кем болмауы тиіс. 

ӘАОО-да каникул ұзақтығы оқу жылы бойында бітіру курсын қоспағанда 

кемінде 6 аптаны құрайды. 

74.  Магистранттардың  кәсіби  практикасы  бекітілген  академиялық 

күнтізбе  мен  магистранттың  жеке  жұмыс  жоспарына  сәйкес  осы  стандартпен 

және мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген кӛлемде жүргізіледі.  

75.  Практикалардың  ұзақтығы  магистранттың  практика  кезіндегі                   

30  сағатқа  тең  апта  бойғы  (5  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  күніне  6  сағат) 

нормативтік  жұмыс  уақытын  есепке  ала  отырып,  аптамен  анықталады.  Апта 

санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген кӛлемін тиісті практика 

түрінің  байланыс  сағатымен  есептелген  еңбек  сыйымдылығына  кӛбейту  керек 

және оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа 

бӛлу керек. 

Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика 

үшін  30  сағатты  (50  минуттан),  ӛндірістік  практика,  тағылымдама  үшін  75 

сағатты  (50  минуттан),  зерттеу  практикасы  үшін  120  сағатты  (50  минуттан) 

құрайды. 1 кредитке сәйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде 

педагогикалық  практика  үшін  1  аптаны,  ӛндірістік  практика  үшін  2,5  аптаны, 

зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.     

76.  Магистранттарды  қорытынды  аттестаттау  және  МҒЗЖ,  МЭЗЖ 

аптамен  жоспарлау  54  сағатқа  тең  магистранттардың  апта  бойғы  жұмысының 

нормативтік  уақытына  (6  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  МӚЖ-ді  қоса 

есептегенде  күніне 9 сағат) сүйене отырып айқындалады.  

МҒЗЖ,  МЭЗЖ бір кредитіне  магистрант  жұмысының  120  (15х8)  сағаты, 

яғни 2,2 апта сәйкес келеді.  

Қорытынды  аттестаттаудың  бір  кредитіне  105  (15х7)  сағат,  яғни                   

2  апта  сәйкес  келеді,  оның  ішінде  15  байланыс  сағаты  магистранттың 

оқытушымен жұмысына, 90 сағаты МӚЖ-ге бӛлінеді.  

Кешенді  емтиханға  дайындалуға  және  тапсыруға  1  кредит,  яғни  2  апта 

бӛлінеді.   

Магистрлік  диссертацияны  ресімдеуге  және  қорғауға  3  кредит,  яғни 

тиісінше  6  апта  беріледі.  Магистрлік  диссертацияны  орындау  процесінің  ӛзі 

алдын  ала  магистранттың  ғылыми-зерттеу  (эксперименттік-зерттеу)  жұмысы 

барысында жүргізіледі. 

ӘАОО-да  магистрлік  диссертацияны  ресімдеуге  және  қорғауға  кемінде             

2  кредит,  яғни  тиісінше  4  аптадан  кем  емес,  магистрлікті  ресімдеуге  және 

қорғауға кемінде 1 кредит беріледі, яғни тиісінше кемінде 2 апта беріледі. 

77.  Бітіруші  курсты  қоспағанда,  магистранттардың  қосымша  оқу 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін,  оқу  жоспарларындағы  академиялық 

айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттерін 

ӛз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа жоғары оқу 



18 

 

орнында  оқу  пәндерін  оқып-үйрену  үшін,    үлгерімнің  орташа  балын  (GPA) 



кӛтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізілуі мүмкін. 

Бұл  ретте  академиялық  берешекті  немесе  оқу  жоспарларындағы 

айырмашылықты жою және қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады. 

ӘАОО-да  магистранттардың  қосымша  оқу  қажеттілігін  қанағаттандыру, 

академиялық  қарызын  немесе  оқу  жоспарларындағы  айырмашылықты  жою, 

басқа жоғары оқу орнындағы оқу пәндерін зерделеу, үлгерімнің орташа балын 

арттыру  үшін  ұзақтығы  кемінде  2  апта  жазғы  семестрді  (бітіруші  курсты 

қоспағанда) енгізуге рұқсат етіледі.  

78.  Магистрлер  даярлау  бойынша  білім  беру  процесінің  аяқталуының 

негізгі ӛлшемі: 

1) ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша кемінде 59 кредитті, 

оның  ішінде  теориялық  оқытудың  кемінде  42  кредитін,  практиканың  кемінде                       

6 кредитін, ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін игеруі; 

2)  бейіндік  дайындық  бойынша  –  кемінде  28  кредитті  (оқу  мерзімі  –                  

1  жыл)  және  кемінде  48  кредитті  (оқу  мерзімі  –  1,5  жыл),  оның  ішінде 

теориялық  оқытудың  тиісінше  кемінде  18  және  36  кредитін,  практиканың 

тиісінше  кемінде  2  және  4  кредитін,  эксперименталды-зерттеу  жұмысының 

тиісінше кемінде 4 және 4 кредитін игеруі болып табылады. 

Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, 

оған  қойылатын  талаптарды  орындаған  жағдайларда  магистрантқа  оқу 

мерзіміне қарамастан «магистр» дәрежесі беріледі. 

79. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіннің 

бағдарламаларын қосымша меңгерген жағдайда докторантураға рұқсат етіледі. 

ӘАОО-да  магистр  тиісті  деңгейдің  білім  беру  бағдарламаларын  іске 

асыратын ӘАОО-ға оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес докторантураға рұқсат 

етіледі. 

80.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламасы  теориялық  оқудың  толық 

курсын  меңгерген,  бірақ  ғылыми-зерттеу  компонентін  орындамаған 

магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің 

кредиттерін қайта игеруге және диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі. 

ӘАОО-да  магистратураның  білім  беру  бағдарламаларының  теориялық 

оқудың  толық  курсын  меңгерген,  бірақ  ғылыми-зерттеу  компонентін 

орындамаған  магистрантқа  ғылыми-зерттеу  компоненттерінің  кредиттерін 

қайта игеру және магистрлік диссертацияны қорғау тәртібін тиісті мемлекеттік 

органдар айқындайды. 

81.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламасы  теориялық  оқытуының 

толық 

курсын 


меңгерген, 

бірақ 


белгіленген 

мерзімде 

магистрлік 

диссертациясын  қорғамаған  магистрантқа  магистратурада  оқу  мерзімі  ақылы 

негізде ұзартылады. 

ӘАОО-да  магистратураның  білім  беру  бағдарламаларының  теориялық 

оқудың  толық  курсын  меңгерген,  бірақ  магистрлік  диссертацияны  белгіленген 

мерзімде  қорғамаған  магистрантқа  тиісті  мемлекеттік  орган  айқындаған 

тәртіппен  келесі  оқу  жылы  магистрлік  диссертацияны  қорғауға  мүмкіндік 



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау