30
терең оқытуды қарастырады.
30. Бейін бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық
экономика салаларына, әлеуметтік салаға: білім беру, медицина, құқық,
мәдениет, қызмет кӛрсету, бизнес-әкімшілендіру және қорғаныс пен ұлттық
қауіпсіздік, құқық қорғау қызметі салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық
және зерттеушілік даярлық пен ғылымның тиісті бағыттары бойынша пәндерді
тереңдетіп оқытуды қарастырады.
31. Білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен
деңгейіне қойылатын ең тӛменгі талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті
орган бекітеді.
32. Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы маңызы
бірдей екі білім және ғылым компоненттерінен тұрады.
33. Докторантураның білім беру бағдарламасында:
1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын
теориялық оқыту;
2) докторанттардың практикалық даярлығы: кәсіби, практика ғылыми
тағылымдамалар түрлері;
3) докторлық диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу
(эксперименттік-зерттеу) жұмысы;
4) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.
34. Жұмыстың барлық түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу
меңгерілген материалдың кӛлемі бойынша жүзеге асады және оқудың нақты
нәтижелеріне жетуге қажетті докторант пен оқытушының еңбек шығынының
ӛлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен ӛлшенеді. Бұл ретте алдыңғы
білім деңгейінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе
қолданылады.
Докторанттың докторантураға түсер алдында докторантураның тиісті
кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы
тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны ӛзі айқындайды.
Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда докторантқа оларды ақылы
түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда докторантурада білім алу
докторант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
ӘАОО-да оқуға түсу үшін пререквизиттерді игеру тәртібін тиісті уәкілетті
органдар белгілейді.
35. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру
кезінде оқу пәнінің кӛлемі кредиттердің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте әр
пән, әдетте кемінде 2 немесе 3 кредит кӛлемімен бағаланады.
ӘАОО-да әрбір пәннің кӛлемі кредиттердің толық санын құрайды және
пәнді 1 кредитке бағалауға жол беріледі. Оқу пәнін бірнеше академиялық
кезеңде игеруге рұқсат етіледі.
36. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін және білім беру
мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, докторанттың ӛзіндік
жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау түрлерін таңдау
арқылы жүзеге асады.
31
37. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-ӛлшегіш
құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің кӛлеміне,
академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу
материалының кӛлеміне және т.б. қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
38. Доктор даярлаудың білім беру бағдарламасына оқу жоспары,
пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, практикалар (педагогикалық, зерттеу
немесе ӛндірістік) бағдарламалары және ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары
кіреді.
39. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру мен
ӛткізу тәсілін кредиттік оқыту технологиясы негізінде жоғары оқу орны ӛз
бетінше жүргізеді.
40. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарлары
негізінде жүзеге асады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ)
болып бӛлінеді.
ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ) және жұмыс (ЖОЖ) жоспары
болып бӛлінеді.
41. ҮОЖ осы стандарт негізінде докторантураның нақты мамандықтары
бойынша әзірленеді және оны білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ӘАОО-да ҮОЖ осы стандарттың негізінде докторантураның нақты
мамандықтары бойынша әзірленеді және білім беру саласындағы уәкілетті
органмен келісу бойынша тиісті уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы
және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешендi емтихан,
докторлық диссертацияны ресімдеу және қорғау) кредитпен айқындалады, ал
оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы
санымен кӛрсетіледі.
ӘАОО-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы
және оқу қызметі әрбір түрінің әрбір оқу пәнінің кӛлемділігі (практиканың,
МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтиханын, кредиттердегі магистрлік диссертацияны
ресімдеу және қорғау ҮОЖ-да айқындалады, ал ЖОО компоненті оқу
пәндерінің әрбір циклі бойынша кредиттердің жалпы санын кӛрсетеді.
42. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орындары таңдау
компоненті бойынша ӘАОО-ны қоспағанда барлық пәндердің жүйеленген,
аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК)
жасайды.
ЭПК-да әр оқу пәні бойынша пререквизиттер мен постреквизиттер
кӛрсетіледі. ЭПК докторанттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
43. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде ӘАОО-ны қоспағанда
докторанттарға ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір докторанттың жеке бiлiм
траекториясын айқындайды.
ЖОЖ-ға міндетті компонент пәндері мен ҮОЖ-дан алынған оқу
әрекеттерінің түрлері (практикалар, ДҒЗЖ (ДЭЗЖ), кешенді емтихан,