15
бекітілген график бойынша оқытушының магистранттармен байланыс
жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
Студиялық және зертханалық сабақтардан ӛзге аудиториялық жұмыстың
бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін бір
академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық сабақтар үшін
100 минутқа тең.
Магистрант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу
(эксперименттік-зерттеу) жұмысының және қорытынды аттестаттаудың бір
академиялық сағаты 50 минутқа тең.
58. Оқу жұмысының кӛлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы магистранттың
аудиториялық жұмысының;
2) кәсiби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының;
3)
ғылыми-зерттеу
(эксперименттік-зерттеу)
жұмысы
кезеңідегі
магистранттың оқытушымен жұмысының;
4) магистранттың магистерлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша
жұмысының;
5) магистранттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру
кезіндегі жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет
59. Магистранттардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың
ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен
ілесе жүретін оқу сағаттарының кӛлемдерімен (50 минуттық байланыс
сағаттары) айқындалады.
60. Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең
болуы мүмкін. Магистранттардың аудиториялық жұмысының академиялық
сағаттары тиісті МӚЖ сағаттарымен толығады, осылайша бір кредитке
магистранттың семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы
жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
61. Практиканың әр академиялық сағаты магистранттың қосымша
жұмысының тиісті оқу сағаттарымен (50 минуттан) толықтырылады:
педагогикалық практика үшін – 1 сағат, ӛндірістік практика үшін – 4 сағат және
зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
62.
Магистранттың
ғылыми-зерттеу
(эксперименттік-зерттеу)
жұмысының, магистранттың магистерлiк диссертацияны орындауын қоса
алғанда, әрбiр академиялық сағаты 7 сағаттық МӚЖ-бен толықтырылады.
63. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты
магистрлік диссертацияны жазу және қорғау немесе кешенді емтиханға
дайындық және оны тапсыру бойынша магистранттың оқытушымен байланыс
жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Магистрантты қорытынды
аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық МӚЖ-бен қамтамасыз
етіледі.
64. Кредиттік оқыту технологиясында магистранттардың ӛздігінен
орындайтын жұмысының кӛлемі артады, ол екі түрге бӛлінеді: оқытушының
жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың ӛзіндік жұмысы (ОМӚЖ) және
16
магистранттың ӛзі орындайтын жұмысы (МӚЖ).
65. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың ӛзіндік
жұмысы жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын
магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады және жалпы оқу
кестесіне енбейді. ОМӚЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын
сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша
консультациялар ӛткізіледі, МӚЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау
жүргізіледі.
ӘАОО-да магистранттың дербес жұмысы оқытушының басшылығымен,
оның ішінде аудиториялық сабақтар түрінде жүргізіледі.
66. ОМӚЖ бен МӚЖ-дің ӛзіндік жұмыстың жалпы кӛлеміндегі
арақатынасын жоғары оқу орны ӛзі айқындайды.
67. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі магистранттың
оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс
сағаты 2 сағат МӚЖ-бен қамтамасыз етіледі.
68. Студиялық және зертханалық сабақтар, магистранттың ғылыми-
зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстары, қорытынды аттестаттау сияқты
оқу жұмысының түрлері үшін ОМӚЖ сағаттарын жоспарлау қажеттілігін және
оның кӛлемін жоғары оқу орны ӛзі белгілейді (мысалы, магистрлік
диссертацияны орындау барысын бақылау үшін).
69.
Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау
кезеңінен, практикалардан,тағылымдамалардан демалыстардан, магистранттың
ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысынан және соңғы курста
қорытынды аттестаттаудан тұрады.
70. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден немесе
ұзақтығы 10 апта болатын триместрден немесе ұзақтығы 7-8 апта болатын
тоқсаннан тұрады.
ӘАОО-да академиялық кезеңді академиялық күнтізбе және ЖОЖ
айқындайды. ӘАОО академиялық кезеңнің, оны ұйымдастырудың құрама түрін
қосқанда оның нысанын дербес анықтайды.
71. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың ұзақтығы
кемінде 2 аптаны құрайды.
ӘАОО-да аралық аттестаттаудың ұзақтығы әрбір академиялық кезеңнен
кейін кемінде 1 аптаны құрайды.
72. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша
қорытынды бақылау жүргізіледі және ағымдағы үлгерім бағаларын (ағымдағы
және межелік бақылаулар бойынша бағалардың арифметикалық ортасы) ескере
отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі
60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
ӘАОО-да аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген барлық пәндер
бойынша қорытынды аттестаттау жүргізіледі және ағымдағы және межелік
бақылау нәтижелері бойынша ағымдағы үлгерім бағаларын ескере отырып
пәндер бойынша қорытынды баға шығарылады. Пән бойынша қорытынды