Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет85/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119

179 
 
УДК  336 
 
Қазақстанда индустриялық - инновацияны дамытуды  
мемлекеттік қолдау және реттеу ерекшеліктері   
 
Базарбаев А.О., э.ғ.к., доцент 
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ. 
E-mail:  
assyl00@mail.ru
 
 
Қазіргі  таңда  елдің  әлеуметтік  -  экономикалық  дамудың  негізгі  міндеті  –  оның 
инновациялық  жолға  қою,  жаңа  бәсекеқаблетті  ӛнімдерді  максималды  түрде  қолдану 
болып  табылады.  Елбасы  ӛзі  тікелей  индустриалды-инновациялық  дамуға  ӛту  жолдарын 
қолға  алды.  Елдің  дамуының  инновациялық  жолға  ӛтіуі  инновациялық  қызметті 
күшейтілген түрде белсендіруді талап етеді. Ол, Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінен 
арта  қалу  тенденциясын  ӛзгертуге  мүмкіндік  береді.  Бірақ-та,  экономикалық  дағдарыс 
жағдайында елдің инновациялық дамуы әлемдік деңгейден біршама артта қалуда. 
Нарықтық  экономика  жағдайында  инновациялық  қызметтің  тиімділігін  талдау 
қыйындайды  және  кӛп  сатылығын  білдіреді.  Талдаудың  бірінші  кезегінде  –  жаңа 
техниканы  және  технологияны  қолдану  қажеттілігін  дәстүрлі  қорытындылайтын 
техникалық  деңгейдегі  жеке  кӛрсеткіштер  және  жаңа  техника  мен  технологияның 
тиімділігі анықталады.  
Ӛндірістің  технологиялық  деңгейінің  ең  үлкен  дәрежесі  технологиялық  әдістік 
заттарға  технологиялық  қарқындылық  және  технологиялық  басқарылатын  процестерге, 
оның  бейімделу  –  ұйымдық  деңгейіне  әсер  етуіне  байланысты  болады.  Жобалауда, 
әзірлеуде  және  жаңа  техника  мен  технологияны  ӛніріске  енгізуде  бұл  шаралардың 
экономикалық тиімділігін анықтау тӛрт кезеңнен тұрады: 
Бірінші  кезең  –  бұл  инновациялық  шаралар  іске  асыру  қажетті  шығындарды 
анықтау; 
Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкін болатын кӛздерін анықтау; 
Үшінші  кезең  –  бұл  жаңа  техника  мен  технологияны  ӛндіріске  енгізудегі 
экономикалық тиімділікті бағалау;  
Тӛртінші  кезең  –  бұл  экономикалық  кӛрсеткіштерді  салыстыру  арқылы 
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау. 
Жалпы түрде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін 
жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік. 
Экономикалық  нәтижелілік  –  бұл  еңбек  ӛнімділігінің  артуы,  еңбек  және 
материалдық  сыйымдылықтарды  тӛмендету,  ӛнімнің  ӛзіндік  құнын  тӛмендету,  пайданы 
ӛсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру. 
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу: материалдық, 
еңбек және қаржы. 
Техникалық  нәтижелілік  –  бұл  жаңа  техника  мен  технологияны  ашу,  ӛнертабыс 
және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа еңгізілімнің пайда болуы. 
Әлеуметтік  нәтижелілік  –  бұл  халықтың  материалдық  және  мәдени  –  тұрмыстық 
деңгейінін артуы, олардың тауарлар мен қызмет кӛрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, 
еңбек  жағдайы  және  техникалық  қауіпсіздігін  жақсарту,  ауыр  қол  еңбегінің  үлесін 
тӛмендету және тағы басқалары. 
Қазақстандық  экономиканың  ең  маңызды  проблемаларының  бірі  –  технико-
технологиялық  артта  қалушылықпен,  және  соның  салдары  ретінде  шығарылатын 
ӛнімдердің  тӛмен  бәсекеқабілеттілігімен  сипатталатын  нақты  сектор  кәсіпорындарының 
қазіргі нарық  талаптарына әлсіз бейімделуі болып табылады. Аталған жағдайда біршама 
рӛл  кӛптеген  мамандардың  пікірі  бойынша,  мемлекетке  де  қатысты.  Мысалы,  Қазақстан 
Республикасында  ғылымға  бӛлінетін  қаржы  ЖІӚ-нің  0,14  %  ғана  құрайды.  Бұл  дамыған 


180 
 
мемлекеттермен салыстырғанда 20-25 есе кем. Ғылыми дерек бойынша ғылымға мемлекет 
1,5  %  кем  қаржы  бӛлсе  ол  мемлекет  дамымайды  [1].  Ғылымға  бӛлінетін  қаражаттардың 
шектеулігі  мен  олардың  ғылымның  кӛптеген  бағыттарына  таратылуы    жағдайында 
дамыған  елдердегідей  инновациялық  даму  сатылары  мен  басымды  бағыттары  бойынша 
технологиялық  алға  шығуды  мақсатты  қамтамасыз  ету  бойынша  бір  шама  шаралар 
жүргізілуі қажет. 
Республикада  соңғы  жылдары  инновациялық  қызметті  ынталандыру  бойынша 
әртүрлі  шаралар  жүргізілуіде.  Мәселен,  Қазақстан  Республикасының  2003-2015 
жылдардағы  индустриалды  –  инновациялық  дамудың  мемлекеттік  Бағдарламасының 
басты  ерекшелігі,  оның  негізгі  мемлекетпен  жеке  сектордың  «диктатсыз  әріптестік» 
қағидаты алынғандығында. 
Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттерінің ішінде мыналар бар: 
елдің  ӛндеуші  ӛнеркәсібіндегі  орта  жылдық  ӛсу  кем  дегенде  8,4  процент,  ал  еңбек 
ӛнімділігінің сонғы кезеңінде  – кем дегенде 3 есе, ЖІӚ- нің энергия сыйымдылығын екі 
есеге  тӛмендету.  Бұл  үшін  қаржы  институтарында,  жеке  секторда  ішкі  және  сыртқы 
нарықтарды сұранысқа ие, бәсекеге қаблетті ӛнім ӛндіруге ынталандыратын «кәсіпкерлік» 
климат  жасау  қарастырылған.  Бұдан  басқа  ғылымға  негізделген  және  жоғары 
технологиялық  экспортқа  бағытталған  ӛнірістер  қажет,  елдің  экспортық  әлеуметін 
қосылған  құны  жоғары  тауарлар  мен  қызметтер  пайдасына  диверсификациялау  әлемдік 
сапа  стандартына  ӛту,  әлемдік  ғылыми  –  техникалық  және  инновациялық  процестерге 
қатысу арқылы аймақтық экономика мен әлемдік шаруашылық жүйесіне үйлесу. 
Осы 
аталған 
шаралардың 
барлығы 
орындалған 
жағдайда 
Қазақстан 
экономикасының жылдық ӛсуі 9  – 9,5 пайыз, ӛндеуші ӛнеркәсіптің ӛсуі  – ең кемінде 8,4 
пайыз, ЖІӚ кӛлемі 2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 3,5-3,9 есе ӛседі деп күтілуде 
[2, 12-14 б]. 
Алдын-ала  есептеулер  бойынша,  қойылған  міндеттерді  шешу  үшін    аталған 
салаларға,  жеке  инвестицияларды  қосқанда,  жылына  ең  кемінде  1,2  млрд.  доллар 
инвестициялар  салыну  керек.Мемлекет  тарапынан  инвестициялар  кӛлемі  ң  кемінде  260 
млн. доллар болуы керек. 
Бұл  үшін  Даму  банкінің  қаржыларын,  оның  кредиттік  әлеуетін  ұлғайтып,  тарату 
жоспарланған,  олар  ӛндірісті  қайта  жабдықтау  және  жетілдіруді  қамтамасыз  ететін 
инвестициялық  жобаларға  бағытталады.  Бірақ,  бұл  Бағдарламаны  жүзеге  асыру  оңай  іс 
емес.  Әлемдік  тәжірибе  экономиканың  құрылымдық  қайта  құру  30  жылға  созылатынны 
кӛрсетеді,  және  бұл  мәселені  шешуді  бүгін  қолға  алмаса,  болашақта  оны  шешу  әрі 
қиынға,әрі  қымбатқа  түседі.  Капитал  шығындарының  тауар  бірлігіне  шақанда  жоғары 
деңгейі  әлі  де  ғылыми  және  иновациялық  құрастырымдарға  толық  кӛлемде  қаржыларды 
таратуға мүмкіндік бермейді. Мысалы, ЖІӚ 1 долларына электроэнергия шығындарының 
деңгейі  бойынша  Қазақстан  Республикасы  индустриялды  дамыған  елдерден  10  еседен 
артық артта қалып келеді. 
Сонымен  қатар,  2010-2014  жылдарға  арналған  Үдемелі  индустриялық  – 
инновациялық даму бағдарламасы ұлттық эканомиканы әртараптандыру мен жаңғыртуға, 
инновация  мен  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға  бағытталған.  Бұл  бағдарламада 
кәсіпкерлікті  қолдану  кешенді  шаралары  қамтылған.  Бағдарлама  Қазақстанның  2020 
жылға  дейінгі  даму  стратегиясының  құрамдас  бӛлігі  болып  табылады.  Бағдарламаны 
жүзеге  асырудың  нәтижесінде  2015  жылға  қарай  біз  мынандай  нәтижелерге  қол 
жеткізуіміз  қажет.  Біріншден  –  ішкі  жалпы  ӛнімді  2008  жылғы  деңгейден  50  пайызға 
ӛсіруге,  екіншіден  –  ӛндіруші  секторды  еңбек  ӛнімділігін  50  пайызға,  экономиканң 
жекелеген  секторларында  100  пайызға  арттыруға,  үшіншіден  –  шикізаттық  емес 
экспорттың  үлесін  40  пайызға  дейін  жеткізуге,  тӛртіншіден  –  ішкі  жалпы  ӛнімнің 
энергосыйымдылығын  2008  жылғы  деңгейден  10  пайызға  тӛмендетуге,  инновациялық 
кәсіпорындардың  үлесін  қазіргі  қолданыстағыларынан  10  пайызға  дейін  ұлғайтуға  қол 
жеткізуіміз[3]. 


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау