Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет81/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119

171 
 
Еліміздің  Президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауында:  «Біз  қазынаны  сақтап, 
оны кӛбейтпесек және салықтарды толық кӛлемінде жинамасақ, ешқандай қалыпты және 
күшті мемлекет болмақ емеспіз» - делінген[6]. 
Нарықтық  қатынастар  жағдайында    салықтардың  ел  экономикасының  дамуына 
ықпал ететін басты құрал ретінде маңыздылығы айқын. Бүгін жергілікті ӛзін-ӛзі басқару 
ұйымдарын  қаржыландыратын түрлі табыс кӛздерінің ішінде алдыңғы қатарды салықтар, 
әсіресе табыс салықтары алады.  
 
Қолданылған дереккөздер тізімі 
1.  Корпоративный подоходный налог: Разъяснение  налоговых органов  / Ю. 
Прокопьева. - Алматы :Бико, 2004. - 40 с. 
2. Қазақстан  Республикасының  «Салық  және  бюджетке  тӛленетін  басқа  міндетті 
тӛлемдер туралы» заңы (Cалық кодексі). - Алматы : Жеті жарғы, 2001. - 660 б.  
3. Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2008  жылдың  10  желтоқсанындағы 
«Салық  және  бюджетке  тӛлейтін  міндетті  тӛлемдер  туралы»  №  100  -IV  заң  күші  бар 
жарлығы. 
4.  ҚР  «Салықтар  және  бюджетке  тӛленетін  басқа  да  міндетті  тӛлемдер  туралы» 
кодексі.  – Алматы: ЮРИСТ,  2009. – 86-92 б. 
5.  Нұрымов,  А.  А.  Салық  және  салық  салу:  оқу  құралы  /  ҚР  Білім  және  Ғылым 
министрлігі ұсынған. - Астана : ҚазЭҚХСУ, 2009. - 546 б. 
6.  Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  стратегиясын  одан  әрі  іске  асыру 
жӛніндегі шаралар  
 
 
 
УДК 336 
 
Банктік секторда коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын 
тұрақтандыру шаралары 
 
Әбітова А.М., экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы  
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.  
E-mail: 
abitova.arailym@mail.ru
  
 
Қазақстан Республикасының банктік жүйесі жедел қарқынмен дамуда және қызмет 
кӛрсету сапасының елеулі түрде арттырылуы, жаңа мемлекеттік ӛнімдердің пайда болуы, 
нормативтік-құқықтық базаның және мемлекеттік реттеудің басқа тұтқаларының дамуына 
байланысты, елімізде банктік қызметті тұтыну қарқынды  түрде ұлғаюда.  
Банктер  арасындағы  бәсекеге  және  банктік  операцияларын  кӛлемінің  жедел  ӛсуі 
банкирлерді оңтайландыру әдістерін іздеуге мәжбүр етеді. Несие беру туралы шешімді тез 
қабылдайтын  қаржы  институты  басқа  банктерден  бірқатар  алда  болады.  Мысалға, 
Германияда  ипотекалық  несиеге  ӛтініштер  несие  алушының  сауалнаманы  толтыруынан 
кейін  он  минут  ішінде  ӛңделеді,  содан  соң  оң  жауап  алынған  жағдайда,  несие  алушыға 
несие шартының жобасы бірден ұсынылады. 
Қазақсандық  банк  секторы  бірте-бірте  қаржы  жағдайы  нашар  банктерде  оларды 
тарату  не  біріктіру  есебінен  арылып  келеді.  Жалпы  еліміздің  банк  жүйесінде  болып 
жатқан  мұндай  ӛзгерістерді  банктерге  ӛкімет  немесе  Ұлттық  банк  тарапынан  жасалып 
отырған қысым деп қабылдамай, керісінше сапалық талап ету деп түсінген дұрыс. Екінші 
деңгейлі банктерде шоғырланған заңды  және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттарын 
банктер  ӛздерінің  жеке  проблемасын  шешуге  және  экономиканың  дамуына,  халықтың 
игілігіне  жұмсауы  керек.  Коммерциялық  банктердің  санының  жылдан-жылға  азаюы 
банктердің  қызметінде  әлдеде  болса  жекелеген  проблемалардың  шешілмеген  сұрақтары 


172 
 
орын  алып  отырғаныны  кӛрсетеді.  ҰБ-тің  мәлімдеуіше,  меншікті  капиталдың  кӛлемінің 
әліде  болса  аздығы  байқалады.  Қазақстандық  банк  жүйесінің  жиынтық  меншікті 
капиталының  кӛлемі  әлемдегі  АҚШ,  Ұлыбритания,  Германия,  Швеция,  Жапония  секілді 
ӛркениетті  елдердің  ұсақ  банктернің  меншікті  капиталының  кӛлемімен  шамалас. 
Сондықтан  да  олар  ұзақ  мерзімді  несиелер  бере  алмайды,  инвестиция  жасай  алмайды, 
электрондық-технологиялық  деңгейін  жоғарылата  алмайды.  Сол  себепті  Қазақстанда  ірі 
банктердің  қатарында  аталатын  танымал  банктердің  ӛздерінің  операцияларының 
пайыздық  деңгейі,  мерзімі  ӛзге  ұсақ  банктермен  бірдей.  Меншікті    капиталдың  аздығы 
банктің  салымшылар  алдыдағы  міндеттемелерін  орындай  алмауы  және  кредиорларға 
қарызын ӛтей алмау қауіпін күшейтеді. Банктердің салымдар бойынша ӛз міндеттемелерін 
орындамауы, пайыз деңгейін шектен тыс кӛтеру, содай-ақ салымшылардың банкке салған 
қаражаттарын  орналастыруда  негізсіз  және  тәуекелі  жоғары  инвестициялық  саясат 
жүргізу  секілді  әртүрлі  себептерден  болу  да  мүмкін.  Дегенмен  банк  жүйесінің  тұрақты 
жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін  меншікті  капиталдың  жеткілікті  болуын  қамтамасыз  ету 
қажет.  Ал  ол  ӛз  кезегінде    банктің  активтерін  тиімді  орналастырумен,  яғни  икемді 
инвестициялық саясат жүргізумен байланысты. 
Қазіргі  кезде  Қазақстандағы  банктердің  айналымдағы  активтерінің  басым  бӛлігін 
қысқа  мерзімде  ақшалар  құрайтын  болғандықтан,  банктер  ұзақ  мерзімді  инвестициялар 
жасай  алмай  отыр.  Бұл  несиелердің  ұдайы  қайтарылмауы  фактілерінің  жиі  орын  алуы, 
сондай-ақ бағалы қағаздардың ӛтімсіздігі, әрі табыс деңгейінің тӛмендігі сияқы обьективті 
жағдайлармен  байланысты  болып  отыр.  Мұның  ӛзі  Республикада  қаржы  құралдарының 
тапшылығын кӛрсетеді. Соған сәйкес банктің қызметіне қатысты заңдық базаны нығайту 
және  Қазақстандағы  қаржы  институттарын  дамыту  әрі  күшейту  арқылы  ұзақ  мерзімді 
салымдарды капиталдадыру қажеттігі айқындала түседі. 
Еліміздің  экономикалық  даму  стратегиясымен  үйлестіре  отырып  банк  жүйесін 
нығайту әрі сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ ел экономикасының дамуына шетел 
инвестициялары  мен  банктер  арқылы  елдегі  қаржыны  жұмылдыру  үшін  республиканың 
ақша-несие  саясатының  икемді  стратегиясын  жасап  және  Қазақстанның  қаржы  нарығын 
дамыту қажет.  
Банк  қызметінде  тұрақсыздық  қауіпі  үнемі  болып  тұрғандықтан  уақыт  мерзімінің 
тәуекелдік  деңгейі  жоғары  және  стратегиялық  маңызды  салаларға  ұзақ  мерзімді  қаржы 
жұмсауға  Үкімет  кепілділігі  қойылған  жағдайда  инвестициялық  қаржының  тиімді 
жұмсалғандағыдай  болар  еді.  Сондай-ақ  осы  заңда  резидент-банктер  мен  зейнетақы 
қорларынан  басқа  заңды  тұлғалар  алатын  сыйақы  15%  мӛлшерінде  тӛлем  кӛзіне  салық 
салу  қарастырылған.  Ұлттық  валютаны  қолдау  мақсатында  заңды  тұлғалар  1  жылдан 
астам мерзімге салынған мерзімдік депозиттер бойынша алатын сыйақыны салық салудан 
босатып,  аталған  салық  орнына  жеңілдік  енгізген  орынды  болар  еді.  Мемлекет  ӛз 
міндеттемелерін  орындаудың  басқа  жолдарын  тауып,  сонымен  бірге  бюджетке  шамадан 
тыс  міндеттемелер  арта  бермеуі  керек.  Соңғы  жылдары  банктерің  айналымдағы 
активтерінде  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  үлесінің  едәуір  ӛсуі  дәлелдеп  отыр. 
Сондықтан  ӛндіріске  орташа  және  ұзақ  мерзімді  қаржы  салуды  капиталдандырудың 
әдістерін  таба  отырып,  банк  жүйесін  нақты  экономикаға  қайта  бағыттау  жӛніндегі  ой-
пікірлердің орынды екендігін айта кету керек. 
Ұлттық  банк,  банктердің  қаржылық  жағдайында  тұрақсыздықтың  алғашқы 
белгілері байқалысымен-ақ салымшылар мүддесін қорғауды және қордың пайдаланылған 
қаржысын ӛтеуге еріксіз таратылатын банктің акивтерінің толық қайтарылуының артуына 
алып  келеді  де,  сұраныс  инфляциясының  зардабы  ӛте  жоғары  болуы  мүмкін.  Сондықта 
ондай  банкті  тарату  процедурасын  жүргізу  барысында  банк  клиенттерінің  мүдделерін 
сондай-ақ  бүкіл  жүйесін,  кепілдік  беру  жүйесінің  де  мүдделерін  ескеру  қажетт.  Банктің 
салымшылары  мен  клиенттердің  мүддесін  қорғау  үшін  ҰБ  банктерге  бақылау  жасау 
функциясы  беріледі.  Бұл  функцияның  мәні:  ҰБ  банк  құрылтайшыларының  банктің 


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау