187
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
-
жоғары тәуекел деңгейлi банк операцияларының кейбiр түрлерiн тоқтата тұру
немесе шектеутуралы ұсыныстар берудi қоса, банкiнi қайта құру қажеттiгi жөнiнде мәселе
қоя алады[2].
Пруденциалдық мөлшерлемелерінің және сақталуға мiндеттi басқа да нормалары
мен лимиттерiнiң бұзылғанын, нормативтiк құқықтық құжаттарының бұзылғанын,
банкiнiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен
тұрақтылығына,
сондай-ақ
оның
депозиторларының, клиенттерi мен
корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе
әрекетсiздiгiн анықтаған реттерде банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрi
қолданылады:
а) мiндеттеме-хат талапету;
б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасу;
в) ескерту жасау;
г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы.
ҚҚКтөменде көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған ықпал ету
шараларына қарамастан оған санкциялар қолдана алады. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi
орган мынадай шаралар қолдана алады:
а) айыппұл салу;
б) барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны
тоқтата тұруға не оны қайтарып алу;
в) банкiнi консервациялау;
г) банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу;
д) банктің меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда және банк
акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша
акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу
сату, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның
міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтерінің құнын негiзге ала отырып шешiм
қабылдау;
е) банктiңбасшықызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып
жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде
лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету.
з) банктің және (немесе) банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің
коэффициенттерінің мәндері нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген
нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, белгіленген
тәртіппен несиелік серіктестік болып қайта құрылу міндеттін қою[3].
Банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясын қайтарып алғаннан
кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған барлық басқару органының
өкiлеттiгi міндеттеледі. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензия қайтарып
алынғаннан кейiн он жұмыс күні iшiнде белгiленген заң тәртiбiмен сотқа банк қызметiн
мәжбүрлеп тоқтату туралы өтiнiш бередi. Лицензияны керi қайтарып алу жөнiнде
қабылданған шешiм туралы ақпаратты ҚР бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi
баспа басылымында жариялайды.
Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк
шоттарының бар екендiгi, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол есепшоттар мен
банкiнiң өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк
операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа),
сондай-ақ банкiнiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан
клиенттер мүлiктерiнiң бар екендiгi, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер
кiредi. Таратылу процесiндегi банк берген несиелер туралы мәлiметтер банк құпиясына
жатпайды. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып
табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банкiнiң лауазымды адамдары,
188
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады.
Заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне прокурор санкция
берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс
жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi,
ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз
ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан,
мемлекеттiк баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын
орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауы тиiс[5].
Банк акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде өзiн ерiктi түрде
таратуға рұқсат беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасай алады. Өтiнiшке банктiң
қызметiн тоқтату мерзiмi және оған әзiрлiк кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы
жиналысы бекiткен шаралар тiзбесi, банк мiндеттемелерi бойынша оның есеп
айырысуларының жүзеге асырылуы үшiн банк қаражатының жеткiлiктiлiгiн дәлелдейтiн
баланстық есеп, тарату комиссиясының мүшелiгiне кандидаттар, оның iшiнде
филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын оның бөлiмшелерiнiң тiзiмi және басқа қажеттi
мәлiметтер қоса тiркелуi тиiс.
Қажеттi мәлiметтер тiзбесi ҚҚК нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Банктердi ерiксiз таратуды сот:
а) банк банкроттығына;
б) банк заңдарында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге
берiлген лицензияларды қайтарып алуға;
в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату
туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне
(қуынымына) байланысты жүргiзедi. Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi
бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем
қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) ҚРзаңдарында көзделген шарттар мен
талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзедi[4].
Ұлттық Банк банктердің акциялардың және (немесе) айырбасталатын
облигациялардың қосымша эмиссиясы және активтерді сеқюритезациялау сияқты
баламалы қаржыландыру көздерін тарту жөніндегі бастамасын қолдайтын болады.
Мұндай іс-қимылдар міндетті түрде банктердің қаржылық ахуалын жақсартуға әкеледі.
Ұлттық Банк банктерге осындай құралдарды әзірлеуде және енгізуде қолдау көрсететін
болады, бұл перспективада олардың халықаралық рыноктарға борыштық тәуелділігін
едәуір азайтады. Осылайша, мемлекеттік органдар экономикалық тәуекелдерді басқаруда
теңгерімді тәсіл қағидаты бойынша әрекет ететін болады. Бұл орнықты экономикалық
өсуді және жеке сектордың мемлекет ресурстарынан шектен тыс қорландыруының алдын
алуға мүмкіндік береді.
Халықаралық қаржы рыноктары коңюнктурасының тез өзгеруі Үкімет тарапынан
да, реттеуші органдардан да уақтылы әрекет етуді талап етеді. Қаржылық жүйе үшін
ықтимал тәуекелдерді уақтылы анықтау оларды жою жөнінде жедел шаралар қабылдауға
мүмкіндік береді. Осыған байланысты, ҚҚА тарапынан екінші деңгейдегі банктерді
қадағалауды күшейту, ақпарат жинау мен талдау әдістерін жетілдіру көзделеді, сондай-ақ
ҚҚА-ның техникалық және штаттық базасын кеңейту мәселесі қарастырылады. ҚҚА банк
жүйесінің қатерлерді басқару әдістерін жетілдіру және кредиттік портфельдердің стресс-
тестерін жүргізу жөніндегі бастамасын қолдайды. ҚҚА мен Ұлттық Банк әлемдік қаржы
рыноктарындағы жағдайды қадағалап отырады, нарық коңюнктурасының өзгеруін
талдайды, әлеуметтік және экономикалық саясатқа уақытылы түзетулер енгізу үшін
Үкіметке ақпарат беретін болады.
Сыртқы рыноктардағы қаржыландыру көлемінің қысқаруы қазақстандық
банктердің кредиттік қызметінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайда
кредит алу қарыз алушылардың көпшілігі үшін қиындыққа айналды. Бұл, атап айтқанда,