Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет301/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   420

609 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



объема комиссионных от увеличения числа транзакций, так и за счет отказа от их 

отчисления в пользу международных платежных систем.  



Список использованных источников 

1.  Пластиковые карточки. /Сост. А.А.Андреев, А.Г.Морозов и др./ - М., 2005  

2.  Мадиярова Д.М. Основы современного банковского дела. - Алматы:  

Экономика, 2007 г.  

3.  Жакипбеков С.Т. Работа по велению времени/ С.Т.Жакипбеков // Финансы 

Казахстана. КаржыКаражат. -Алматы, 2012. -N4. - С. 41- 42. 

4.  Воронцов И. Пластиковых дел мастера // Банковское дело. 2009. -№2.-С. 21-23.  

5.  Гребенюк С.Г. Использование современных технологий банковских операций в 

розничном бизнесе // Финансы и кредит. 2013 - № 8 (176).- С. 25-30.  

6.  Годовой отчет Национального Банка Республики Казахстан за 2016 год// 

www.nationalbank.kz

 

 



 

 

Қаржы нарығындағы кейбір өзекті мәселелер 



 

Султанова А.Н. 

Алматы экономика және статистика академиясы 

E-mail: sultan-15

@mail.ru

 

 



 

Қазақстандық  экономиканың  реформалануы  және  оның  жүйелік 

дағдарыстан шығуы біршама экономикалық жүйелердің даму жолында боп келеді, соның 

ішінде  қаржы  нарығының  инфрақұрылымы  маңызды  рөл  атқарады.  Ол  қаржы 

ресурстарының  қозғалысын  қамтамасыз  етіп,  нарықтық  қатынастар  дамуына  ықпалын 

тигізеді.  Бүгінгі  күнде  нарық  инфрақұрылымына,  оның  әрекетінің  сапасына  жоғары 

талаптар қойылады, сондықтан да оны терең зерттеуде мәжбүрміз.  

Қаржы  нарығы  -  өте  күрделі  жүйе,  онда  ақша  және  басқа  қаржы  активтері  нақты 

тауарлар  айналымнан  тәуелсіз  жеке  дербес  айналымда.  Бұл  нарық  әр  түрлі  қаржы 

құралдарын  пайдаланады,  онда  арнайы  қаржы  институттар  қызмет  көрсетеді, 

инфрақұрылымы  әр  түрлі  және  тармақталған.  Қазақстандық  экономикалық  әдебиетте 

қаржы  нарығы  әр  нысандағы  ақша  капиталы  мен  құнды  қағаздардың  қозғалысымен 

байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді. 

 

Бірнеше  жыл  бұрын  біреу  бізден  экономикалық  дағдарыс  жайлы  қандай  да  бір 



мәлімет  сұраса,  біз  ойланып,  яғни  дұрыс  жауап  та  бере  алмас  та  едік.  Ал  қазіргі  таңда 

көшеде  кетіп  бара  жатқан  кез-келген  адамды  тоқтатып,  сұрайтын  болсаңыз,  бұл  мәселе 

жайлы еш кідірместен айтып бере алады.  

 

Баршамызға  мәлім  ағымдағы  әлемдік  қаржы  дағдарысы  ешбір  мемлекеттке  оң 



қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты 

қаржылық  және  өндірістік  тоқырауларды  бастан  кешуде,  сонымен  қатар  жүз  мыңдаған 

адамдар  жұмыссыз  қалуда,  көптеген  шарушылық  орталықтары  жабылуда.  Дағдарыстың 

қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы 

төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді. 

 

Қаржы  даңдарысының  дамуы  қаржы  нарығының  өзін  өзі  реттейтін 



механизмдерімен  иемденетін,  салымдарды  инвестицияларға  ауыстыруға  көмектесетін, 

инвестициялық салымдардың тәуекелдерін төмендететін жетілген инфрақұрылымы қажет 

екенін көрсетіп отыр. Сондықтан да қаржы нарығы инфрақұрылымының даму мәселелері, 

яғни аймақтағы нарықтық өзгерістерге ықпал етуі, сыртқы ресурстармен бірге халықтың 

жинақтарын  шақыру  арқылы    экономиканық  нақты  секторына  тиімді  инвестициялау 

актуалды болып келеді.    




610 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



 

Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған 

болатын.  Қазақстанның  экономикасы  дағдарыс  барысында  дамыды,  бұл  іскерлік  және 

тұтынушылық  көздердің  белсенділігінің  күрт  төмендеуіне  әкелді,  сонымен  қатар 

қаржылық  секторға  да  әсер  етіп,  экономика  салаларының  динамикалық  өсуінің 

бәсеңдеуіне  негізгі  себеп  болды.  Әлемдік  нарықта  қолданыстағы  өнімдердің  бағасының 

лезде  қымбаттауы  салдарынан  ұлттық  экономикамызда  инфляциялық  қысым  күшейді. 

Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін 

Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады. 

 

Қазіргі  әлемдік  қаржы  дағдарысы  барысындағы  Қазақстан  экономикасы,  яғни 



соның ішінде дағдарыс салдарына бейімделген жаңа қаржы жүйесі: ұлттық бюджет, банк 

жүйесі  сонымен  қатар  ұлттық  өндірістер,  шетелдік  инвестиция  және  әлеуметтік 

инфрақұрлымға  әсерінің  деңгейі  көптеген  өзгерістерді  талап  етеді.  Яғни  жаһандық 

дағдарыс  барысындағы  Қазақстан  экономикасының  салаларын  және  антикризистік 

бағдарламаның  принциптерін,  қазіргі  қаржы  жүйесінің  дамуын  қарастыру,  дағдарыстың 

Қазақстанға берер перспективалары, оның ұтымды жақтары және Үкіметтің антикризистік 

бағдарламасы Үкіметіміздің басты мәселелері болып анықталады. 

 

Еліміздің  экономикалық  дамуындағы  соңғы  уақыттағы  өзгерістер  қаржы  нарығы 



инфрақұрылымын анықтауға және осы процесті мемлекеттік реттеуде шетел тәжірибесін 

пайдалануға ынталандырды.  

 

Қаржы  нарығының  дамуы  халықтың  көпшілік  бөлігінің  тұрмыс  деңгейінің 



төмендігінен  тежелеп  отыр,  мұның  өзі  жеке  инвесторлардың  санын  азайтады. 

Кәсіпорындардың  төлеуге  созылмалы  қабілетсіздігі  жағдайында  олардың  қаражаттарды 

бағалы  қағаздарға  салуы  екі  талай.  Ақша  қаражаттарының  тапшылығы  қысқа  мерзімді 

кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның 

нәтижесінде  бағалы  қағаздардың  табыстылығы  банктердің  ақша  –  кредит  операциялары 

жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды [1, 65 б.]. 

 

Қаржы  нарығының  жандануы  корпоративтік  бағалы  қағаздарды  –  экономиканың 



нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың 

айналысын  жандандыру  кезінде  мүмкін.  Қазақстанда  соңғы  уақытқа  дейін  қаржы 

рыногінің  бұл  сегменті  жақсы  дамымады,  бұл  жалпы  экономикалық  әлуетті  тежейді. 

Инвестициялық  институттар,  қор  биржалары,  биржадан  тыс  сауда,  депозит  мекемелері 

түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде 

басқа  нарықтық  құрылымдардың,  ең  алдымен  әр  түрлі  тұрпаттағы  акционерлік 

қоғамдардың  қалыптасуымен,  бұл  жүйенің  қызметін  мемлекеттің  экономикадағы  оң 

құрылым  жасаушы  рөлі  кезіндегі  сенімді  заңнаналық  қамтамасыз  ету  жағдайында 

жүргізілуі тиіс. 

 

Қазақстан экономикасының қазіргі замаңғы даму кезеңінде елдің қаржы секторы өз 



дамуында сапалы жаңа деңгейге көшкені байқалып отыр. Болашақта тиімді дамып және 

оның негізін құруына баңытталған реформалардың көбісі орындалды, соның ішіндегі бірі 

-  

«Халықтық» IPO. 



 

Отандық қор нарығын дамыту мақсатын көздей отырып, Қазақстан ірі мемлекеттік 

компаниялардың  акцияларын  көпшілік  арасында  орналастыру  бағдарламасын  әзірлеп, 

жүзеге  асыруға  жақында  бастама  көтерген  болатын.  Бұл  бағдарлама  –  "Халықтық  IPO" 

деген  атауға  ие  болды,  өйткені  оған  бастапқы  сатыда  қатысуға  рұқсат  тек  қана 

Қазақстанның  азаматтарына  және  еліміздің  зейнетақы  қорларына  берілген  2013  жылдан 

бастап 2016 жылды қоса алғанда Қазақстан 10 мемлекеттік компаниялары акцияларының 

кішігірім пакеттерін орналастыруға ниеттенді. Бұл аталған компаниялардың мемлекеттік 

мәртебесінен  басқа  келесідей  сипаттамалары  бар:  олардың  ірілігі,  тұрақтылығы  мен  өз 

салаларындағы  келешектерінің  ғаламаттығы.  Нарықтық  бағамының  тұрақты  өзгеруіне 

байланысты  акцияларға  инвестициялау  белгілі  тәуекелдерге  ие  екендігіне  қарамастан, 

ұсынылып  отырған  мемлекеттік  компаниялардың  акциялары  жоғарыда  аталып  кеткен 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау