Список использованных источников



жүктеу 71,75 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі71,75 Kb.
#19404


58 

 

основных причин их вредоносности. Стволовые вредители при массовом 



размножении могут наносить серьезный урон лесному хозяйству, чем хвое-

листогрызущие насекомые. Обитание на дереве даже в небольшом количестве, 

как правило, приводит к его гибели. Необходимым условием для массового 

размножения стволовых вредителей являются хотя бы временно ослабленные 

насаждения.   

Отрицательное воздействие на лес оказывают многие факторы. 

Важнейшие из которых следующие: пожары лесосеки, повреждение хвое-

листогрызущими насекомыми, перестойными и зараженные грибными 

болезнями деревья, внезапно и сильно изменяющиеся условия жизни леса, 

ветровалы, буреломы, наводнения, слабые искусственные насаждения, 

нерегулируемая пастьба скота, отравление гербицидами, ядовитыми 

промышленными газами, и многими другими вредными   для леса 

антропогенными факторами. 

Информацию о жуках-дендрофагах можно использовать в программах 

дополнительного образования в школах и высших учебных заведениях для 

пополнения сведений о биологическом разнообразии региона. 



Работа выполнена при поддержке Программы малых грантов Научно-

исследовательского центра проблем экологии и биологии (НИЦ ПЭБ) 

Костанайского государственного педагогического института Министерства 

образования и науки Республики Казахстан и Университета Западной 

Вирджинии (США). 

 

Список использованных источников 

1. Рихтер А.А.. Фауна СССР. Насекомые жесткокрылые. Том 13.Златки. 

Часть 2. Москва, 1949.- С. 16.  

2. Костин  И. А. Жуки  -  дендрофаги  Казахстана (Короеды, дровосеки, 

златки). - Алма-Ата: «Наука», 1973.-  C. 37,20, 23. 

3. Брагина Т.М., Тастайбаева А.А. Некоторые сведения о жуках короедах 

(Coleoptera: Curculionidae: Scolytinae Latreille, 1804) Наурзумского заповедника. 

// КМПИ Жаршысы (Вестник КГПИ), № 4 (36), 2014. - С.63. 

4. Жизнь животных. Том 3. Беспозвоночные // под редакцией 

действительного члена АН СССР Л. А. Зенкевича - Москва: Просвещение, 1969 

- 575 с. 

5. Насекомые России. Жуки, бабочки и другие / В.В. Горбатовский. – 

Москва : АСТ, 2014. - с. 29. 



 

 

Ахметчина Т.А.

1

, Мыңбосын Ж.

2

, Бертайыз Д.



1. Ғылыми жетекші, биология магистрі, аға оқытушы 

2-3. «Биология» мамандығының 1 курс студенттері, жаратылыстану 

ғылымдары кафедрасы 

 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ТƏСІЛІ 




59 

 

 



Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа формация 

мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық 

құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі əрдайым 

жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді, шығармашыл 

тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» - деген болатын.  

Осыған байланысты педагогикалық тың ізденістер, жаңа əдіс-тəсілдер 

пайда бола бастады. Білім беруде, мектеп өмірінде білім сапасын қайтсек 

арттырамыз деген көкейкесті сұрақтар туындады. Жаңа қоғамға қажетті 

тұлғаны оқытып – тəрбиелеуде жаңа технологиялардың қажеттілігі өмір талабы 

екендігі айқын сезілді. 

Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасында еліміздің оқушыларына сапалы білім 

беру міндеті қойылған. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқыту процесінде 

топтық оқытуды қолдану болып табылады 

Н.К.Крупская жеке тұлғаны қалыптастырудағы, топтың ынтымақтасып 

дамуындағы топтық жұмыстың маңыздылығына тоқталакеле «Топтық 

жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық жəне өзін-өзі ұстай білу 

дағдыларын тудырады. Топтық өмірді ұйымдастыруда бұлардың үлкен маңызы 

бар». 

Ұжымдық, яғни, топтық оқыту-күрделі құрылымды, біртұтас 



педогогикалық жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі өзгертуші 

субьект дəрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық 

жағдайлар жасалады. Сонымен бірге жеке, фронтальді оқытуға қарағанда 

оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін 

біріктіруі ұғымдарды, біліктерді жəне дағдылардықалыптастыруға оқу уақыты 

аз жұмсалады жəне де сабақ үстінде жұмыс жасамайтындардың,  үй 

тапсырмасын орындамайтындардың азаюы мен керісінше оқушылардың 

танымдық белсенділіктерінің шығармашылық ізденімпаздылықтарының 

артуынан топтық жұмыстың тиімділігін байқауға болады. 

А.Синицкая өз зертеулерінде жасөспірім балалармен жүргізілген біріккен 

жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни 

сабақтарда əдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу 

материалының 60-70%-і , ал оқушылардың өзара əрекеттесуі арқылы 89%-і 

меңгерілетінін анықтаған.Бұл мəліметтерге қарап біз топтық жұмыстың 

біршама пайдалы екендігін аңғаратын боламыз. 

Топтарда жұмыс істеу бұл ынтымақтастықта жұмыс істеу жəне бірлесе 

оқыту болып табылады. Ынтымақтастықта оқу – өзара іс-əрекет жасау 

философиясы, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе 

əлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді 

білдіреді, ал бірлескен жұмыс соңғы нəтиже немесе мақсатқа жетуге ықпал 

етуге бағытталған өзара əрекеттестіктің құрылымы болып табылады.  

Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары: 




60 

 

1.Оқу оқушылар ақпаратты игеретін жəне өздері игерген мəліметті бұған 



дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып 

табылады. 

2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен 

қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі жəне 

қорытуын талап етеді.  

3.Оқу оқушылардың əңгімелесу кезіндегі əлеуметтік ортасы жағдайында 

жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының 

негізін құрып, мəнін ұғады.  

Ынтымақтастықта оқыту жағдайында білім алушылар түрлі көзқарастағы 

пікірлерді естіп, өздерінің идеяларын дұрыс қалыптастырудың жəне оны қорғай 

білуді үйренетіндіктен, олардың алдына əлеуметтік, сондай-ақ эмоционалдық 

тапсырмалар қойылады. Сол арқылы, білім алушылар өздерінің ұғым-

түсініктерін қалыптастырып, жəне де оқулықта ұсынылған түсініктерге немесе 

сарапшылардың пікірлеріне ғана сенуден бас тартуды үйрене бастайды. Яғни, 

ынтымақтастықта оқыту барысында білім алушылар құрбы-құрдастарымен 

қарым-қатынасқа түсуіге, өз пікірлерін айтуға жəне оны қорғауға мүмкіндік 

алады. Осы қарым-қатынас нəтижесінде оқушыларда «мен» термині жойылып, 

«біз» термині қалыптасады.  

Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, мұғалімдер 

жəне олардың оқушылары қадағалау жүргізудің жəне қарым-қатынас жасаудың 

жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру жəне басқаларға қолдау 

көрсету дағдыларын біліп, оларды дамыта алғандары маңызды. 

Топтық жұмыстың нəтижелі болуы мұғалімгеде баланысты болатындығын 

есепке ала отыра біз: «Топтық жұмыстың тиімді де қызықты болуы үшін 

мұғалімнің бойында қандай ерекшеліктер болуы керек?»-деген  сұраққа жауап  

іздедік. Ол ерекшеліктер мыналар: 

- оқушылардың бір бірімен пікір алмасуына жағдай жасайды; 

- оқушылар бір-бірімен еркін қатынасқа түсетіндей, өзіне жаңа ақпарат 

алуына мүмкіндік беретін жұмыс түрлерін ұсынады. Көп жағдайларда, топ 

мүшелері арасында жұмыстың бастапқы кезеңінде қарымқатынасқа түсе алмау, 

үндемей отыру сияқты қиындықтар туындайды.  

- топтың əр мүшесінің өз ойын айтып, іс-əрекетке енуіне жағдай туғызып, 

болып жатқан іс-əрекетті бақылап бағдарлайды. 

- топ мүшелерін ынталандырып отырады, жұмыстарының жетпей жатқан 

тұстарын толықтыруға бағдар береді.  

- Топтың əр мүшесінің белсенді жұмыс жасауына жағдай жасайды. Бұл 

орайда мұғалімнің шеберлігі мен сауаттылығы қатар жүреді.  

- Тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру кажет, 

топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, онтайлы нəтижелерге қол жеткізуге 

ықпал етеді. 

Осы кезекте біз оқушыларғада бірнеше ережелерді қолдану іс-əрекеттің 

одан əрі тиімді болатынын анықтадық. Ол ережелер: 

- Кезекпен сөйлеу 



61 

 

- Бірін-бірі мұқият тыңдау 



- Келіспеген жағдайда бөгде ойды мұқият тыңдау əр пікірге құлақ асу 

- Айтылған пікірді ұжымдап талқылау 

- Көмектесу жəне көмек көрсете білу 

- Түсіндіруді сұрау 

- Пікірталастың, əңгіменің қортындысын жасау 

- Топпен ортақ бір пікірге келу 

- Уақытты үнемді пайдалана білу  

- Рөлдерді белгілеу (басшы, хатшы, репортер,бақылаушы жəне т.б) 

- Жұмысты орнауда келісімге келу  

 Жəне де жұмыс барысында топтың əрбір мүшесі: 

- өз ойын еркін жеткізуі; 

- ортақ іске өз үлесін қосуы; 

- топпен бірге бір шешімге келуі; 

- өзгенің ойымен санасуы; 

- мəселені талқылауда көшбасшылыққа ұмтылмауы; 

- жұмысты белгіленген уақытта бастап, белгіленген уақытта аяқтауы 

тиіс. Осы аталған тəртіппен өткізілген сабақтар өз пайдасын беретіні 

анықталған. 

Топтық жұмыстың құрылымы оның  мақсатын, жұмыс барысын, нəтижесін 

көрсетеді. Сондықтан топтық жұмыстан жақсы нəтиже алғымыз келсе оның 

құрылымын дұрыс құра білуіміз қажет. Бұл жұмыс бастапқы қарапайым, бірақ 

өте маңызды іс,яғни, оқушыларды топқа бөлу болып табылады. Себебі 

оқушылады топқа дұрыс бөлу арқылы,олардың жеке қасиеттерін көрсетуге 

болады. Мысалы бір топқа сыныптағы барлық белсенді оқушыларды, ал келесі 

бір топқа аса қызығушылығы жоқ оқушыларлды біріктіріп қойса, бұл 

бірлестікткен ешқандай нəтиже шықпайды. Себебі белсенді топ мүшелері өз 

үстемдігін көрсетіп, екі топ арасында ешқандай бəсекелестік тумайды. 

Қызығушылығы төмен топ ешқандайда алға ұмтылмайды. Бұл топтық іс-

əрекеттен еш пайда болмайды. Сондықтан мұғалім оқушыларды топқа бөлгенде 

аса мұқият болып, əрбір топқа белсенді оқушыларды бөліп топты алға 

сүйрелеуге үйрету қажет. Осы іс-əрекеттен кейін оның құрылымымен 

айналысуға болады. 

Оқытудың ұжымдық технологиясына сəйкес топтық жұмысты 

ұйымдастырудың құрылымы мынадай болды. 

I. 

Кіріспе бөлім. 



1.1 Ұжымдық жұмыстың мақсатын,міндеттерін анықтау: əрбір оқушының 

ұжымдық міндеттері анықталады. 

1.2   Жұмыс мазмұны бойынша оқушылар инструктаж(түсіндірме-

негіздеме) алады. 

II. 

Ұжымдық жұмыс кезеңі. 



2.1 Ұжымдық жұмысты жоспарлау, тапсырма мазмұнымен таныстыру. 

2.2   Жұмысты орындау. Уақытты  үнемдеу.  

III. 

Қорытынды кезең. 




62 

 

3.1 



Жасалған жұмысқа баға жəне өзін-өзі бағалау. 

3.2 


Ұжымдық жұмыстың нəтижесін қорытындылау. 

Осы орайдаЕ. Конникованың көрсеткен  топтық жұмыс жетістігінің үш 

негізгі шартын атап өтсек: 

а) ол қызықтыратын болуы керек; 

ə) ол балалардың қызығушылығын ескеріп, оған сүйенуі керек; 

б) əрбір оқушы оның белсенді мүшесі болып, өзінің үлесін қосуы керек. 

Топтық жұмыс жалпы алғанда белгілі бір білікті мұғалім көздеген 

мақсатқа жету үшін  қолданылатын əдіс. Ал бұл əдісті ұйымдастырғанда оның 

көзделген нəтижесі болуы қажет. Ал нəтижелі іс-əрекет жасау үшін топпен 

мұғалімнің қарым-қатынасы дұрыс болуы қажет. Негізінен ұйымдастырылған 

топтық жұмыстың нəтижесін зерттеген ғалымдардың ойын жалпылай келе  

Г.А.Цукерман  топтық оқу іс-əрекетіндегі келесі ережелерді топтық жұмыстың 

нəтижесі деп атап  көрсетті: 

- балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі; 

- оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді; 

- оқушылар маңызды əлеуметтік дағдыларға ие болады: əдеп, 

жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мінез-құлқын 

қалыптастыру іскерлігі пайда болады; 

- мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың 

дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда 

дараландыру мүмкіндігін алады; 

- оқушы өз білімін толықтырады,  жəне білімін басқа топ мүшелерімен 

бөліседі.  

Қорыта айтқанда,  оқушылардың ұжымдық жұмысы ортақ мақсатты 

көздейтін жұмыс.  Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу əрекетінде 

белгілі бір күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы 

оқушылардың жеке-дара жəне топтық жұмыстарының элементтері кіреді. 

Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа 

бөгет болмайды, керісінше, əрбір оқушының алдына қойған міндеттерін жақсы 

ұғынуына көмектеседі. Осы орайда: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-деген 

нақыл сөздіңде бекер еместігін айтып өткіміз келеді. Себебі топпен жұмыс 

істегенде тақырыпты түсіндіре білу тек жеке оқушыға емес бүкіл топқа 

беріледі, ал топтың ерекше бір қасиеті сен білмеген нəрсені басқа бір топ 

мүшесі толықтыру мүмкін, жəне бұл іс сенің пайдаңа шешілетін анық. Жалпы 

алғанда топтық жұмыс аз уақыт ішінде нəтижелі білім беруге арналған ең 

тиімді əдіс. Сондықтан біз болашақ мұғалімдер ретінде топтық жұмысты өз 

сабақтарыңыздың нəтижелі өтуі үшін қолдануға кеңес береміз. 

Біз үлгі ретінде биология пəнінен «Ағзалардың көбею формалары» атты 

тақырыпқа топтық жұмыстың қасиеттерін көрсететін сабақ ұйымдастырдық.  

Сабақты өткізу əдісіəңгімелесу, көрнекіліктер, топтық жұмыс. 

 Сабақтың барысыҚызығушылықты ояту. Жағымды психологиялық ахуал 

туғызу. Оқушыларды топқа бөлу. 




63 

 

Жиксо əдісі бойынша топтарға тапсырма беру. (тақырыпшалар бойынша 



бөлу)  

Оқушыларға тапсырмалар.  

1 кезең. «Бəрін білгіміз келеді»  

Топтарға сұрақтар беру, барлық топ мүшесінен ұтымды жауап алу, 

тақырыптың толық ашылуын қамтамасыз ету. 

 

I топ 1. Жыныссыз көбею дегеніміз не?2.Жыныссыз көбеюдің 



артықшылығы мен кемшілігі  неде?    

 

II топ  1. Жынысты көбею дегеніміз не? 2. Жынысты көбеюдің 



артықшылығы мен кемшілігі неде? 

2- кезең  «Біз бəрін жасай білеміз» 

Формалар, сызбанұсқа, нақты мысалдар келтіру. Келтірілген мысалдардың 

дұрыс екендігін қадағалау. 

 I топ  1. Партеногенез дегеніміз не? Мысалдармен түсіндіру. 

2.  Митоз кезеңі. Сызба нұсқа арқылы көрсету.  

II топ   1. Гаметогенез дегеніміз не? Сызба нұсқа арқылы көрсету. 

2. Мейоз кезеңі.  Сызба нұсқа арқылы көрсету. 

3-кезең «Біз сендерден сұраймыз» 

 Екі топ өз араларында өтілген жаңа тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар 

қою арқылы пікір алмасады. 

4-кезең 


«Біз нені оқып үйрендік?», «Біз не білдік?», «Біздің нені білгім келеді?». 

Топта жұмыс (əр оқушы өз тобына түсіндіреді). 

Тақтадағы жұмыс. Сызбанұсқамен жұмыс. 

Нəтиже:  Көбеюдің екі жолы, жынысты жəне жыныссыз, жыныссыз 

көбеюдің формалары: қарапайым бөліну, өсімді көбею, бүршіктену, бүрмелену, 

спора түзу, жынысты көбеюдің формалары: ұрықтанбай көбею, қосылу үдерісі 

арқылы көбею, гаметелердың қалыпты көбеюі, олардың сипаттамаларын, 

артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер 

1.Б.М.Өтегенова  «Қазіргі білім беру технологиялары» «педогогика жəне 

психология» мамандығына арналған оқу құралы. Қостанай 2014ж.  

2.«Педагогика» оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық 

Университтетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы .Алматы 



2005ж. 

3.«Педагогика». Дəріс курсы. Алматы: «Нұрлы əлем» 2003ж. 



4. «Педагогика» Əбенбаев.С., Əбиев.Ж. Астана 2009ж. 

 

 

Суюндикова Ж.Т.

1

, Нурманова Г.А

2

 

1. Ғылыми жетекші, биология магистрі, аға оқытушы 

2. «Биология» мамандығының 4 курс студенті, жаратылыстану ғылымдары 

кафедрасы 

жүктеу 71,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау