611
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
сипаттамаларына (тұрақтылығына және келешігіне сенімділігіне) байланысты ықтималды
негативті оқиғаларға сезімталдығы төмен болады. Ұзақ мерзімге олар өздерінің
инвесторлары үшін қолайлы табытылықты әкеледі деп болжамданады «Халықтық IPO»
бағдарламасы аясындағы алғашқы орналастыру – Қазақстандағы мұнай мен мұнай
өнімдерін тасымалдаудың ұлттық операторы болып табылатын "ҚазТрансОйл" АҚ
акцияларынан басталды [2].
IPO
(ағылш. Initial Public Offering, көпшілікке бастапқы ұсыну) – қандай да бір
компанияның
акцияларын
сату үшін көпшілікке бастапқы ұсынуы. Бұл ретте «бастапқы»
сөзі компанияның өз акцияларын биржаға бірінші рет шығаратынын білдіреді.
Дәлелденді: осы бағдарламадан азаматтың өзі де пайда көреді, яғни біріншіден-
азаматтардың тұрғын жағдайына әсер ететін инвестициялаудың жаңа тұрақты және
табысты құралы, екіншіден – қор нарығының дамуы халыққа қосымша құрал көзі және
үшіншіден - бұл қаражат экономиканың дамуына мүмкіндік береді.
«Халықтық» деген қосымша ІРО кезінде сату үшін шығарылатын акциялар бірінші
кезекте эмитент-компаниялар операция жүргізетін мемлекеттің тұрғылықты халқына
ұсынылатынын білдіреді. Әдетте, Халықтық ІРО кезінде сату үшін акцияларының толық
немесе бақылау пакетін мемлекет иеленетін кәсіпорындар шығарылады.
-
Халықтық IPO - азаматтарға табысты кәсiпорындардың акцияларына ие
болудан пайда алу мүмкiндiгi.
-
Халықтық IPO - инвесторлардың санын көбейту және құнды қағаздар нарығын
дамыту.
-
Халықтық IPO - мемлекеттiк компанияларға қаржыларын өндiрiстi кеңейтуге және
жаңартуға салу мүмкiндiгi.
«Халықтық IPО» — «Самұрық-Қазына» қорына кiретiн ұлттық компаниялардың
акцияларын тұрғындар арасында орналастыру бағдарламасын дайындау туралы шешiм
алғаш рет 2012 жылдың ақпан айында айтылды. 2 Жыл бойы осы бағыттағы жұмыстарды
белсендi түрде жүргiзу бойынша бiрқатар шаралар жүзеге асырылды .
Халықтық IPO - әрбiр қазақстандыққа iрi мемлекеттiк компанияларды басқаруға
қатысу және қызметiнен қосымша пайда табу мүмкiндiгi.
Халықтық IPO бағдарламасын жүзеге асыру қазақстандық қор биржасы (KASE)
арқылы кезең-кезеңмен 2013-2016 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Мемлекеттiк
компаниялар акцияларының 5-тен 15-ке дейiнгi пайызы орналастырылатын болады. 2013
жылы «КазТрансОйл», «KEGOC» және «Air Astana» сияқты компаниялардың акциялары
орналастырды. 2014 жылы «КазТрансГаз», «Казмортрансфлот» және «Самрук-Энерго»,
2015
жылы «ҚазақстанТемiрЖолы» және «Казтемиртранс» компанияларының акциялары
орналастырылады [3].
«Халықтық IPO» - капиталды көбейтудiң кепiлдiгi емес, мүмкiндiгi. Әрбiр сатып
алушы ұлттық компаниялардың акцияларын сатып ала отырып, олардың иелерiнiң бiрi
болады және стратегиялық шешiмдер қабылдау кезiнде дауыс беру құқығына ие. Iрi
мемлекеттiк компаниялардың акцияларын сатып алған адам оларды одан әрi пайдалы сата
алатын болады.
Сонымен қатар «Халықтық IPO» бағдарламасының негiзгi қатысушыларының бiрi
жинақтаушы зейнетақы қорлары болып келеді. Бағдарламаға зейнетақы қорларының
қатысуы — қорларды оң бағытта дамыту мен инвестициялаудың қосымша мүмкiндiгi,
сәйкесiнше, олардың қатысушылары — Қазақстан тұрғындарының да қосымша
мүмкiндiктерi.
«Халықтық IPO» – бұл бірегей Бағдарлама, ол Қазақстан азаматтарына ірі ұлттық
компаниялар акцияларын сатып алуына, сондай-ақ олардың ықтимал пайдасының бір
бөлігін алып қана қоймай, сонымен қатар олардың дамуына қатысуға да мүмкіндік береді.
612
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
«Халықтық IPO» өзінің жалпы түсінігінде мемлекеттің ұлттық байлығын олардың
азаматтары арасында бөлу дегенді білдіреді. Көптеген дамыған батыс елдері, мысалы,
Ұлыбритания осындай бағдарламаларды ойдағыдай өткізді.
Халықтық – акция ең алдымен жеке тұлғаларға – Қазақстан азаматтарына сатылады
дегенді білдіреді.
Қазақстан үшін «Халықтық IPO» – бұл экономиканы дамытуға халықтың ақшаларын
тарту тәсілі.
Тартылған ақшаларды ұлттық компаниялар өзінің одан әрі дамуына, қызметін
жаңғыртуға және кеңейтуге салуы мүмкін.
Одан басқа, «Халықтық IPO» қазақстандықтарды қор нарығының қызметіне тарта
отырып, өздерінің қаржы сауаттылығын арттыруға ынталандырады. Халықтың
белсенділігі ірі инвесторларды тартады, олар біздің нарығымызға үлкен ақшалар әкеледі.
Бұл біздің экономикамыз үшін принципиалды маңызды.
«Халықтық IPO» Бағдарламасы - бұл Қазақстан азаматтарына өзінше
инвестициялар, бұл капиталды көбейтудің жаңа қаржылық құралы. Құралдардың
әртүрлілігі өз қаржы жоспарларын іске асыру үшін көбірек мүмкіндіктер береді.
Ал егер табыс болмаса? Акционер, компанияның иесі бола отырып, жеке кәсіпкер
тәуекелге бара отырып өзіне шешім қабылдайды, бұл деген пайда түспеген жылы жеке
кәсіпкер өзінің акциясынан үлесақы ала алмайды. Компанияның кірісі кезінде жағымды
және жағымсыз көптеген факторлар әсер етеді: нарықтағы өзгерістерге әсерін тигізетін
жағдай,
бәсекелестердің
әрекеті,
технологиялардың
дамуы
және
т.б.
Одан басқа, кәсіпорын табыс алған күннің өзінде, акционерлердің жалпы жиналысында
үлесақыға төлем төлемеу туралы шешім қабылдауы мүмкін, керісінше түскен барлық
табысты дамуға жіберуі мүмкін.
Бір жағдайды ескеру қажет: «Халықтық IPO-дан» стратегиялық маңызды
кәсіпорындар шықпай жатса, әрине, мемлекет сол компанияның пакеттеріне бақылау
жасауды жалғастырады. Бұл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі
экономиканың
дамуы
үшін
қажет.
Сатылымда акцияның 15 пайыз үлесі ұсынылатын болады.
IPO бастамасының көтерілуіне бірнеше фактор әсер етеді. Солардың бірі, акция
салынып, сатылатын қор нарығын міндетті түрде іске қосуға деген қажеттілік, халықтың
белгілі бір бөлігінде банк жүйесінен, депозитттерден тыс жатқан еркін қаржысы бар.
Сарапшылар мұндай қаржының көлемі шамамен 5-10 млрд. АҚШ долларын құрайды
деген ақпарат береді, бұқараға қаржылық сауаттылық арқылы пайда табу мүмкіндігін
көтеру үшін, халықты қаржылық сектор туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ету
және елді және оның экономикасын басқаруға қарапайым азаматтарды араластыру.
Қорытындылай, Халықтық IPO – экономиканың түрлі салаларында жариялылық пен
ашықтықты
қамтамасыз
етудің
алғашқы
қадамы
боп
келеді.
Акцияларды сатылымға шығару туралы бастама негізінен халықтың ұсыныс негізінде
анықталуы қажет. Халыққа бастаушы инвестор қандай болуы керек, қандай
инвестициялық стратегияға сүйену керек, қаншалықты инвестициялап, не нәрсеге арқа
сүйеу қажет деген тұрғыда толыққанды, әрі шынайы ақпарат берілуі қажет. Мемлекеттік
компаниялар БАҚ-пен сұхбат, қоғамдық тыңдаулар, кездесулер секілді ақпараттық
шаралар ұйымдастырып, банкирлер шетелге презентациялар жасап, шетелдік
потенциалды инвесторлардың сауалына жауап берсе, мұның өзі көп нәтиже береді.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1.
А.Фомин. Экономический потенциал и инфраструктура финансовых рынков
Республики Казахстан: Центр стратегических оценок и прогнозов. - М, 2015. – 186 с.
2. www.halyk-ipo.kz.
3.
www.kase.kz