577
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастар жүйесін
жетілдірудің мүмкіндіктері
Омарова А.Н.
Алматы экономика және статистика академиясы
E-mail:
Omarova_aidana9595@mail.ru
Жаңа бюджет және салық саясатының жүзеге асуының алғы шаралары болып әр
түрлі деңгейдегі бюджетте шоғырландырылатын қаржы ресурстары көлемінің оңтайлы
жағдайы және әрбір бюджет деңгейінен қаржыландырылатын шығындар көлемі және
билік деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынастар механизмінің іс-әрекеті
қабілеттілігін құру табылады.
Біздің ойымызша, негізгі назарды экономикалық әдістен императивті әдіс басым
болған республикалық және жергілікті бюджеттің өзара қатынасы мәселелерін шешу
табылады. Осындай бюджетаралық қатынастардың орталық проблемасы болып
аймақтардың бюджеттік теңестірілуі (теңгерімділігі) табылады. Ғылыми әдебиеттерде
бізге шетел тәжірибесінен келген тігінен және көлденеңінен теңгерімділік ұғымы
ажыратылады.
Бюджетаралық қатынастардың батыс тұжырымдамасында тігінен теңестіру оның
табыс ресурстарының (салық түсімдері) әлуетімен шығындар бойынша әрбір билік
деңгейінің міндеттемелер көлемімен теңгерімділікке жету үдерісі ретінде
тұжырымдалады. Жоғары тұрған деңгейге міндеттемелер жүктеледі: егер, төменгі тұрған
деңгейде табыс бөлігін қамтамасыз ету бойынша әлуетті мүмкіндіктері оған жүктелген
қызметтерді орындауды қаржыландыруға жеткіліксіз жағдайда, орталық үкімет осы
аймақтық және жергілікті билік деңгейіне жеткіліксіз бюджет ресурстарын беруге
міндетті.
«Тігінен» туралы сөз болғанда, яғни аталмыш бюджет деңгейіне бекітілген түсімдер
және аймақтық бюджет функцияларының шығыстары арасындағы сәйкессіздікті
болдырмау. Кез-келген аймаққа қарағанда, орталық үкімет анағұрлым үлкен
экономикалық реттеу мүмкіндіктері мен салық түсімдерінің көлемін иемдене отырып,
мемлекеттік бюджет деңгейінде шоғырландырылған қаражаттар есебінен аймақтық
бюджеттің тепе-теңсіздігін өтеуі қажет.
Аймақтық және жергілікті билікке келсек, онда тігінен теңгерімділік принципі
біріншіден, оларға бекітілген қызметтерді қаржылық қамтамасыз ету жауапкершілігі және
халыққа қажетті қызмет көрсетулерді ұсыну немесе тікелей мемлекеттік мекемелер мен
ұйымдар арқылы немесе жеке меншік арқылы ұсыну; екіншіден, өзіндік табыстық әлуетті
сақтау мен ұлғайту бойынша өз құқықтарын оңтайлы пайдалану міндеті.
Бірақ та, тігінен теңестіру бюджеттік теңгерімділіктің барлық мәселелерін шеше
алмайды. Ол әр түрлі аумақтардың салықтық мүмкіндіктерінің тепе-теңсіздігін болдырмау
(немесе азайту) үшін жергілікті және аймақтық билік органдарының арасында
салықтардың үйлесімді бөлінуін білдіретін бюджеттің көлденең теңгерімділігін үйлесуі
қажет. Осындай аймақтардың тепе-теңсіздігінің көрінуі бюджетаралық қатынастар
теориясында аумақтық факторларды келтіретін әлеуметтік тепе-теңсіздіктің көріну
нысаны ретінде қарастырылады.
Әрбіреуге мемлекетпен кепілдендірілген игіліктер мен қызмет көрсетулерді
қамтамасыз ету мәселесін шешу жергілікті және аймақтық билік органдарының бюджеттік
мүмкіндіктерін ауқымды саралау және әр түрлі деңгейдегі шығындармен осы және өзге де
аймақтардың экономикалық жағдайындағы үлкен айырмашылықтармен байланысты.
Мемлекетпен кепілдендірілген әрбіреуге әлеуметтік үлгіні қамтамасыз етуге елеулі әсер
етулер экономикалық дағдарысты жалғастыратын нарықтық үдерістерді көрсетеді,
578
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
сондай-ақ кәсіпорындардың әлеуметтік шығындардан жаппай бас тартуымен жүретін
жекешелендіру үдерістері, әлеуметтік-тұрмыстық санының қысқаруымен қатар жүреді.
Осы факторлар, біздің ойымызша, Қазақстанның бюджеттік қамтамасыз етуінің
көлденең теңестірілуі үдерісін ескеретін бірнеше әлеуметтік саралау бағыттарын туғызды:
-
біріншіден, ақшалай табыстарының деңгейіне байланысты халықтың сараланымын
негізге алу қажет;
-
екіншіден, ең төменгі күнкөріс деңгейі, көлденең теңгерімділікті бюджеттік
қамтамасыз етумен байланыстырылатын халықтың ақшалай табыстары мен
шығыстарында елеулі аймақтық айырмашылықтар бар [ 1, 63 б.].
« Проблемалы» аумақтардың шаруашылығын көтеру бойынша шет мемлекеттердің
мемлекеттік құрылғысы мен экономикалық дамудың әр түрлі көзқарасынан тәжірибені
қорытындылау, біздің ойымызша, аймақтық дамудың қазақстандық бағдарламасын
әзірлеу және бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру үшін келесідей маңызды
аспектілердің көрініс табуын көрсетеді:
1.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, анағұрлым жоғары әсерлер бюджетаралық
қатынастардың әдістері мен әр түрлі нысандардың оңтайлы үйлесуі, әр түрлі бюджет
механизмінің осы мақсаттарын кешенді пайдалануда қол жеткізіледі.
2.
Қазақстанда әрбір аймақ артта қалған немесе тоқыраушы ретінде қарастырғанда,
әсіресе жалпы ұлттық және аймақтық мүдденің оңтайлы үйлесуін табу маңызды. Осы
кезеңде аумақтарға бюджеттік көмек жүйесін құруда, сірә, тұрақтану басымдылығы мен
аймақаралық айырмашылықтарды реттемеуге қатысты жалпы экономикалық өсуді
жеделдетуден туындау керек. Бұл олардың ішкі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін
шешуде аумақтардың бюджеттік дербестігіне жоғары бағдарланғанын көрсетеді.
3.
Жаңа бюджеттік механизмдерді қалыптастыруда, жеке-келісімді нысандарды
пайдалануды шектеу арқылы жекелеген аумақтар мен Орталық арасындағы
қатынастардың «айқындылығы», ашықтығы принциптерімен жүру маңызды. Осыған
байланысты бюджеттік әдістердің нормативті-есеп айырысуын жетілдіруге ерекше мән
береді.
4.
Жалпы (теңестіруші) трансферт артта қалушы және тоқыраушы аудандарды
қолдауға пайдалы механизм болуы мүмкін. Ол үшін мұқтаж аумақтарға трансферттердің
есептік формулаларын пайдалану олардың объективті бюджеттік сұраныстарын нақтырақ
көрсетуі қажет. «Проблемалы» аумақтарға жалпы трансферттердің жеке қорын
қалыптастыруға сондай-ақ, шетелдік тәжірибе (әсіресе Франция және Ұлыбритания)
пайдалы болуы мүмкін.
5.
Артта қалушы және тоқыраушы аудандардың проблемаларын шешуді дамытуда
мемлекеттік бюджеттік ресурстардың ұшқыр тапшылық жағдайында ерекше бюджет
режимі пайдалы болуы мүмкін. Ол мүмкін шаруашылықтану жағдайы мен
айрықшылықты этикалық мәселелері бар Қазақстанның жекелеген аймақтарына
болашақта пайдалануы мүмкін. Бірақ та, оның анағұрлым кең пайдалануы мемлекеттік
бюджет табыстарының жоғалтуына, орталық билік органдарының реттеуші
функцияларының бұзылуы және мемлекет біртұтастығының әлсіреуіне алып келеді.
Сонымен қатар, үлкен қызығушылықты салыстырмалы үлкен емес «проблемалы»
аумақтарға белгіленетін айрықша бюджет режимі әдісі көрсетуі мүмкін.
Біздің ойымызша, Қазақстанда жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесін
қалыптастыруда анағұрлым елеулі мағынаны келесі мәлелелер көрсетеді:
-
барлық бюджет жүйесінің тұрақтылығының кепілдігі ретінде мықты (күшті)
мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды, нарық экономикасын реттеудің қуатты құралы
және мемлекеттің жалпы ұлттық функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
-
әлеуметтік және инвестициялық бағдарламаларды бірлесіп қаржыландыруға
жергілікті және республикалық бюджет ресурстарын аумақтарға шоғырландыру, мақсатты
қаржылық трансферттерге ( гранттарға) өту.