Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет282/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   420

570 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



жоғырлауы еліміздің экономикалық өсуіне әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады. 

Сонымен бірге, лизингтік операциялардың ұзақ мерзімді сипатта болатындығын ескерсек, 

онда  бүгінгі  танда  лизингтік  компаниялардың  коммерциялық  қызметінде  және  отандық 

лизингтік  нарықтың  стратегиясы  мен  тактикасын  қалыптастыруда  банктік  несиелердің 

маңыздылығы  артуда.  Бұндай  жағдай  лизингтік  компанияның  банк  алдындағы  төлемдік 

міндеттемелерін  өз  уақытында  орындауын  және  өтімділік  деңгейін  қамтамасыз  етуін 

талап етеді [2, 158 б.]. 

Лизингтік  компаниялардың  несиелік  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  отырып 

коммерциялық  банктер  лизингтік  операциялардың  көлеміне,  бағытталуына  және  оның 

нақты түрлерінің дамуына әсер етуге мүмкіндіктер алады. 

Бүгінгі  таңда  біздің  елімізде  лизингтік  бизнестің  дамуы  лизинг  шартымен 

пайдалануға беру мақсатында құрылғыларды сатылану үшін қажетті ақша қаражаттарын 

жинақтау  мәселесіне  келіп  тірелуде.  Ал,  коммерциялық  банктер  айналыстағы  бос  ақша 

қаражаттарын  жинақтаумен  айналысатын  мекемелердің  бірі  болып  табылатындықтан, 

лизингтік  операцияларды  банктік  операциялардың  бірі  ретінде  қарастыру  лизингтік 

бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі болып табылады. 

Сонымен, жалпы тәжірибеде коммерциялық банктер лизингтік компанияларға қарыз 

беруші ретінде емес, тікелей лизинг беруші ретінде көріну  арқылы,  банктік капиталдың 

лизингтік бизнеске қатысуының тікелей әдісін қолдануға болады. Яғни, бұл әдіс лизингтік 

келісімдерді  қаржыландыру  үшін  бос  ақша  қаражаттарын  іздестіру  мәселелерін 

жеңілдетеді. 

Коммерциялық банктердің қаржылық операцияларындағы лизингтік қызмет үлесінің 

жоғарылауы  банктік  құрылымнан  еншілес  лизингтік  компанияларды  бөліп  шығару 

қажеттілігіне  алып  келеді.  Бұл  лизингтік  қызмет  эволюциясының  одан  әрі  қарай 

тереңдеуін  көрсетеді.  Еншілес  лизингтік  компаниялар  үшін  лизингтік  қызмет  бір  ғана 

қызмет түрі болып табылады. Сондықтан лизингтік келісімдерді ұйымдастыру жеңілдейді, 

себебі, бірдей типтегі контрактілер саны көбейеді. 

Лизингтік  процестердің  ұйымдастырылудың  бұндай  құрылымында  коммерциялық 

банк  өзінің  еншілес  лизингтік  компаниясына  лизингтік  келісімдерді  жүзеге  асыру  үшін 

тек  несиелік  ресурстар  ғана  береді.  Ал,  лизингтік  келісімді  бекіту  үшін  қажетті  басқа 

мәселелердің  барлығымен,  яғни,  тауар  өндіруші  зауыттармен  сатып  алу-сату 

контрактілерін бекіту, сервистік қызмет көрсету және т.б. сұрақтармен еншілес лизингтік 

компания  айналысады.  Банктердің  еншілес  лизингтік  компаниялары  барлық  елдердің 

лизингтік  қызметтер  нарығында  негізгі  роль  атқаратын  неғұрлым  ірі  сегмент  болып 

табылады. 

Сонымен,  лизингтік  компаниялардың  қызметіндегі  жаңа  сфералар  оның 

ұйымдастырушылық  құрылымының  күрделіленуіне  әкеліп  соғады.  Осы  жерде  лизингтік 

компаниялардың  ұйымдастырушылық  құрылымы  нарық  талаптарын  ескере  отырып, 

лизингтік  бизнестегі  прогресті  қамтамасыз  етуге  ұмтылуы  қажет  деген  жалпы  қағида 

көрінеді. 

Коммерциялық  банктер  үшін  лизингтік  операциялардың  тартымдылығы  осы 

операцияны  іске  асыру  кезінде  нақты  материалдық  қамтамасыз  етудің  бар  екендігімен 

түсіндіріледі.  Сонымен  бірге,  лизингтік  бизнестің  дамуы  коммерциялық  банктерге  өз 

операцияларының  санын  ұлғайтуға,  клиенттерге  қызмет  керсету  сапасын  жоғарылатуға, 

клиенттер  санын  көбейтуге,  клиенттермен  серіктестік  қатынастардың  дәстүрлі 

байланыстарын тереңдетуге және өзара тиімді байланыстар орнатуға мүмкіндіктер береді. 

Банктік  қызметтер  нарығындағы  бәсекелестіктің  тереңдеуі  жағдайында 

коммерциялық  банктердің  лизингтік  операцияларды  іске  асыруы  лизингтік  нарықтағы 

банктік  әсер  ету  сферасын  ұлғайтудың  тиімді  әдісі  болып  табылады.  Коммерциялық 

банктер  мүліктерді  сатып  алуға  өз  қаражаттарын  сата  отырып  және  сол  арқылы  лизинг 

беруші  қызметін  атқара  отырып,  еліміздегі  негізгі  қорларды  жаңарту  стратегиясы  мен 



571 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



тактикасын  қалыптастыруға,  лизингтік  бизнестің  даму  бағыттарын  анықтауға,  лизингтік 

нарықтағы жалпы жағдайды бақылауға өз үлесін қосады. 

Банктер  үшін  лизингтік  операцияның  артықшылығы  оның  жеткілікті  деңгейдегі 

жоғары  рентабельділігінен  көрінеді.  Яғни,  лизингтік  төлемдер  арқылы  банк 

коммиссиондық  ақы  түріндегі  табыстың  жаңа  көзін  иеленеді.  Сонымен  бірге,  лизингтік 

операция  тәуекелділігі  өте  жоғары  банктік  операциялар  қатарына  жатады.  Лизингтің 

негізгі түрлерінің бірі, оперативті лизинг кезінде банк тәуекелділігі жоғарылайды. Себебі, 

бір  лизингтік  келісім-шарт  мерзімі  аяқталғаннан  кейін,  сол  құрылғыға  деген  сұраныс 

болмаған жағдайда, лизинг объектісінің қалдық құнының өте көп бөлігінің орнын толтыру 

қажеттілігі  туады.  Сондықтан  банктік  тәуекелділік  тұрғысынан  алып  қарағанда  лизинг 

беруші-банктің  экономикалық  қызығушылығына  қаржылық  лизинг  жоғары  деңгейде 

жауап береді. 

Бірақта лизингтің тез дамуына, әсіресе коммерциялық лизингтің дамуына көптеген 

шешілмеген мәселелер кедергі жасады және жасауда. Солардың ішінде келесідей жалпы 

экономикалық және салалық мәселелерді көрсетуге болады: 

1.  Машиналар  мен  құрылғылар  бағаларының  өсуі  және  өсу  нәтижесінде  машина 

жасау және басқа салалар арасынадғы барлық диспериттердің туындауы. 

2.  Машиналар  мен  құрылғылардың  лизингпен  қаржыландыруда,  ішкі  және  сыртқы 

инвестицияларды іздеу және тарту. 

3. Лизингтік негізде жіберілетін машиналар мен құрылғыларды іздеу. 

4.  Экономикадағы  төлем  тәртібі.  Соңғы  жылдардағы  несиелер  бойынша 

қайтарымдардың болмауы. 

5. Лизингтік бизнесті реттейтін заңдық - нормативтік базаның төмендеуі. 

Коммерциялық  лизингтің  дамуын  тежейтін  тағы  бір  мәселе,  ол  банктік  несиенің 

ставкасының  жоғарылығы  мен  мерзімінің  қысқалығы.  Олардың  деңгейі  инфляция  және 

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкінің  қайта  қаржыландыру  ставкасына 

байланысты  болады.  Осындай  жағдайларда  Қазақстан  банктері  лизингтік  операцияларға 

қатысуына ешқандай қызығушылық танытпайды. 

Жоғарыда  айтылған  проблемаларды  шешпей  еліміздегі  лизинггік  компанияларды, 

дәлірек айтсақ, лизинг нарығының дамуы мүмкін емес. 

Қазақстан  экономикасының  қуатын  одан  әрі  күшейту  үшін,  елімізде  халықаралық 

лизингті дамыту керек, бұл дегеніміз өз алдына бір өзекті мәселе. 

Қазақстанда  лизингтің  даму  жолы,  біздің  көзқарасымызша  келесідей  3  негізгі 

бағытқа байланысты. 

1.  Экономиканың  барлық  саласындағы  моральді  және  физикалық  тозған  негізгі 

құралдарды тез, әрі түбірімен ауыстыру. 

2. Инфляция деңгейін төмендетумен қоса, инвестициялық белсенділікті арттыру. 

3.  Мемлекеттік  қолдау  және  ынталандыру  арқылы,  Ұлттық  экономикадағы  шағын 

және орта бизнесті дамыту. 

Шаруашылық  кешендегі  инвестиция  жоғарылату  –  ол  лизингтік  іс-шараны  тезірек 

дамыту  болып  табылады.  Оны  жүргізу  механизмі  тек  қана  бос  қаражатқа  тірелмей, 

сонымен қатар дамып келе жатқан шағын және орта бизнеске де арқа арту керек. 

Сонымен  елімізде  лизингік  бизнестің  дамуы,  Қазақстанда  инвестицияны 

белсендірудің  және  негізгі  құрал-жабдықтарды  ауыстырудың  бірден-бір  жолы  болып 

табылады. 

 

Қолданылған дереккөздер тізімі 

1. 

Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 552 б. 



2. 

Газман  В.Д.  Лизинг:  теория,  практика,  комментарии.  -  М.:  Фонд  «Правовая 

культура», 2015. – 376 с.  

 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау