Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет281/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   420

568 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



қорғайтын нормативтік актілердің бар болуына қарамастан, осы құқық қорғауды бақылау 

ұзақ және қымбат процедураға айналуы мүмкін.  

 

Мәскеу  лизинг  компаниясының  (МЛК)  қызметі  мемлекет  кепілдігімен  шағын 



кәсіпкерлікті  қолдау  негізінде  қарқынды  дамыған  лизинг  бизнесінің  жарқын  үлгісі  бола 

алады.  Мәскеу  Мэриясы  бұл  шараға  $54  млн.  бөлді.  Компания  лизингтік  басқарушы 

ретінде  –  конкурс  негізінде  лизинг  алушыны  талдап,  делдал  арқылы  қажетті  құралды 

сатып  алатын.  Құрал  лизингке  8  жылға  дейін  валютада  7  %  жылдық  сыйақымен 

есептелген. Бұл жоба кәсіпкерлер арасында лизингке деген үлкен қызығушылық туғызды. 

Мәскеу  лизинг  компаниясы  қызметінің  алғашқы  екі  жыл  ішінде  1500-ден  астам  лизинг 

алушы  тіркелді.  Компания  сарапшыларының  берген  бағасы  бойынша  астаналық  шағын 

бизнес  өкілдерінің  құрал-жабдыққа  деген  қажеттілігі  $2.5  млрд.  2012-2015  жж.  Мәскеу 

лизинг  компаниясы  жеңілдіктері  бар  бюджет  несиелері  негізінде  40-тан  астам  лизинг 

жобаларын қаржыландырды. Жергілікті қаржы ресурстарын тарту тәжірибесі аймақтарда 

да  үлкен  қызығушылық  туғызды.  Мәскеулік  компанияға  ұқсас  компаниялар  Тулада, 

Рязаньда,  Ижевскіде,  Смоленскіде  тіркелді.  Мәскеу  лизинг  компаниясының  негізінде 

лизинг бойынша әдістемелерді құру және таратумен, шағын бизнес жабдықтаушыларың 

ақпараттар  негізін  ұйымдастырумен  айналысатын  аймақаралық  лизинг  орталығын  құру 

көзделуде.  

Қолданылған дереккөздер тізімі 

Юсупова А. Т. «Особенности развития лизинга в странах Западной Европы» // 



«ЭКО». 2015. − № 10. − С.34-38. 

Газман В.Д. Рынок лизинговых услуг. −Алматы: Фонд "Правовая культура", 



2015. -376 

с.  


Гусаков  Б.,  Сидорович  Ю.  Лизинг  -  катализатор  экономического  роста  // 

Финансы. 2016. −№1. – С.10-14. 

Комаров В.В. Инвестиции и лизинг в СНГ. - М.: Финансы и статистика, 2015. – 



424 

с. 


Тлеужанов  Е.;  Киреева  К.  Лизинг  –  инвестициялық  қаржыландыру  формасы. 

//

Аль-Пари. 2015. − №4. − С.23-27.  



www.leasing.kz

 

 

 



 

Лизинг жүйесін одан әрі жетілдіру жолдары 

 

Нурахметов Е.И. 

Алматы экономика және статистика академиясы 

E-mail: nurakhmetov.e.93

@mail.ru

 

 



 

 

Лизинг  –  шетелден  елімізге  жоғарғы  технологияларға  ие  құрал-жабдықтардың 

келуіне  жол  ашатын  және  кәсіпорынға  қаржылық  өтімділігін  сақтай  отырып,    негізгі 

капиталға  инвестиция  жұмсаудың  балама  көзі.  Банктердің  лизингтік  операциялары 

несиелік  операциялармен  ұқсас  болып  келеді.  Алайда,  лизингтің  несиеден  бір 

айырмашылығы келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін 

де  лизинг  объектісінің  лизинг  берушінің  меншігінде  қала  беруінен  көруге  болады.  Ал, 

несиеде банктік меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады. 

 

Лизинг  бүгінгі  әлемдік  экономикалық  дағдарыс  жағдайында  маңызы  бар 



инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі 

кезде  отандық  кәсіпорындарды  қаржыландырудың  балама  көзіне  айналуымен 

сипатталады.  Сондықтан  да  бұл  қызмет  түрі  өзінің  экономикалық  табиғаты  жағынан 

ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал 




569 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен 

жаңа  байланыстар  орнатуға,  оны  нығайтуға  ықпал  ететін  қаржылық  қызмет  түріне 

жатады.  

 

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар 



екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер. 

 

Шұғыл  лизинг  бұл  –  мүліктің  қызмет  ету  мерзіміне  қарағанда,  оның 



пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. Ал, 

қаржы лизингі бұл – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің 

толық  амортизациялық  құнын  төлеп  шығуымен  немесе  өзін-өзі  өтеуімен  байланысты 

сипатталады [1, 348 б]. 

Қоғамдағы және кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің деңгейіне және елдегі лизингтік 

қатынастардың  даму  сатысына  байланысты  жалпы  экономика  салаларындағы  әртүрлі 

шаруашылық  субъектілерінің  арасындағы  лизингтік  қатынастардың  ұйымдастыру 

формаларын  анықтау  мүмкіндігі  туады.  Осы  формалардың  бірі  лизингтік  қатынастарды 

банктік құрылымдар арқылы ұйымдастыру болып табылады. Бұндай жағдайда лизингтік 

қатынастар тікелей банктер немесе банктердің еншілес лизингтік компаниялары арқылы 

ұйымдастырылады. 

Жалпы  банктік  тәжірибеде  коммерциялық  банктер  мен  лизингтік  компаниялар 

арасындағы несиелік қатынастар әртүрлі формаларда құрылуы мүмкін: 

1. 


Банктер  лизингтік  компанияларға  олардың  жүргізетін  әрбір  операциялары 

бойынша  клиенттің  төлем  және  несиелік  қабілетілігіне  толық  талдау  жасалғаннан  кейін 

кепілдендірілген  насиелер  береді  және  бұндай  несиенің  мерзімі  әдетте  лизингтік 

келісімшарттың мерзімімен толық сәйкес келеді. 

2. 

Банктер лизингтік компанияларға кез-келген қарыз алушыларға берілетін сияқты 



кепілдендірілмеген қарапайым банктік несиелер береді. 

Осыған байланысты тәжірибеде банктік капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының 

екі әдісі кездеседі: 

1) 


тікелей әдіс; 

2) 


жанама әдіс. 

Көптеген лизингтік компаниялар өз қызметтерін іске асырудың алғашқы кездерінде 

ақша қаражаттарын жинақтаудың сыртқы көздеріне, соның ішінде әсіресе банктік несиеге 

көп  мөлшерде  тәуелді  болады.  Бұндай  жағдай  бүгінгі  таңда  шетелдік  тәжірибеде  толық 

түрде  дәленденген.  Мысалы,  шетелдердегі  лизингтік  компаниялардың  жалпы 

ресурстарының ішіндегі банктік несиенің үлесі 75 %- ке дейін жетеді.  

Лизингтік  компаниялардың  өз  қызметтерін  жүзеге  асыру  барысында  сырттан 

тартылған  қаражаттарды,  яғни,  банктік  несиені  көп  мөлшерде  пайдалануы  ақша 

формасында лизингтік компанияға берілетін банктік несие мен тауар формасында лизинг 

алушыға берілетін несиенің ерекше бір формасы болып табылатын лизингтің арасындағы 

өзара тығыз байланысты куәландырады. Яғни, несиенің бір формадан басқа бір формаға 

ауысуы көрінеді. 

Сонымен бірге лизингтік фирманың банктік несиені көп мөлшерде пайдалануы сол 

фирманы қаржыландырудың осы түріне неғұрлым көп тәуелді етеді. Сондықтан банктер 

мен  лизингтік  фирмалардың  қызметтері  бір-біріне  байланысты  болады.  Міне,  осындай 

жағдайларда  лизингтік  фирманың қызметінің  тиімділігі  банктен несие  алу  мүмкіндігіне, 

қарыздық  өсімақының  өзгеру  деңгейіне  және  банктік  саясаттың  анықтаған  тағы  басқа 

жалпы белгілеріне тәуелді болады. 

Бүгінгі  таңда  еліміздегі  отандық  лизингтік  компаниялардың  сырттан  қаражаттар 

тарту  мүмкіндігі  жылдан-жылға  ұлғайып  келеді  деуге  болады.  Оны  коммерциялық 

банктерден экономика сапаларына бөлініп отырылған несиелер көлемінен көруге болады. 

Қазіргі уақытта экономика салаларына банктік сектордан бөлініп отырған орта және 

ұзақ мерзімді несиелердің қысқа мерзімді несиелермен салыстырғанда үлес салмағының 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау