581
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
-
қолма- қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізу;
-
халыққа басқа да қаржылық қызмет көрсету.
Банктің қызметін экономикалық тұрғыдан келесілерге бөледі.
-
ссудалық (есептік ссудалық);
-
есептік;
-
кассалық;
-
инвестициялық және фондтық;
-
кепілдемелік [1].
Банктік қызметтің бастыларының бірі халыққа депозиттерге қаражаттарын тарту
болып табылады. Банктің бұл қызметінің маңызыдылығы банктің ресурстарын
қалыптастыруда. Банктің ресурстары өзіндік қаражаттардан, тартылған және өзінің
айналыстан түскен құралдарынан қалыптасады.
Резервтерді құру кезінде, бір жағынан, төленетін салық және, сәйкесінше, ақшалай
қаражаттар шығындары төмендейді. Бұдан басқа, резервтерді құру таза табыстың сәйкес
бөлігі нақты капиталын ұлғайта отырып, банк қолында қалатынын білдіреді және оны
күтілмеген қаржылық қиындықтардан кепілдік ретінде қолдануға болады. Басқа жағынан,
резервтер сомасы қаншалықты үлкен болса, соншалықты банктің таза пайдасы төмен
болады, ал бұл таза пайдадан банк акционерлеріне дивидендтер төленеді, сондықтан
құрылатын резервтер мөлшерін анықтауда осы екі факторды да ескеру қажет.
1-
кестеде Банк қызметінің таза табысы құрамында резервтердің үлестері
көрсетілген. Кесте мәліметтері бойынша банктің таза табысы құрамында резервтердің
үлестері 2014 жылы 3,13%, 2015 жылы 10,05% құраса, 2016 жылы 1,97% құрады, яғни
Банк 2015 жылы құрылған резервтер мөлшерін анықтауда жоғарыда айтылған екі
факторды ескермеген.
1
кесте - 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ-ның таза табысы
құрамында резервтердің үлестері
Жылдар
Резервтерді құруға дейінгі пайда, мың
теңге
Басқа резервтерді құру, мың
теңге
Үлесі, %
2014
ж.
888469
27866
3,13
2015
ж.
1382111
138958
10,05
2016
ж
18472288
365240
1,97
Ескерту: 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ қаржылық есептемесінен алынды [2].
Банктің есепті кезеңде пайдасы туралы мәліметтерді оның баланстық есептемесі
мен кірістер мен шығыстар туралы есептемесінен алуға болады. Банк жұмысы сапасына
объективті баға беру үшін пайданың алынған сомасын оның жоспарланған
(болжамданған) мәнімен, егер ол анықталған болса, және өткен жылдардағы мәндермен
салыстыру қажет. 2-кестеде «Каспи банк» АҚ-ның пайдасы туралы мәліметтер берліген.
2 кесте - 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ-ның таза табысы және
оның өсім қарқыны
Таза табыс, мың теңге
Өсім қарқыны (есе)
01.01.2016
ж.
01.01.2017
ж.
01.01.2015
ж.
2015
ж.
2
016
ж.
860603
1599186
13307048
1,858
22
8,
3211
Ескерту: 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ қаржылық есептемесінен алынды [2].
«Каспи банк» АҚ-ның таза табысы 2014 жылға қарағанда 2015 жылы 1,85 есе
артып, 2014 жылы 860603 мың теңгеден 1599186 мың теңгеге дейін жетті, ал 2015 жылмен
582
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
салыстырғанда 2016 жылы бұл көрсеткіш 8,32 есе күрт өсіп, 13307048 мың теңгеге дейін
жетті.
Есепті кезең қорытындылары бойынша банк активтерінің табыстылығы
бухгалтерлік баланс немесе кірістер мен шығыстар туралы есептеме мәліметтері бойынша
анықтауға болады. Есепті кезеңде банк активтерінің табыстылығын анықтаған соң, бұл
шамаларды өткен жылдармен салыстыру қажет. 3-кестеде 2014-2016 жылдар аралығында
Банк активтерінің табыстылығы жөнінде мәліметтер берілген.
3 кесте - 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ активтерінің
табыстылығы
Жылдар
Активтер, мың теңге
Таза табыс, мың теңге
Таза табыс / активтер, %
2014
ж.
119859763
860603
0,7
2015
ж.
333070534
1599186
0,4
2016
ж.
921769186
13307048
1,4
Ескерту: 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ қаржылық есептемесінен алынды
[2].
Банк активтерінің табыстылығы 2014 жылы 0,7% құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш
0,4%-
ға дейін төмендеді, ал 2016 жылы ол қайта 1,4%-ға дейін өсті. Банк активтерінің
табыстылығы қарастырылып отырған кезеңдерде төмен деңгейлі болып табылады.
Табыстылықтың басқа жалпылама көрсеткіші табыстың меншікті капиталға
қатынасы болып табылады. Бұл көрсеткішті баланстық есептеме мәліметтері бойынша
анықтауға болады. Оны анықтағаннан кейін көрсеткіштің өткен жылдар бойынша
мәндерімен салыстыру қажет. Кесте мәліметтері бойынша банктің таза табысының
меншікті капиталына қатынасы мәні 2014-2016 жылдар аралығында қатты өзгерген.
Меншікті капитал табыстылығы 2014 жылы 5,3%, 2015 жылы 5,7% құраса, 2016 жылы
16%-
ға дейін күрт өсті. Оның себебі 2014 жылға қарағанда 2016 жылы меншікті капитал
159880
82 мың теңгеден 82984955 мың теңгеге дейін 5,2 есе өсті, сонымен бірге таза
табыс та 2014 жылы 860603 мың теңгеден 2016 жылы 13307048 мың теңгеге дейін 15,5 есе
өсті.
Табыстылықтың жоғарылауының себебі 2016 жылы 2014 жылға қарағанда таза
табыстың өсімі қарқыны меншікті капиталдың өсімі қарқынынан 2,9 есе артық болуы.
Төмендегі кестеде 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ капиталының
табыстылығы жөнінде мәліметтер берілген.
4 кесте - 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ капиталының
табыстылығы
Жылдар
Меншікті каптал,
мың теңге
Таза табыс, мың теңге
Таза табыс / Меншікті
капитал, %
2014ж.
15988082
860603
5,3
2015ж.
28034577
1599186
5,7
2016
ж.
82984955
13307048
16,0
Ескерту: 2014-2016 жылдар аралығында «Каспи банк» АҚ қаржылық есептемесінен алынды
[2].
Бір жағынан, өтімділік банк өз міндеттемелерін, оның ішінде пайыздар түрінде
сәйкес сыйақыны төлеумен бірге салынған қаражаттарды қайтару ғана емес сонымен