Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет215/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   420

435 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



4. Богданкевич О. А. Организация деятельности коммерческих банков / О. А. 

Богданкевич. – 3-е изд., перераб. – Минск: ТетраСистемс, 2011. – 144 с. 

5. Волков Б. Д. Анализ финансовых результатов деятельности коммерческого 

банка. Практическое пособие – М.: Лаборатория Книги, 2009. – 70 с. 

6. Евсюков В. В., Кочетыгов А. А.  Комплексный подход к формированию 

кредитного портфеля банка / В. В. Евсюков, А. А. Кочетыгов // Банковское дело. 2013. № 

7. С. 32 – 35. 

 

 



 

Банктік өнімдер мен қызметтер нарығының ерекшеліктері 

 

Акимбаев Б.Д. 

Алматы экономика және статистика академиясы 

E-mail: Proudkaz

@gmail.

com 


 

  

Банктік  қызметтер  мен  өнімдердің  жаңа  түрлерін  енгізудегі  және  тұрғындарға 

ұсынуда екінші деңгейдегі банктер алдында бірнеше міндеттер тұр. Әр екінші деңгейдегі 

банк  өзінің  стратегиясы  мен  анықтаған  перспективасына  сәйкес    даму  бағытын  және 

жолын таңдайды.  

Банк  клиенттері  үшін  уақыт  үнемдеуге  және  тез  ақпараттар  алуға  мүмкіндік 

беретін  жаңа  қызмет  түрі  -  интернет-банкинг  (үйіңіздегі  банк  қызметтері).  Интернет-

банкинг - клиенттерге өз шоттарын Интернет желісі арқылы дербес басқаруға мүмкіндік 

беретін  банк  қызметі.«Интернет-Банкинг»  жүйесі  заңды  және  жеке  тұлғаларға  арналған 

[1, 119 б.].  

Жүйенің басты ерекшелігі - клиенттер туралы мәліметтердің орталықтандырылған 

базасы жасалған, соның арқасында  

Интернет-кассаның

 кез келгенінен интернет-шот аша 

отырып,  Қазақстанның  кез  келген  облыс  орталығында  банктік  қызметті  пайдалануға 

болады.  Және  бұл  қызмет  көзбе-көз  жүргізіледі,  яғни  Интернет-касса  менеджері  нақты 

клиентке  жеке  қызмет  көрсетеді.  Интернет  шотты  он-лайн  арқылы  басқаруды 

www.mybank.kz

  сайты  арқылы  дүние  жүзінің  кез  келген  нүктесінен  жүргізуге  болады. 

«Интернет-Банкинг»

 жүйесінің клиенттерге беретін төмендегідей мүмкіндіктері бар:  

"Интернет-Банкинг"

  жүйесінде  тіркелген  кезде  клиентке  5  түрлі  валютамен 

операция жүргізу мүмкіндігі бар мультивалюталық Интернет-шот ашылады:  

- қазақстандық теңге (KZT); 

- АҚШ доллары (USD); 

- ресей рублі (RUR); 

- евро (EUR); 

- ағылшынның фунт стерлингі (GBP). 

Бұл  шоттан  клиент  операцияларды  үйден  де,  кеңседе  отырып  та  жүргізе  алады 

және банктің  жұмыс  уақытымен  шектелмейді.  «Интернет-банкинг»  жүйесінде  24  сағат 

бойы операция жүргізуге болады. Осылайша, үйдегі компьютер алдында отырып, клиент:  

- интернет-шоттарыңыздағы ақша қозғалысын тәулік бойы қадағалай алады; 

-  компьютер  мышкасын  бір  рет  қана  басу  арқылы  интернет-депозиттерді  ашып-

жаба  алады  (Мысалы,  Қазақстан  Халық  банкінде    KZT,  USD  және  EUR  Интернет-

салымдары - 90, 180, 270, 360 күнге, пайыздық ставкасы 4 % - 11%;  KZT, USD және EUR 

"Жинақтаушы  +"  депозиттері  -  6, 9, 12, 18, 24 және 36 айға,  толықтырып  отыру 

мүмкіндігімен); 

- Интернет-шоттан карточкаға KZT, USD және EUR ақша аударымдарын жүргізу 

(операция  құны  -  16  теңге,  жалақылық  карточкаға  аудару  -  тегін, аударым мерзімі -  5 

минуттан 3 сағатқа дейін); 



436 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



- карточкадан Интернет-шотқа KZT, USD және EUR ақша аударымдарын жүргізу 

(операция құны - Интернет-шотқа аударылатын ақша сомасының 1%-ы, аударым мерзімі - 

1 банктік күн); 

- Қазақстан аумағы бойынша әп-сәтте жасалатын аударымдар (операция құны - 16 

теңге, аударылатын ақша сомасына байланысты емес); 

- банктің кез келген ЕДБ-не кәдімгі шоттарға ақша аудару (құны - соманың 0,5%-

ы); 

- банкаралық төлемдер (соманың 0,9%-ы); 



- зейнетақылық шот бойынша үзінділер алып отыру (құны - 31 теңге); 

-  валютаны  айырбастау  және  конверсиялау  (Банктегі  өзара  тиімді  қолма-қол 

ақшасыз айырбастау бағамымен); 

- K-mobile қызметі үшін ақы төлеу (құны - 16 теңге); 

-  9  өңірдегі  коммуналдық  және  провайдер  компанияларының  қызметтеріне  ақы 

төлеу – барлығы 27 ұйым (құны - 16 теңге) [2].  

"Интернет-Банкинг"

  жүйесіндегі  қосымша  қызмет  түрлері  -  халықаралық 

аударымдарды дербес режімде жүргізу, кредиттердің өтелуін бақылап отыру мүмкіндігі, 

Интернет-шоттағы  ақша  қалдығы  туралы  ұялы  телефонға  хабарлап  отыру  (Мобильдік 

банкинг қызметі) де көрсетәіледі. 

Интернет-банкинг қызметінің кәдімгі қызмет көрсетуден басымдығы:  

-  банктегі  өз  ақшаңызға  тәуліктің  24  сағатында,  аптадағы  7  күн  бойы  және  бір 

жылдағы 365 күн бойы сенімділікпен қол жеткізу; 

- сонымен қатар клиенттің үйде немесе кеңседе отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету 

мүмкіндігі.  Әр  жағдайға  қатысты  қандай  да  бір  қызмет  үшін  ақы  төлеу  немесе  ақша 

аудару  мақсатында  банкке  бару,  кезекте  тұру,  жұмыс  орнынан  сұрану  қажет  емес.  Бар 

керегі  -  Интернетке  қосылған  компьютер  және  кілттік  тасымалдаушы.  Басты  фактор  - 

ыңғайлылық  және  уақытты  үнемдеу,  Интернет-  банкинг  банк  клиенттері  үшін  осындай 

тартымдылықпен ерекшеленеді.  

Интернет-банкинг  жүйесінің  жұмысы  шеңберінде  банкте  ашылған  барлық  шот 

түрлеріне  (есеп  айырысу,  депозиттік,  карточкалық)  қол  жеткізу  мүмкіндігі  беріледі. 

Болашақта - кредиттік және инвестициялық-брокерлік шоттарға да қол жеткізуге болады.  

Шоттарды нақты уақыт режимінде басқару мүмкіндігі:  

-  үзінділер  алу,  төлемдер  (банкішілік,  банк  аралық,  коммуналдық  қызметтер  мен 

мобильдік байланыс үшін) жүргізу, оның ішінде белгіленген мерзімділікпен; уақытша бос 

ақшалай  қаражатты  уақытында  әр  түрлі  қаржы  құралдарына  орналастыру  арқылы 

(оларды көбейтуге мүмкіндік беретіндей етіп) өзінің қаржы ресурстарын нақты басқару; 

-  мұнымен  қатар  интернет-банкинг  клиенттері  валюта  рыногындағы  кенеттен 

болатын  жағымсыз  жағдайлар  туралы  бірден  хабардар  болуға  және  тиісінше  шара 

қолдануға, мәселен, шоттарды жабуға және шетел валютасын сатып алуға мүмкіндік; 

-  қағазбастылық  болмайды.  Интернет-шотын  ашқанда  «Интернет-Банкинг» 

жүйесінде  банк  қызметін  көрсету  туралы  шарт  бекітіледі,  онда  мүмкін  болатын  барлық 

операция  туралы  айтылады,  мұнан  басқа  сіз  ешқандай  қағаздық  құжатқа  қол 

қойылмайды.  

"Интернет-Банкинг" 

жүйесіне 

қосылу 


үшін, 

кез келген жеке тұлға Интернет-шотты өз атына аша алады. Шот ашу рәсімі мынадай екі 

кезеңнен тұрады: 

1. Банк сайтында тіркеу - қауіпсіздік қажеттігін ескере отырып, тіркеуге уақытша 

Интернет-касса аумағынан қол жеткізу мүмкін болады. 

2.  Жүйеде  қызмет  көрсету  шартын  бекіту  және  сізге  жақын  жердегі  Интернет-

кассадан аутентификациялау құралын сатып алу.  

«Интернет-Банкинг» жүйесінің басқа банктер жүйелерінен артықшылығы:  




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау