Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет180/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   420

364 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



өнімдерді  арттыру  Қытай  экономикасын  дамытудың  негізгі  мәселесі  болып  табылады. 

Қытайда ғылыми-техникалық әлеуетті белсенді дамыту, экономикалық өсу стратегиясын 

қалыптастыру  және  жүзеге  асыру  ісіне  аяқ  басқан  кезі  1990  жылдан  басталды.    1998ж. 

жаңа  технологияларды  енгізу  бойынша  «Үкімет  басымды  деп  санайтын  салалардың, 

өнімдердің,  технологиялардың  тізбегін  дамыту»  және  «Шетелдік  инвестициялар  үшін 

тартымды салалар тізбегі» атты екі бағдарлама қабылданған. 1995 ж. бастап Қытай жаңа 

индустриалды даму кезеңіне аяқ басты. Ол жаңа және жоғары технологиялардың, ғылыми 

сыйымды  өндірістің  өсу  қарқынымен,  өнеркәсіптік  құрылымды  өндірісті  әрі  қарай 

жетілдірумен сипатталады [1]. 

 Жаңа  техника  мен  жоғары  технологияны  өндіріске  енгізумен  ҒТИП  (ғылыми-

техникалық  индустриалды  парктер)  айналысады.    Онда  технологиялық  жетістіктер 

коммерциялық  және  өндірістік  жағынан  қарқынды  жылдамдықпен  игеріледі.  ҒТИП 

қарамағына  әр  түрлі  саладағы  ғылыми  орталықтар  мен  кәсіпорындар  кіреді.  ҒТИП 

олардың  құрылуына  жағдай  жасайды,  ғылыми  зерттеулерін  жүргізуге  көмектеседі, 

ақпарат  және  қаржымен  қамтамасыз  етілуін  қадағалайды,  бір  сөзбен  айтқанда, 

кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды. 

         ҚХР шет мемлекеттерден тартылған инвестицияларды энергетика, көлік және 

байланыс,  мұнай-химия,  металлургия,  жеңіл  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  мәдениет, 

ғылыми  зерттеулер  сияқты  инфрақұрылымды  салалармен  байланысты  ірі  және  орта 

деңгейдегі объектілердің құрылымына бағыттап пайдаланады. 

Ал Оңтүстiк Корея Республикасының ғылым  мен техникасы соңғы  30 жылда өте 

қарқынды дамыды. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып 

шығып, соғыстан кейін зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядро және ғарыщты игеру 

салаларына бағыттады. 1967 жылы басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау 

және  жүзеге  асыру  болып  табылатын  “Ғылым  және  технология  министрлігі”  құрылды 

және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы” Заң қабылдады [2]. 

  1966  ж.  мемлекет  тарапынан  қаржыландыратын  тұңғыш  зерттеу  институты 

“Корей Ғылым және технология институты” құрылды (KIST). Оның негізгі мақсаты озық 

шетел технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. Сонымен қатар, Корея 

мемлекеті  өз  саясатын  отандық  өндірушілерін  ынталандыруға  бағыттады.  Ол 

экономиканың  басымды  салаларындағы  несиелер  бойынша  пайыздық  қойылымдарды 

кеңінен  субсидиялау  арқылы  жүргізілді.  70-жылдардың  ортасынан  басталған  келесі 

кезеңде  машина  жасау,  тоқыма  өнеркәсібі,  кеме жасау, химия, электроника және 

электроэнергетика  секілді  капиталды  көп  қажет  ететін  және  технологиялық  тиімді 

салаларға  салықтық,  кедендік  және  басқа  да  жеңілдіктер  түрінде  мемлекеттік  қолдау 

көрсетілді 

80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге асырудың 

3-кезеңі  аяқталды.  Ол  стратегиялық  маңызды  салаларға  шоғырланған  инвестицияларды 

бағыттауды  қаржыландыру,  инвестициялау  және  кедендік  бақылау  салаларын 

либерализациялауды  көздеді.  Зерттеулер  мен  жобалаулар  саласында  тұңғыш  Ұлттық 

бағдарлама  жасалды.  Ғылымды,  білікті  мамандарды  даярлауды  мемлекеттік 

қаржыландыру  күшейе  түсті.  “Даэдок”  ғылыми  қалашығы  құрылды.  Бұл  ғылыми 

қалашық  мемлекет  тарапынан  және  жеке  сектордан  қаржыландыратын  оқу  орындары, 

зерттеу  орталықтары  мен  венчурлік  фирмаларға  ғимарат  беріп,  олардың  біріккен 

зерттеулеріне  көмек  көрсетті.  Кореяның  1997-2002  ж.ж  арналған  инновацияның  5- 

жылдық жоспары мен  елдің 2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ 

мерзімді жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады [3]. 

Келесі  мысал  ретінде  инновациялық  даму  жолына  өту  стратегиясын  сәтті  жүзеге 

асырып,  көптеген  дамушы  елдерге  үлгі  болып  отырған  мемлекет  -  Финляндияны 

қарастыруға болады.  Финляндия -  2009-2010 жж. бәсекеге қабілетті елдер рейтингіндегі 

көшбасшы  ел.    Жан  басына  щаққандағы  ЖІӨ  -   40411  АҚШ  долларын,  ЖІӨ-нің  жыл 



365 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



сайынғы  өсімі  -  5,1%  құрайды.  Осы  жетістіктерге  жоғарғы  білім  беруге,  ғылымға 

қаржыны  конкурс  арқылы  бөлу  және  инновациялық  инфрақұрылымды  дамыту  арқылы 

жетіп отыр.  

 Финляндияның  жүргізіп  отырған  ғылыми-техникалық  саясаты  экономиканың 

индустриялдық  жолдан  инновациялық  даму  жолына  бағыттауға  мүдделі  негізгі 

мемлекеттік  құрылымдар  арасындағы  әріптестікті  нығайтуға  бағытталған.  Бұл  саясатты 

ғылым  және  технология  бойынша  Кеңес  басқарып,    жүзеге  асырады.  Кеңестің  негізгі 

міндеттері  инновациялық  ортаны  қалыптастыру,  ғылыми  зерттеулерге,  технологияларға, 

әзірлемелерге  шығындарды  өсіру,  кластерлерге  қолдау  көрсету,  елдің  аймақтарына 

ғылыми сыйымды өнертабыстарды тарату.  

Ғылыми  және  технологиялық  саясатқа  жауапты  ұйымдар  Білім  беру  Министрлігі 

мен  Сауда  және  өнеркәсіп  Министрлігі  болып  табылады.  ҒЗТКЖ-ны мемлекеттік 

қаржыландырудың  80%-ға  жуығы  осы  ұйымдар  арқылы  бағытталады.  Финляндиядағы 

ғылыми-технологиялық саясаттың сәттілігін оның экспортындағы жоғары технологиялық 

өнімдердің  тұрақты  өсуінен,  ғылым  мен  технологияны  мемлекеттік  және  жеке 

қаржыландыру  көлемінің  артуынан  көруге  болады.  2010  ж.  ғылыми  зерттеулерге 

жұмсалған бюджеттік қаражат 2,055 млн. евроны құрады. 

Финляндияның  экспортында    High-Tech  үлесі  энергетика  саласындағы 

жетістіктердің  арқасында  15  жыл  ішінде  4%-дан  25%-ға  артқан.  Өнеркәсіп  экспорты  

жалпы көлемі құнының 60%-ға жуығы   электрондық және электротехникалық өнеркәсіп 

өнімдерінің  үлесіне  тиеді.  Финляндияның  электрондық  өнеркәсібінің  флагманы   

Нокиа 


концерні  болып  табылады,  елдегі  электрондық  өнімдер  жалпы  көлемінің  30%  осы 

концернің үлесіне тиеді. Нокианың Финляндия ЖІӨ-гі үлесі   3,5%-ды, ал әлемдік ұялы 

телефон рыногындағы үлесі 30%-ды құрайды 

 [4]. 


 

Шетелдік  тәжірибе  көрсеткендей,  ғылыми-техникалық  әлеует  кез-келген 

мемлекеттің  өркендеуінің  кепілі.  Қазақстан  экономикасының  инновациялық 

бағыттылығын  арттыруда  инновациялық  даму  саясатын  сәтті  жүзеге  асырып  жатқан  

елдердің  тәжірибесін  пайдаланудың  маңызы  зор.  Алайда,  ол  тәжірибені

 

елдің 



экономикалық,  ғылыми-техникалық,  табиғи-климаттық  ерекшеліктеріне  қарай  таңдаған 

дұрыс деп есептейміз. Дамыған елдердің  инновациялық саясатын, негізгі  ынталандыру 

шараларын  зерттеп,  соған  қарай  инновациялық  үдерістерді  жүзеге  асыру  шараларын 

тиімді қолдау және ынталандыру жүйесінің қазақстандық үлгісін қалыптастыру қажет.   



Қолданылған дереккөздер тізімі: 

1.  Анализ экономического потенциала. //Казахстан спектр 2003/3. стр. 61. 

2.  Инновационный  путь  развития  для  новой  Росии    //Под редакцией В. П. 

Горегляда. М.: НАУКА 2005  стр. 65. 

3.  Б.А.Алдашов,  Е.В.Ткач  //  Инновационная  инфраструктура:  понятие,основные 

элементы и направления развития//НПЖ Транзитная экономика.-№2-2007, стр. 110-114. 

4. 

www.infofin.ru



 -  Финляндия туралы ақпараттық сайт 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау