362
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау (шетелдік тәжірибе)
А.П. Садуллаева
Нархоз Университеті
E-mail:
Sp-aigul@mail.ru
Бүгінгі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары
технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген
бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын
индустриалануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім
жасауға дейінгі үдерістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді
жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы
жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда.
Осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын әлемдегі дамушы мемлекеттер қатарында
болған Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің тез арада дамып кетуі бұған нақты мысал
бола алады. Қазіргі кезде экономикасы дамыған елдер қатарына «үлкен жетілік»
елдерімен (АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия) қатар «жаңа
индустриалды елдер» де кіреді. Олар Оңтүстік Корея, Гонконг, Сингапур, Тайвань және
т.б. Осы аталған «жаңа индустриалды елдердің» қазіргі дамыған елдер қатарына
шығуына, ұтымды бәсекеге қабілетті тауарларды экспорттауына, яғни экспортқа өздерінің
әріптестеріне қарағанда арзан, әрі жаңа технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге
қабілетті өнім шығаруы себеп болып отыр. Олар адамзат тарихындағы бесінші
технологиялық уклад салаларында (микроэлектроника, информатика, биотехнология,
гендік инженерия, энергияның жаңа түрлерін пайдалану, ғарыштық технологиялар және
басқалары) үлкен жетістіктерге аз уақыт ішінде қол жеткізген. Жаңа индустриалды
елдерде технологиялық инновация ретінде әдетте, жоғары технологиялық салалармен,
өнімдермен, қызметтермен қоса, дәстүрлі «орташа» технологияларды жетілдіру процесі
де, өндіріс шығындарын төмендетуге мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық және
экономикалық инновациялар да қарастырылады.
Азияның «жолбарыстары» мен «айдаһарлары» өздерінің экономикалық дамуында
экспортқа жоғары өңдеу сапасынан өткен тауарлар ұсынуға бет алған. Олар Жапония
тектес дәстүрлі экономикалық саясаттан, яғни алдымен ішкі рынок үшін, содан кейін
сыртқы рынокқа шығарудан бас тартып, әлемнің әртүрлі елдеріндегі, тіпті әр
аймақтарындағы тұтынушылардың талап-талғамын ескере отырып, өз елдерінде экспорт
үшін тауар өндіретін кешендер, ірі салалар құрған. Бұл жерде бір ескеретін жайт олардың
сыртқы рынокқа өнім шығаруға географиялық қолайлы жағдайы, яғни теңіз арқылы
арзан тасымалдау көлігін пайдалану және арзан жұмыс күшінің болуы арқасында әлемдік
рынокты арзан әрі сапалы, тұтынушының күнделікті қажеттілігін қанағаттандыратын
тауарлар экспорттады. Бүгінде электрондық әлемде беделді орын алып отырған Жапония,
Оңтүстік Корея, Қытай ғылыми-техникалық саясатты ұтымды жүргізу нәтижесінде
осындай жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан да ғылыми-техникалық саясат мәселесін
толыққанды зерттеу, бұл саясаттың шет елдерде жүзеге асырылу тәжірибесімен танысу
Қазақстан сияқты жас, ғылыми, өндірістік әлеуеті жоғары мемлекет үшін өте өзекті
мәселе болып табылады.
Жаңа индустриалды елдер, Жапонияны қоса алғанда АҚШ-тың ішкі рыногында
автокөліктің және электронды техниканың 30%-ға жуығын, тоқыма және тігін өнімдерінің
50%-ын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар осы елдердің экономикалық дамуында ТҰК-
дың алатын орны ерекше. БҰҰ-ның сарапшылары оларды «әлемдік рыноктың
қозғаушылары» деп атаған. 1990ж. әлемде 40 мыңнан астам ТҰК, 250 мың еншілес
компаниялары құрылған. Олар өнеркәсіптік өндірістің 40%-ын және әлемдік сауданың
363
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
жартысынан көбін бақылайды, 500 ТҰК электроника және химия өндірісінің 80%-ын,
фармацевтиканың 95%-ын, машина құрастырудың 76%-ын жүзеге асырады.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады.
Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында
дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда мемлекет құқықтық-
нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы
ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай
болып келедi.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік
қолдаудың негізгі кең тараған үш әдісі бар:
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде
көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау,
ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес
лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде
мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы
бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген
жеке бизнеске салықтық жеңілдіктер ұсыну.
Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға 2-шi дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады.
Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрады. Ал мемлекет
инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық
кәсіпорындардың 99%-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%-ды болды. Мемлекеттік
деңгейде инновациялық кәсіпорындарға мынандай қолдау көрсетіледі:
1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық
кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма,
регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық
кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық
регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек
көрсетеді.
2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету. Оны Жапонияда 59
филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық
корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі,
шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге
асырады. Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол
құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта
бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін енгізуде
туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешенін қамтиды.
Жапонияда Орталық банктер несиенің 47%-ын, ал жергілікті коммерциялық
банктер 100% несиені шағын және орта кәсіпорындарға береді. Шағын инновациялық
кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл
қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық
кәсіпорындар қарызды осының жартысымен, яғни 2-3%-бен алады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан
американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан
кейін шықса, АҚШ-та - 4 ай, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің
сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш - 11 ай.
Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық даму бағытында қарқынды ілгерілеп келе
жатқан елдердің қатарында Қытай мемлекеті де бар. ХХІ ғасырда жоғары технологиялық