356
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
өсімдіктер аяқ асты болып, топырақ құрамы өзгеруі, үздіксіз құрылыс жұмыстарының
салдарынан орман ағаштарының кесілуі және автокөліктердін көптігінен аумақ тапталып,
ауа ластануы т.б себептерден адамдардың демалу мен денсаулық сақтау салаларындағы
экологиялық ахуал нашарлайды [1].
Рекреациялық ресурстар таралған аймақтардың қоршаған ортаға әсері әр түрлі
сипатта болады. Демалыс орындарында жаяу жүргіншілер көптігінен, көлік
құралдарының үздіксіз жүруінен, тағыда басқа көптеген себептерден топырақ
жамылғысы деградацияға ұшырауда. Топырақ жамылғысы құрамының өзгеруі ауа мен
ылғалды қажет ететін өсімдік жамылғысына өзіндік зиянын тигізуде. Құнарлы жерлердің
үлкен бөлігі әртүрлі демалыс орындарын салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Бұл
процесс үздіксіз жалғасуы топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың
құнарлы қабатының жел және су эрозиясына шалдығуға алып келеді. Рекреациялық
ресурстар таралған аймақтардың топырақ эрозиясына шалдығуы, топырақ жамылғысына
және демалуға барған адамдар үшін қолайсыз болып табылады. Сонымен қатар
көліктердің жиілігі, көлік тұрақтарының санының артуы, топырақ тығыздығына және
автокөліктердің пайдаланған газдары атмосфераның төменгі қабатына түсіп, адамның
тыныс жолдарына әсер етеді [2].
Рекреациялық ресурстар таралған аймақтарда өсімдік жамылғысының жағдайы
нашарлауда. Өсімдіктің тіршілігі үшін топырақ, оның құрылысы мен құрамының маңызы
аса зор. Өсімдіктерге топырақтағы өзгеріс, ылғалдың жетіспеуі немесе артуы, минералды
заттардың мөлшері өте тез әсер етеді. Ауаның ластанып, өсімдіктер жамылғысының
сиреуіне өзіндік кері әсерін тигізетін жағдайлардың бірі тұрмыстық қалдықтармен
ластану. Бүгінгі таңда тұрмыстық қалдықтармен ластану, рекреациялық ресурстар
таралған аймақтарда көп таралған. Тұрмыстық жуынды суларда азот, фосфор, кадмий,
жуушы заттар болады. Тұрмыстық жуынды сулар тұрғын үйлерден, қоғамдық
ғимараттардан және демалыс орындарынан таралады. Демек, өсімдіктер айналадағы
ортамен тығыз байланысты, олардың тіршілігі ортаның әсеріне бүтіндей бағынышты,
өсімдіктердің өздері де ортаға әсер етіп, өзгертіп отырады [3].
Қазіргі таңда рекреациялық ресурстар таралған аймақтардын қоршаған ортаға кері
әсер етуі құрылыс саласынан байқауға болады. Құрылыс жұмыстары және оларда
пайдаланылатын құрылыс материалдары. Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
республикамыздың экономикалық әлеуетіне байланысты орасан зор саланы көрсетеді.
Дегенменде олар ең алдымен табиғи ресурстарға кері әсерін тигізеді. Демалыс
орындарындағы құрылыс жұмыстары құрылыс алаңындағы өсімдіктерді толықтай жоюға
әкеп соғады. Бұл әсерді болдырмау мүмкін емес. Бұл тек жұмыс алаңындағы көптеп
кездесетін өсімдік түрлеріне ғана қатысты емес, топырақ жамылғысына да тигізер зияны
мол. Сонымен қатар демалыс орындарындағы құрылыс жұмыстарының үздіксіз жүруі,
орман ағаштарының кесілуіне әкеп соқтыруда. Бұл табиғи аумақтардың сұлулығын
бұзады. Орман ағаштары кесілген аймақтарда үздіксіз жел соғу процесі пайда болады.
Жел соғу салдарынан топырақ эрозиясы етек алады, топырақ эрозиясына ұшыраған
аймақтарда өсімдіктер жамылғысы нашарлайды. Бұлардың барлығы тірі организмге,
қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді [4].
Рекреациялық ресурстар таралған аймақтардын қоршаған ортаға кері әсер етуі,
табиғат қорғау органдарының тарапынан бақылаудың әлсіздігіне негізделген. Осыған
орай бірінші кезекте аймақтың биологиялық ландшафтық әртүрлілігін сақтауға
негізделген жүйелі басқару механизмін әзірлеу қажеттілігі туындайды. Бұл мехенизмнің
негізін демалыс орындары аумағын дамыту үшін тиімді практикалық және теориялық
әдістерді анықтау, оны шынайы жүзеге асыру құрайды. Рекреациялық әрекеттің
қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін бірнеше әдістер алынды, төмендегі 1-ші кестеде
келтірілген [5].
357
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
1-ші кесте. Рекреациялық әрекеттің қоршаған ортаға әсерін бағалау әдісі.
Әдістеменің атауы
Авторы, жасаушы
Әдістеменің мәні
Мезеттік әдіс [5]
Р. И. Ханбеков
Бұл әдістің негізгі мәні зерттеуші
рекреациялық аумақтың белгілі бір
участогында демалушылардын санын
арнайы ведмостқа тіркейді. Тіркеуге
алынған көрсеткіштер тәулікке, жылға,
апта күндеріне және ауа райы
жағдайларына байланысты өзгеріп
отырады.
Тіркемелі өлшемді әдіс [9]
Ост 56-100-95
Бұл
әдіс
сынама
алаңдарына
келушілерді тіркеп, қандай мерзім
аралығында болғандығын тіркеуге
негізделген.
Мөлшерлі өзгерудің шегі
Джордж Станкей,
Давид Коул, Роберт
Лукас, Маргарет
Петерсен және
Сидней Фриссел
Қорғауға алынған және саябақ
аумақтарындағы әлеуметтік орта мен
табиғаттағы адам әрекеті нәтижесінде
өзгерістер шегін өлшеп, анықтауға
бағытталған. Сонымен бірге қажетті
табиғи жағдайларды жасап, қалпына
келтіру, тиімді басқару стратегиясын
анықтау.
Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға
шиеленісіп барады. Табиғатты өзгерту, байлықтарын пайдалану қазір өзінің шегіне
жеткенге ұқсайды. Табиғи ресурстарды өлшеусіз пайдалана берсек, табиғат өздігінен
қалпына келу мүмкіншілігінен айырылып, жер бетіндегі тіршілікке үлкен қауіп
төнеді. Сондықтан да рекреациялық ресурстар таралған аймақтарда, демалыс
орындарында табиғат ресурстарын дұрыс қолдана білу, қорғай білу, адамзат баласының
басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1.Нурпейсова А.М., Махмутова Л.С., Рахимова Г.К., Шығыс Қазақстанда туризмді
дамытудың
негізгі
мәселелері
//
Халықар.ғыл.-практ.конф. Материалдары.
«Географияның қазіргі мәселелері, білім беру, ғылым, тәжірибе» Семей, Қазақстан, 19-20
қараша 2015-жыл Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы.-Семей, 2015.- 314-318 бет
2. Мазбаев О.Б., Увалиев Т.О., Дүние жүзінің табиғат ресурстары географиясы. –
Алматы: ЖШС «Полиграфкомбинат», 2013. - 186-199 бет
3.Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы .- Алматы: Республикалық баспа
кабинеті, 1997.- 86-95 бет
4. Сапаров Қ.Т., Какимжанов Е.С., Қазақстанның орман ландшафттарын қорғау
және табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыру // Халықар.ғыл.-практ.конф.
Материалдары. «Географияның қазіргі мәселелері, білім беру, ғылым, тәжірибе» Семей,
Қазақстан, 19-20 қараша 2015-жыл Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы.-Семей,
2015.- 350-357 бет
5. Бармин А.Н., Комаров А.И., Шуваев Н.С., Анализ методов оценки
рекреационного воздействия на биогеоценозы //Геология, география и глобальная
энергия.-2012.- С. 241-248