Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет18/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   420

36 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



болашақ,  қазақстанның  бәсегекеге  қабілітті  мемлекет  қатарына  енгізілу  құндылықтары 

жатыр. 


«Қазақстан – 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы 

жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. 

Дамуымыз  жедел,  келешегіміз  кемел  болсын.  Жарқын  іспен  күллі  әлемді  таң  қылып, 

Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы. 

  Жалпыұлттық  идея  бүкіл    қазақстандық    азаматтардың  патриоттық  сезімдерін 

ұлғайтуға  және    Қазақ  Елінің    болашақта  әлемдік  аренада биік белестен орын алып

бәсекеге  қабілетті  мемлекет  екеніне  сенім  білдіретін  стратегия.

  Қорыта  айтқанда 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  және  «Мәнгілік  Ел»  идеясы—  Қазақстан 

Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси көрегенділігінің, 

парасаттылығының  көрінісі деп тұжырымдауға болады.   

Қолданылған дереккөздер тізімі 

1. 


БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ҚАСТЕРЛІ ҚАЗЫНА. Егемен Қазақстан  

№238 (28966) 10 желтоқсан,  2016 жыл.-1 б 

2. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 



Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

 

3. 



«Нұр Отан» партиясы: «Мәңгілік Ел» идеясы – дініміз бен тіліміздің беріктігін 

айқындайды. Түркістан халықаралық саяси апталық газеті  3 сәуір 2017 жыл.- 1 б.

 

4. 


Ералы Тоғжанов: 25 жылдың 25 сәті.  "Егемен Қазақстан" газеті. 09.08.2016 ж. 

5. 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ   

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАТШЫЛЫҒЫ .  Қазақстан халқы 

Ассамблеясы жылын өткізу тұжырымдамасы.

 № исх: 13-04-15/6091//35-27.1   от: 

06.01.2015.

 

 



 

 

Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің қалыптасу тарихы 



 

Жақсыбаева А., Кулбашева Т. 

Ғылыми жетекшісі Рысбекова Г.Е. п.ғ.к. 

ҚР, Алматы қ., Евразиялық Технологиялық Университеті 

E-mail: arujan_ 

_2006@mail.ru

 

 

        Көп ұлтты қоғамның тұрақты дамуының кепілі ретіндегі түрлі ұлт өкілдерінің 

бірге  бейбіт  өмір  сүруі,  олардың  өзара  қарым-қатынасын  реттеу,  өзара  келісімді 

қамтамасыз ету негізінде ұлтаралық қатынас мәдениетінің ұстанымдары қалыптасты. Бұл, 

ең алдымен, гуманизм, өзара сыйластық, түрлі ұлт өкілдері арасындағы сенім, бір біріне 

өзара көмек көрсету құндылықтарына сайып келеді.  

Олар  ұлтаралық  қатынастағы  сыйластық,  ұлттық  ожданға,  ұлттық  тілге,  салт-

дәстүрге, құндылықтарға деген құрметті білдіреді.  

       Қазақстандағы  ұлтаралық  қатынастар  тарихи  дамудың  түрлі  кезеңдерінде 

этностар өмірінің мүдделеріне сәйкес болды. Оған заманның ерекшеліктері, мемлекеттің 

ұлттық саясаты, сол кезеңнің ғұрыптары әсер етті. Тарихи даму кезеңдердің қойнауында 

жүзеге  асырылған  ұлтаралық  қатынастардың  ерекшеліктері  этностардың  жеке  және 

ұжымдық  жадында,  менталитетінде  сақталып  қалды.  Мұны  ұлтаралық  қатынас 

мәдениетінде назарға алып, ұмытпауға тиістіміз.  

      Ұлтаралық қатынас мәдениеті – тарихи ұғым, ол белгілі бір әмбебап мазмұнға 

ие. Дегенмен, ол нақты бір уақытта, нақты бір елде өзіндік ерекшелікке ие. Қазақстандағы 

ұлтаралық  қатынас  мәдениетінің  тарихи  тамырларына  зер  салғанда  қандай  тарихи 

фактілер  мен  оқиғаларды  білу  қажет.  Бұл  Қазақ  жерінің  Ресей  империясы  құрамында 




37 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



болған кезеңде патша үкіметінің аумақтық, әкімшілік реформалары барысында халықтың 

этникалық  құрамы  үлкен  өзгеріске  ұшырады.  Қазақстан  енді  бірұлтты  емес,  көпұлтты 

елге айналды. 1897 жылғы санақ есебі бойынша Қазақстанда 4 млн. 147 мың адам өмір 

сүрген.  

Сол  дәуірдің  құжаттарының  тілімен  сөйлегенде  халық  «жергілікті»  -  қазақтар, 

«орыс  қоныс  аударушылары»  болып  бөлінген  және  «басқалар»,  яғни  оған  жоғары 

аталғандардан  басқа  этностардың  бәрі  кірген.  Сол  кезде  Қазақстан  Далалық  және 

Түркістан генерал-губернаторлығы болып екіге бөлінді. Далалық өлкеде қазақтар – 77%, 

орыстардың үлес салмағы 20%, басқа ұлт өкілдерінің барлығын қоса есептегенде – 3%-ды 

құрады.  

 

 

Ал  Түркістан  өлкесінде  мұндай  көрсеткіштер  төмендегідей  болды:  «жергілікті 



бұратаналар» – 94,4%, орыстар – 3,7%, басқа халықтар – 1,9%. Жалпы Қазақстан бойынша 

халықтың  этникалық  құрамы  төмендегідей  көрсеткіштерді  құрады:  жергілікті  халық  – 

85.7%, ХІХ ғ. соңына қарай қоныс аударушылар – 11.9%, басқа халықтар – 2,4% [1]. XX ғ. 

басында  «столыпин  реформасы»  кезінде  Қазақстанға  қоныс  аудару  қозғалысының 

белсенді жүргізілуіне байланысты еліміздің этникалық құрамы едәуір өзгеріске ұшырады. 

І дүниежүзілік соғыс қарсаңында 1913 ж. қазақтар - 58,5%, ал орыстар 29,6% құрады [2] 

 

 

     Қазақстан  халқы  құрамының  көпұлтты  болып  қалыптасу  үдерісі  кеңестік 



дәуірде одан  әрі  күшейді.  Оған  алғышарт  болған  тарихи  оқиғаларға  мыналар  жатты: 

индустрияландыру  кезінде  жаппай  сипат  алған  миграциялық  үдерістер,  күштеп 

ұжымдастыру  мен  саяси  қуғын-сүргін  науқандары,  тұтас  халықтарды  күштеп  қоныс 



38 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



аудару,  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  бейбіт  халықты  эвакуациялау,  тың  және  тыңайған 

жерлерді игеру. 1926 жылы 17 желтоқсанда екінші бүкілресейлік халық санағы жүргізілді. 

1926  жылғы  санақ  қорытындысы  бойынша  Қазақстанның  этникалық  құрамы 

төмендегідей болып қалыптасқандығын көрсетті: қазақтар – 3 627 612 адам немесе 58,5%, 

орыстар – 20,6%, басқа ұлт өкілдері – 20,9% құрады [3, 31 б.].  

 

      Қазақстан  үшін  аса  ауыр  нәубет  әкелген  ұжымдастыру  мен  көшпелі  халықты 



күштеп  отырықшыландыру  науқаны  еді.  Өйткені,  кеңес  үкіметінің  есепсіз  саясаты 

Қазақстанда  1930  –  1933  жылдарды  қамтыған  үлкен  аштыққа  алып  келді.  Қазақ 

даласында бұрын-соңды болып көрмеген бұл аштықтан ресми дерек бойынша 1 млн 750 

мың адам немесе қазақ халқының 42%-ы қырылып қалды [4]. Аштық пен қуғын-сүргіннен 

бас сауғалап 1 млн 30 мың адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 

616 мыңы қайтып оралмады. 200 мыңға жуық қазақ Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, 

Түркия елдеріне асып кетті.  

 

 



 

 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау