Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет19/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   420

39 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



1939  жылы  кезекті  халық  санағы  жүргізілді.  Оның  нәтижелері  этностардың  ара 

салмағы  күрт  өзгергенін  көрсетті.  Аштық,  миграциялық  саясат  қазақтар  санының  күрт 

азаюына алып келген-ді. Қазақтар - 37,9%, орыстар 40,2%, басқалар – 21,9% [5].  

 

      Осы  кезеңнен  бастап  Қазақстанның  этникалық  құрамының  ерекшелігі,  қазақ 



халқы  өз  атамекенінде  аз  ұлтқа  айналды.  ХХ  ғасыр  қатаң  саяси-құқықтық  жүйе  – 

тоталитарлық мемлекетті тудырған еді. Бұл жүйе күштеп қоныс аудару - депортациялау 

тәжірибесін  кеңінен  қолдана  бастады.  1920  жылдары-ақ  жүзеге  асырыла  бастаған 

болатын.  Бұл  кезде  Сібірге,  Орал  мен  Қазақ  жері  не  оппозиция  белсенділері,  ауқатты 

азаматтар,  дін  өкілдері,  бұрынғы  патша  әкімшілігінің  чиновниктері  жер  аударылған-ды. 

1937  –  1940  жылдары  кеңестік  корейлер,  немістер,  қырым  татарлары,  қалмақтар, 

балқарлар, шешендер, ингуштер, қарашайлар мен месхет түріктері барлық құқықтарынан 

айы  рылған  еді.  Оларды  шетелдік  тыңшы,  диверсант  деген  жалған,  ойдан  шығарылған 

айыппен  басқа  жерлерге  қоныс  аударды.  Күштеп  қоныс  аударудың  ауқымы  мен 

қатаңдығы бұл шараның қуғын-сүргінге ұшыраған этникалық топтарды қасақана құртуды 

көздегенін дәлелдеп тұрса керек.Алдымен әлеуметтік және таптық белгі бойынша «халық 

жаулары»  қуғындалса,  одан  кейін  ұлттық  белгі  бойынша  «сенімсіз  халықтар»  қоныс 

аударылды. Қазақ жеріне барлығы 60 астам этностар қоныс аударылды. КСРО аумағында 

жаппай  қуғын-сүргін  жылдарында  3  миллионнан  астам  адам  жер  аударылды.  Оның 

шамамен  жартысы  Қазақстанға,  қалғаны  Сібірге  жер  аударылды.  Қазақ  жеріне  қоныс 

аударылғандардың  саны  1  миллион  200  мың,  соның  ішінде,  немістердің  38%-ы,  шешен 

мен ингуштардың 83%-ы, кәрістердің 59%-ы, балқарлардың 55%-ы, қарашайлардың 58%-

ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. 




40 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



 

   


Қазақ  халқы  тағдыр  тәлкегімен  қоныс  аударылып  келген  халықтардың  сақталып 

қалуы  мен  руха  ни-материалдық  тұрғыда  қайта  түлеуіне  мүмкін  болған  көмегін  аяған 

жоқ-тын.  Қиын-қыстау  кезеңде  қазақ  халқы  ның  көрсеткен  мейірбандығы  мен 

қонақжайлылығы  қоныс  аударылып  келген  халықтардың  жадында  сақталады  және  ол 

ешқашан  ұмытылмақ  емес.  Міне,  осылайша  жоғары  ұлтаралық  қатынас  мәдениеті 

қалыптасты. Адамдар антигуманды саяси жүйе жағдайында болса да өзінің адамгершілік 

бет-бейнесін  сақтап  қалды.  Ресми  билік  орындарының  қуғын-сүргін  саясатына 

қарамастан,  өз  еркіндігін,  қала  берді,  өмірін  қауіп  қатергетіге  отырып,  адамгершіліктің 

биік үлгісін көрсетті. Қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының көрсеткен мейірбандығы мен 

қонақжайлылығы  қоныс  аударылып  келген  халықтардың  жадында  сақталады  және  ол 

ешқашан  ұмытылмақ  емес.  Бұл  қазақстандық  ұлтаралық  қатынас  мәдениетінің  негізі 

уақыт өте келе бейбітшілік мәдениетіне, руханилық пен келісім құндылықтарына ұласты. 

Халықтың  тағдырында  өшпес  із  қалдырған  1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысы  болды. 

Осынау  күрделі  кезеңде  Қазақстан  босқындар  мен  майдан  аумағынан  эвакуацияланған 

адамдардың  екінші  отанына  айналды.  Тек  1941  жылы  ғана  Қазақстанға  386,5  мың  адам 

эвакуациаланды, ал 1942 жылы олардың саны 500 мыңнан астам болды [6, 47 б]. Олардың 

барлығы  Қазақ  жерінде  баспана  тауып,  қазақ  халқының  қонақжайлығына  кез  болды. 

Осылайша  қазақстандық  бейбітшілік  мәдениеті,  рухани  келісімнің  тамыры  өзінің 

беріктігін  және  нығая  түскендігін  дәлелдеді.  1989  жылы  қаңтарда  КСРО-дағы  соңғы 

халық санағы өткізілді. Бұл санақ қорытындысы бойынша Қазақстан халқының саны 16 

млн.  адам  болды.  Қазақстан  халқының  құрамы  сандық  көрсеткішпен  төмендегідей  еді: 

қазақтар – 39,7%; орыстар – 37,8%; басқалары – 22,5% құрады [4, б. 45]. 




41 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты елдегі этнодемографиялық ахуал да өзгере 

бастады. Тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа құбылыс – ол қазақ халқының үлес салмағы елдегі 

басқа  этностарға  қарағанда  арта  бастады.  1999  жылғы  санақ  бойынша  53,4%,  ал  2009 

жылғы санақ бойынша 63% астам [7, б. 54,61].  

 

 

       



 Елдің  этнодемографиялық  дамуындағы  бұл  тенденция  мемлекет  құрушы  ұлт  – 

қазақтардың  басқа  этностарды  топтастырудағы  рөлін,  қоғамдағы  келісім мен 

бейбітшілікті  қамтамасыз  етудегі  жауапкершілігін  айқындап  тұрса  керек.  Ол 

Қазақстандағы ұлтаралық қатынас мәдениетінің бейбітшілік, мәдениеті, рухани келісімге 

ұласу  динамикасын  көрсетіп  тұр.  Оның  негізі  қазақ  халқының  менталитетіндегі 

қонақжайлылық пен толеранттылық құндылықтары тұр.  

Қазақстандық  ұлтаралық  қатынастар  моделі  өзінің  қалыптасу  кезеңінен  өзіндік 

ұлттық нақыштарды қоса келесі ерекшеліктерді ескеруі қажет: 

– қоғам тек қазақ жерінде өмір сүреді және дамиды; 

– мемлекет құрушы және мемлекетке өз атауын берген – қазақтар; 

– унитарлы мемлекет, біріктіруші ұлт – қазақтар; 



42 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



– көпұлтты мемлекет, онда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады; 

– көбіне әр түрлі ұлт өкілдері қазақ жеріне өз еркімен қоныс аудармаған, жиі  

күштеп, зорлық-зомбылықпен көшірілген; 

– қоғамда көпшілікті құраған – қазақ және орыс ұлттары; 

– мемлекеттік тіл – қазақ тілі; 

– тұрғындардың көбі орыс тілінде сөйлегендіктен, орыс тілі – ресми тіл саналады; 

– Қазақстанда тұратын әр ұлттың өз тілін дамыту қажеттілігі; 

– қоғам көпконфессиялы – 40-тан астан конфессия бар; 

    ҚазақстанРеспубликасы  –  өзінің  қонақжайлылығы,  сыпайылығы  және  дәстүр, 

мәдениеттерімен  қоса,  әрбір  ұлт  –  ел  мақтанышы.  Қазақстандық  модельдің  басқа 

модельдерден  айырмашылығы  басты  мәселелері  ортақ  және  келісіммен  шешілуде. 

Сондықтан бастамасынан бері елді басқару жүйесінің екі негізгі бағыттары: 

1.  Ұлттық жаңғыру және қазақ халқының, ұлттық еркіндік пен тәуелсіздіктің, 

қазақ мемлекеттілігі, тарихы, тілі, дәстүрінің қазақ қоғамының негізі түрінде дамуы. 

2.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заңында көрсетілгендей, 

әрбір ұлт өкілі тең құқылы және тарихи кезеңдермен байланысты болғандықтан, бірлесіп 

Қазақстан халқын құрауы керек. 

          Қазақстанда  ұлтаралық  қарым-қатынас  үшін  ең  маңыздысы  қазақтардың 

Бірінші  Дүние  жүзілік  құрылтайы  болды,  өйткені  ол  бүкіл  әлемге  өзін  жас  Тәуелсіз 

мемлекет болса да диаспорасына қамқорлық көрсетіп, олардың дамуында өзіндік маңызы 

бар екенін көрсетті. Бірінші Дүние жүзілік құрылтай Алматы қаласында 1992 жылы 29-30 

қыркүйек айында өтті. Оған әлемнің 33 мемлекетінен келген 800 делегат қатысты. 

Қазақтардың  Бірінші  Дүние  жүзілік  құрылтайында  мынадай    мәселе 

қарастырылды,  бірінші,  жас  тәуелсіз  мемлекеттің  шетелде  тұратын  қазақ  тұрғындарына 

деген қарым-қатынас талаптарын анықтау. Екінші, қазақ диаспорасы - бұл біріңғай қазақ 

ұлтының  өкілеті.  Үшіншіден,  Қазақстан  шетелдік  отандастардың  жан-жақты  мүддесін 

шешуде үстемдігі туралы шешім қабылданды. 

1992  жылы  14  желтоқсанда  Қазақстан  халқының  бірінші  форумынан  кейін 

Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясын  құру  туралы  шешім  қабылданды.  Бір  жағынан 

алып қарайтын болсақ, қазақ халқының дамып жатқандығын, ал екіншіден, Қазақстанда 

ұлтаралық қарым-қатынас пен мәдениеттің негізгі моделі қалыптасқандығын ерекше атап 

айтқанымыз жөн.Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің арқасында, Қазақстанның ішкі және 

сыртқы  дамуындағы  қателіктер  мен  кемшіліктерді  жойды.Ұлттық  саясат  мынадай 

мәселелерді  шешуді  жалғастырды,  келісім  орнатудың  негізгі  принциптерін,  қарым-

қатынастың  тұрақтылығын,  жоғарғы  заңның  және  шоғырланудың  белсенділік 

мәселелерін ойдағыдай орындауын және т.б.  

Н.Ә.Назарбаев  1995  жылы  Қазақстан  халқының  ұлттар  Ассамблеясының  І  ші 

сессиясында  ұлттық  мәселелердің  шешімін  табудың  үш  жолы  бар  екендігін  айтқан 

болатын. 

1. Бұл жол тайталасу, көп адамдар өздерін құрбан етуі арқылы төңкеріспен келетін 

жол. 

2. Ұ лттық мәселелерді шешуде мәселелер өздігінен жойылады деп үміттеніп жүру, 



ол қате пікір, бұл мәселенің тығырықтан шығар жолы емес.  

3.  Бұл  нақты  шешім  қабылдайтын  дұрыс  жол,  еңбек  пен  бейнетті  талап  ететін, 

біздің ұстанып келе жатқан жолымыз [8, 260-261б]. 

Этносаралық қатынастың әрбір моделінде өзінің қағида жүйелері болады. Ол өзара 

байланысты  қағидалардан  тұрады.  Дәл  осы  қағидалар  адамдардың  олармен 

бағдарламаланатын тәртібін анықтайды. Қазақстандық ұлттық моделі келесі қағидаларда 

құрылады: 

Бірінші қағида. Этникалық, конфессионалдық, мәдени, тілдік алуан түрлілік біздің 

баға жетпес байлығымыз болып табылады.  




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау