Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет14/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   420

28 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Елбасының  «Қазақстан-  2050»  Жолдауында  көтерілген  «Мәңгілік  ел»  ұғымының 

сапалық-саяси  түп  негіздері  сонау  сақ,  ғұн,  түркілерден  бастау  алған.  Мысалы,  Хасен 

ҚожаАхмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгік елден» іздейді. Оның «Күлтегін мәтініндегі 

«мәңгік  ел»  сөзін  мемлекет  атауынан  гөрі  қағанаттық  құрушы  халықтың  идеологиялық 

ұстанымына  келіңкірейді.  Кезінде  айбарлы  сақ,  ғұн,  түркі  Шыңғысқаған,  Алтын  орда 

империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «мәңгілік ел» идеясы мирас 

болып  қалды.  Осындай  «мәңгілік  ел»  идеясы  алпауыттардан  құтқарып  қалды  және  бұл 

үзілмеуі тиіс. Себебі «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың 

жасампаздығы  арасында  сабақтастық  болсағана,  біз  «Мәңгілік  ел»  боламыз»  деп 

Президенттің  Жолдауында  айтылып  отыр.  Даңқты  өткен  тарихымызда  «мәңгілік  ел» 

идеясы  көшпелі  империяларды  әлемдік  өркениетпен  тікелей  жалғайтын  алтын  көпір 

болған.  Мәселен,  алып  елдермен  тең  дәрежеде  әріптестікте  болу,  сауда-саттық   жасау, 

ҰлыЖібек  жолын  өз  уысында  ұстау,  салтатты  әскери  өркениет  құру,  адамгершілік  пен 

көпшілдікті,  дарқандықты,  ақжүректіктікті  ту  еткен  елдік  қасиеттер  «мәңгілік  ел» 

қағидаттары болып саналған.  

Бүгінгі жолындағысын жұтып жатқан жаһандану дәуірінде  «Мәңгілік ел» идеясы 

бағзы түркі тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың заманауи қайта жаңғыруының, 

озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске 

асырудың  тарихи  мүмкіндігі  туып  отыр.  Демек,  халықаралық  қауымдастықта 

мәмілегерлік,  бейбітсүйгіш  қырымен  танылған  тәуелсіз  Қазақстанның  әлі  де  ешкім 

мәнбере  қоймаған,  толық  іске  қосылмаған  әлеуеті  бар.  Демек,  «Мәңгік  ел»  идеясы  –

ұлттық бірліктің кілті[2].   

Үдеудің сыры-бірлікте, 

Жүдеудің сыры-алауыздықта. 

Біз  бір  атаның  –  қазақ  халқының  перзентіміз.  Бәріміздің  туған  жеріміз  біреу-ол 

қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. 

Біз болашаққа көзтігіп, Тәуелсіз еліміздің "Мәңгілік ел" етуді мұратқылдық. "Қазақстан-

2050"  стратегиясы  осынау  жолдағы  буындар  бірлігі,  ұрпақтар  сабақтастығы.  Тәуелсіз 

елдің  өз  қолымен  құрған  буыннан  басталған  ұлы  істерді  кейінгі  ұрпақтың  лайықты 

жалғастыратынына  кәміл  сенім  білдіруіміз  керек.Бабалардың  ерлігі,  бүгінгі  буынның 

ереністері  және  жасұрпақтың  жасампаздығы  арасында  сабақтастық  болсағана,  біз 

"Мәңгілік ел" боламыз.  

«Елбасымыз  “Қазақстан  -  2050  стратегиясының”  түп  қазығы  етіп,  «Мәңгілік  ел» 

ұғымын ұсынды.  

7 бты қағидамыз: 

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. 

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. 

Төртіншіден,  бұл  –  индустрияландыру  мен  инновацияларға  негізделген  

экономикалық өсім. 

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. 

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. 

Жетіншіден,  бұл  –  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  және  бүкіл  әлемдік,  өңірлік 

мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. 

2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы 

бірлік  пен  қауымдастық  белгісін  бейнелейтін  әлем  аллюзиясының  бірігуі  мен  үндесу  

идеясын көрсетеді. 

Логотиптің  негізі  болып  табылатын  шаңырақты  біз  алдымен  елтаңбадан  көре 

аламыз.  Шаңырақ  өзүйіміздің  призмасынан  көрінетін  аспанның  символы.  Бізде  ортақас 

пан,  ортақ  Отанымыз  Қазақстан  және  ортақ  ұлттық  идеямыз  2050  Стратегиямыз  бар. 




29 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Шаңырақ  сөзі  «шаң»  -  күн  деген  ұғымнан  бастау  алады.  Сол  себепті  де болар, ол 

қазақстандықтарға көп ұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады. 

2050    Стратегиясының  жаңа  логотипінен  қазақ  киіз  үйінің  керегесін  де  аңғара 

аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге 

белгісінің  

Стратегия 

айналасындағы 

ұлтымыздың 

ұйысу 

идеясы 


болып 

табылады.Сонымен  қатар,  қиылысқан  сызықтардан  еліміздегі  барлық  ұлт  өкілдерінің 

бірлігі, сондай-ақ,  еңбектеген  баладан  еңкейген  қартқа  дейінгілердің   өзара  татулығын 

байқаймыз.  Өйткені,  қазақстандықтардың  барлығы  тізеқосып  әрекетқылғанда  ғана  ұлы 

белестерді бағындыра алмақ. 

Елдік  мұрат  жолындағы  ұлы  ерлік  әрқашан  аталарымыздың  бойынан  табылған. 

Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек.  

Біз  бәріміз  бір  атаның –  қазақ  халқының  ұлымыз.  Бәріміздің  де  туған  жеріміз  де 

біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз 

Қазақстан. 

«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыратын  және  оны  одан  әрі  дамытатын  бүгінгі 

жастар екені белгілі. Жастар  осы  ұлттық  идеяны  жүзеге  асыру  үшін  өз  Отанын  сүйетін 

ұлтжанды,  патриот  болулары  керек.  Патриотизм  біздің  қазақстандық  жастар  үшін 

этностарды  бөлшектейтін,  жіктейтін,  бір-біріне  қарсы  қоятын  күш  емес,  керісінше, 

біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс және олардың ментальдық болмысында қағида 

ретінде  қалыптасуы  қажет.  Ел  мәртебесі,  оның  асқақтығы  мен  биіктігі,  тұтастығы  мен 

мызғымастығы  тек  әділеттілік  пен  өзара  ынтымақтастық  пен  сыйластық  негізінде 

қолжеткізілуі  тиіс.  Қысқасы,  бүгінгі  қазақстандық  жастарды  осы  аталған  позитивті 

бағытта  тәрбиелеудің  маңызы  зор.  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзег  асыруда  ұлт 

зиялыларына  да  жүктелер  жұмыстың  салмағы  өте  ауыр.  Ұлт  зиялылары  ұлт  мүддесін 

қорғай  алатын  жағдайда  болуы  тиіс.  Бұл  жолда  Қазақстанға  инновациялық,  креативті 

тұрғыдан  ойлайтын  элита  қажет.  Ол  дәстүрлі  емес,  пассионарлық  рухта  тәрбиеленген 

элита  болуы  тиіс.  Бұл  жолдағы  басты  бағыт  –  құлдық  санадан  арылу,  жалтақтық  пен 

жағымпаздық  дертінен  сана  қалыптастыру.  Өз  кезегінде  ұлттық  сананың  жаңаруы  жаңа 

жағдайға сай жаңаша еңбек ету философиясын қалыптастырады. Бірінші орынға адал да 

өнімді  еңбек  ету,  ғылым  мен  техника,  жаңа  технологияға  негізделген  бәсекеге  қабілетті 

өнім  өндіру  шығады.  Бұл  өз  кезегінде  жаңа  дүниетаным  мен  жаңаша  өмір  сүру  үлгісін 

қалыптастыруды  талап  етеді.  Қазақстан  бұл  жолда  тек  инновациялық,  синергиялық, 

экологиялық,  ақпараттық,  ақылды  экономикаға,  рухани  салада  ұлттық  құндылықтарға 

ғана  сүйене  алады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  ұлттық  идея  ретінде 

қабылдау бүгінгі Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау 

идеясынан  туындап  отырғаны  сөзсіз.  Бұл  идея  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  басты 

сұраққа  жауап  беріп,  ұлттың  болашақтағы  дамуына  жағымды  әсеретуі  тиіс.  Сонымен 

бірге,  ұлттық  идея  алдыңғы  қатарлы  және  адамзаттың  даму  бағыты  мен  үрдісіне  сай 

келетін  болуы  керек.  Міне,  осы  тұрғыдан  келгенде,  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы 

Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап 

беретін идея десек, артық айтқандық емес[3]. 

Қолданылған дереккөздер тізімі 

1. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. 

2. "Мәңгілік ел" - Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы 

3. Тарихи тұлға және «Мәңгілік ел» идеясы  

 

 

 



 

 

 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау