24
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
5. Диалог халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі мен жемісті ынтымақтастығы
жолын ұсынады.
6. Дінаралық диалог диалогтың басқа түрлері, өсіресе, өлеуметтік жөне саяси
диалог үшін үлгі ретінде қызмет ете алады.
7. Төзімділік рухында өткізілген диалог барлық адамдардың бір ғана ғаламды
мекендейтінін атап көрсетеді. Бүл өмірдің қастерлілігі, адамның қадір-қасиеті жөне
жаратылыстың тұтастығы сияқты белгілі бір ортақ кұндылыктарды көздейді.
8. Диалог діннің қоғамда өмірлік және сындарлы рөл атқаратындығын атап
көрсетеді. Ол ортақ игілікке жәрдемдеседі, адамдар арасындағы өзара жақсы қарым-
қатынастардың маңызды рөлін таниды, соңцай-ақ мемлекеттің қоғамдағы ерекше рөлін
қүрметтейді [3].
Философия ғылымдарының докторы, профессор, Мәдениеттер мен діндердің
халықаралық орталығының директоры А.Абуовтың айтуынша, «діндер арасындағы
тұрақты диалогтың пайдасы мол болып табылады:
Біріншіден, дінаралық қайшылықтарды болдырмауға септігін тигізеді;
Екіншіден, дінаралық диалог әртүрлі сенімдегі және ұлттардағы адамзатқа қайғы-
қасірет әкеліп жатқан сын-қатерлерге бірігіп қарсы тұруға көмектеседі.
Үшіншіден, дінаралық диалог діни-саяси экстремизмнің және халықаралық
терроризмнің негізін қандай да бір діни ілімнен іздеудің негізсіз екенін түсінуге
көмектеседі. Осы арқылы мұндай құбылыстардың шынайы себептерін және олармен
тиімді күресудің әдіс-тәсілдерін іздеу жеңілдейді.
Төртіншіден, осы секілді қылмыстарды болашақты ескертуге бағытталған тәрбие
жұмыстарына үлкен стимулдар береді»[4].
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты
директорының орынбасары С.Нұрмұратов елімізде өткізіле бастаған Әлемдік және
дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жөнінде мынандай баға береді: «Қазақстан
Республикасында Әлемдік және дәстүрлі діндердің құрылтайын өткізу идеясы гуманистік
бастама ретінде көтерілуі жаһандық деңгейдегі үлкен оқиға екені анық. Ол Елбасының
қазіргі әлемді гуманизациялауға, ғаламда тарихи қалыптасқан әртүрлі көзқарастарды
диалогқа шақыруға ұмтылған сындарлы қадамы және әлеуметтік дүниені
руханиландыруға қосқан қомақты үлесі болары сөзсіз.Әртүрлі діндердің бір-бірінен
теологиялық артықшылығы туралы таласты ешкім шешіп бере алмайды, тек ортақ
мәмілеге келудің жолы бейбіт қатар сыйластықпен өмір сүру екенін зерделегенде ғана ол
шешімін табады»[5].
Бүгінгі таңда ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау адам баласы үшін
негізгі мәселе болып отыр.Себебі татулық пен бірлік болмаған жерде берекелі бейбіт
өмірдің болмайтыны анық.Тарих беттерін парақтай отырып,адам баласының дінге
бөлінушілік пен діни өшпенділік салдарынан талай қақтығыстар мен дағдарыстарды
бастан өткергенін байқауға болады. Мысалы, Ирландия елі діни төзімсіздік пен
кикілжіңдерден қатты зардап шекті. Бұл елдегі діни кикілжің тудырған соғыстар
христиандардың өздерінің арасында болды. Өзара діндері бір болғанына қарамастан саяси
қайшылық мәселені ушықтырып жіберді. Бір халықтың арасына сына қағып,елді
бірлігінен айырды.Ал мұндай мысалдар аз емес. Қытайдағы Тибет мәселесі, Үндістандағы
Кашмир мәселесі, Израиль-Палестина қақтығысы, Балқан түбегіндегі діни-саяси
қақтығыстар, Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы келіспеушіліктер, Сирия,
Ауғанстандағы азаматтық соғыс т.б. мәселелер адамзат қауымының бас ауыртарлық
мәселелері болды. Бұл қақтығыстардың, түсініспеушіліктердің кейбірі әлі күнге жалғасып
келеді. Дін-өте нәзік мәселе.Оған жете мән бермеу ауыр салдарға апарып соқтыруы
мүмкін.Дін мәселесінің аса күрделі екендігін түсіне білген Елбасымыз жаңа ғасыр есігін
тың идеямен ашып,дін лидерлерінің съезін өткізу бастамасын көтерді.
25
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Елбасының ұйытқы болуымен өткізіле бастаған Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің съезі жаһандағы түрлі діндер мен конфессияларды татулыққа бастайтын
диалог алаңына айналды. Осы уақытқа дейін дәл осылай әлемдегі түрлі дін өкілдерінің
басын қосып жиын өткізу бұрын соңды болмаған шара еді. Бұрнағы кездері жекелеген
діндердің, көбінесе жаһандық діндердің арасында екеуара уағдаластық келісімдеріне қол
жеткізіліп келген еді.
Астанадағы съез әлемдік діндермен қоса дәстүрлі ұлттық діндердің басын қосып,
аса жоғары алқалы жиын өткізуімен ерекшеленеді. Пікір қайшылықтары және өзара
келіспеушіліктер болып жатқанына қарамастан алқалы диалог алаңында дін өкілдері
әлемді алаңдатқан мәселелерді талқылап, өзара келісімге келуге ұмтылады.Өткен ғасырда
Италияда діндер форумы өткенімен, ол өз жұмысын жүйелі түрде жүргізген жоқ еді. Ал
Астанадағы съез өзінің жүйелігімен және тұрақтылығымен ерекшеленеді. Өз тарихын
2003 жылдан бастайтын бұл съез 2015 жылы 5-ші рет әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлерінің басын қосты. Саралап қарай келгенде съезге қатысатын беделді дін
көшбасшыларының саны жылдан жылға арта түскені байқалды. Бүкіләлемдік ислам
лигасының Бас хатшысы, шейх Абдалла бен Абдель Мухсин ат- Түрки, Англикан
шіркеуінен Николас Бейнс ( Брэдфор Англикан шіркеуінің епископы), Израильдің бас
Ашкеназий раввині Иона Мецгер, Дінаралық үнқатысу және индологияны зерттеу
жөніндегі институт төрағасы Сомайя Самир Шантила 2003 жылдан бастап съезге тұрақты
түрде қатысып келеді. Съез жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ тәрізді халықаралық ұйымдар қолдау
көрсетуде.
Әлемдік саясаттың белсенді қатысушысына айналған Қазақстан осынау алқалы
жиындарда әрдайым әлемді алаңдатқан мәселелерді талқылауға ұсынып, оны шешудің
жолын іздеді. Мәселен, Қазақстан бірінші съезде терроризмге, экстремизмге, әділетсіз
соғысқа тыйым және дінге жала жаппау мәселесін көтерді. Ал 2006 жылы өткен екінші
съезде Таяу Шығыстағы ахуал күрт шиеленісіп, Иракта соғыс жүріп жатқан күрделі
уақытта Елордамызға жиналған әлемдік діндер лидерлері мемлекеттерді үнқатысу
жолынан таймауға, бейбітшілік пен келісім мәдениетін сақтауға шақырды. Өз кезегінде
үшінші съез әлемдік қауымдастықты дағдарыс жайлап, ғаламшардың түрлі өңірлерінде
ауқымы жағынан бұрын соңды болмаған лаңкестік әрекеттер орын алған тұста өтті. Бұл
форум ең алдымен өз жұмысын «Діни лидерлер кеңесінің» тұңғыш отырысымен бастады.
Аталған кеңес үшінші съездің жұмысы барысында құрылған еді. Кеңес құрамына
Исламның, Христиандықтың, Иудаизмнің, Буддизмнің, Индуизмнің, Синтоизмнің,
Зороастризмнің өкілдері барлығы 14 адам енген. Съез қорытындысы бойынша
қатысушылардың Үндеуі жарияланды. Бұл құжатта адамзатқа арналған рухани мәні
жоғары шақырту айтылды. Діни лидерлер барлық адамзатты ғаламшарымыздың
болашағы үшін өзара ықпалдастыққа, келісімге, бейбітшілікке, әділеттілікке шақырды. V
съез барысында діни лидерлердің адамзат алдындағы жауапкершілігі, діннің жастарға
әсері, дін мен саясаттың өзара ықпалдастығы, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы
диалогтың рөлі тәрізді мәселелер талқыланды. Съез қорытындысы бойынша
қатысушылар әртүрлі мемлекеттердің діни және саяси қайраткерлерін XXI ғасырдың сын-
қатерлеріне бірлесіп қарсы тұруға шақыратын бірлескен Декларация қабылдады. БҰҰ Бас
хатшысы 2015 жылы өткен V съез кезінде мынандай пікір білдірді: «Біз интеграция моделі
ретінде көріп жүрген мемлекеттерде бөлінушілік саясаты дамып бара жатыр. Дәстүрлі
және дәстүрлі емес діни лидерлер шешуші рөл атқарады. Олар барлық қауымдастықтарды
біріктіре алады және мәселелерді шешу мен әлемді қалыптастырудың ортақ негізін
жасауға күштері жетеді. Бұған диалог арқылы жетуге болады. Адам құқықтарының
әмбебап декларациясына салынған және барлық әлемдік діндердің ілімдерінде жазылған
ортақ құндылықтарды ұсына отырып, діни лидерлерді гумандылықты сақтау үшін
пайдалануға болады» [6]. Кавказ мұсылмандары қауымдастығының төрағасы, Кавказ
елдерінің Бас муфтиі шейх Уль- Ислам Гаджи Аллашүкір Паша – Заде 2012 жылы өткен