Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет11/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   420

22 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



кейбірпәндерді ағылшын тілінде оқыту басталатындығы,бұл мәселені тиянақты ойланып, 

ақылмен шешу қажеттігі ұсынылды.[2] 

Қазақстан  Республикасының  2011-  2020  ж.  Тілдердің  жұмыс  істеуі  мен  дамуы 

бойынша  мемлекеттік  бағдарламасы  бойынша  2020  жылға  дейін  үш  тілде  білім  беру 

сапасының көрсеткіштері мынадай  болуы керек: 

«КазТест» тапсыру қорытындысы бойынша:2017 ж. – 80 %, 2020  ж. – 95 %  

Республиканың ересек халқының орыс тілін меңгерудегі үлесі: 2020ж. – 90  % 

Республикада ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі: 2017 ж. – 15 %, 2020  ж. – 

20 % 

Үш тілді меңгерген халықтың үлесі: 2017 ж. -12 %, 2020 ж. -15 %-ға дейін. 



Жалпы үш тілде білім берудің тиімділігі:  

• 

Жұмысқа 



ұқыпты,мотивациялары 

жоғары, 


бірнеше 

тіл 


білудің 

артықшылықтарын түсінеді 

• 

Бір  тілде  ғана  білім  алатын  оқушыларға  қарағанда,үш  тілді  қосқанда,барлық 



пәндерден үлгерімдері жақсы 

• 

Кез-келген ақпаратты алуға деген мүмкіндік 



• 

Мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға 

• 

Академиялық  жетістікке  жету  –  тілдік  емес  сабақтар  бойынша  жетістікке 



жетуді жақсартады  

• 

Когнитивтік  және  метакогнитивтік  ойлау  қабілетінің  дамуына:талдау, 



түсіндіру, салыстыру,синтез 

• 

Ана тілін меңгеру дейгейін көтеруге мүмкіндік береді 



• 

Оқу, жазу, айту, тыңдаудағы жоғары деңгейде функционалдық сауаттылықтың   

дамуына мүмкіндік береді[3]. 

Ал,  енгізу  мәселелесіне  келер  болсақ  мектептердің  және  мұғалімдердің  деңгейі, 

әсіресе  ауыл  мен  қалада  әртүрлі.  Білікті  педагогтардың  жетіспеу  проблемасы  да  бар. 

Сондықтан,  осының  барлығын  ескеріп,  ағылшын  тілін  кезең-кезеңмен  енгізіліп 

келеді.Бастысы  мақсатты  түрде  білікті  мамандарды    дайындау  керек,  мектептер, 

колледждер, жоғарғы оқу орындарында үш тілде білім беру бойынша ғылыми-әдістемелік 

нұсқауларды  енгізу  керек.    Қазіргі  таңда  біздің  колледжде  де  үш  тілде  білім  беру 

бастамасымен,  оқытушыларға  ағылшын  тілін  үйрету  мақсатында  курстар 

өткізілуде,семинарларға бару қолға алынып жатыр[4]. 

Қорытындылай  келгенде  үштілділік  жобасын  ұйымдастыру  халықтың  зияткерлік 

әлеуетін  қалыптастырудың  түйінді  көрсеткіші  болып  табылады.  Үштілділік  –  қоғамдық 

келісімнің маңызды ықпалы, мәдениеттің пен тілдің саналуандығы – бұл біздің еліміздің 

жетістігі.  Қазақ,орыс  және  ағылшын  тіліне  бірдей  жағдай  тудыру,ол  тілдердің  бірдей 

қызмет атқаруының жүктемесі мен мәртебесінің тең екендігін білдірмейді. Бұл ретте үш 

тілділіктің  нәтижелілігі  жалпы  қабылданған  идеологиялық  негізде:  қазақ  тілі  – 

мемлекеттік тіл, орыс тілі –  ұлтаралық  қатынас  тілі,  ағылшын  тілі  –  жаһандық 

экономикаға табысты бірігу тілі ретінде қараған жағдайда ғана болады.  

Қолданылған дереккөздер тізімі 

1)   


http://kerekinfo.kz/blog/bilim/18200.html

 

2)    



http://kungei.kz/aqparat/728

 

3)    



http://collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-15431

 

4)    



http://kagro.kz/stati/vypuski-gazety/35-298/trehjazychnoe-obrazovanie-kak-faktor-

razvitija-intellektualnoi-nacii.html 

 

 

 



 

 



23 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Конфессия аралық келісім – бейбіт өмірдің кепілі 

 

Құрманалиева А.Д, Әскенұлы Е. 



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 

E-mail: 

elnur.askenuly@mail.ru

 

 



Қазақстан Республикасы тарихи себептерге байланысты көпконфессионалды және 

көп  этносты  мемлекетке  айналды.  Өз  тәуелсіздігін  алған  алғашқы  күннен  бастап  ҚР 

дінаралық және ұлтаралық татулықтың сақталуына ерекше күш салып келеді. 1995 жылы 

ҚР-да  мемлекет  аумағындағы  түрлі  этностардың  басын  біріктіретін бірегей институт 

Қазақстан  халқы  ассамблеясы  құрылды.  2003  жылдан  бастап  елордамыз  Астана 

қаласында  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  съезі  өткізіліп  келеді. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2050 стратегиялық жолдауының «Түрлі әлеуметтік, 

этникалық және діни топтардың келісімі мен  татулығы»  деп аталатын бөлімінде былай 

деген еді: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті 

қалпына  келтірдік.  Этникалық,  мәдени  және  діни  әралуандыққа  қарамастан,  елімізде 

бейбітшілік  пен  саяси  тұрақтылықты  сақтадық.  Қазақстан  140 этнос пен 17 

конфессияның өкілдері  үшін туған  шаңырағына айналды.  Азаматтық  татулық   пен 

ұлтаралық  келісім  –  біздің  басты  құндылығымыз. Көпұлтты  еліміздегі  татулық  пен 

келісім, мәдениеттер мен діндердің  үндесуі әлемдік эталон ретінде  танылған.  Қазақстан 

халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің  бірегей еуразиялық үлгісі болды. Қазақстан 

жаһандық конфессияаралық үнқатысу  орталығына айналды» [1]. 

Қазіргі  таңда  Қазақстанның  конфессиялық  кеңістігінде  қоғамның  діни 

қажеттіліктеріне 

сәйкес 

келетін 18 конфессияны 



құрайтын 

құқықтық 

рәсімделген 3658 діни  бірлестік  қызмет  атқарады.  Олардың  ішінде  мұсылмандық  діни 

бірлестіктер  басым  көпшілігін  құрайды  –  2551.  Православие  шіркеуінің  331  діни 

бірлестігі, ал Рим-католик шіркеуінің 85 діни қауымы бар. Қазақстанның конфессиялық 

кеңістігіндегі  протестанттық  қауымдастықтардың  саны  600-ден  астам.  Бұлардан  бөлек 

елімізде  7 иудейлік,  2 буддистік  және  18  дәстүрлі  емес  («Мормондар»,  «Кришнаиттер», 

«Бахаи», «Мун шіркеуі») діни бірлестіктер қызмет атқарады [2]. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  жаһандық  дәрежедегі  ірі 

саясаткер.  Н.Ә.  Назарбаевтың  конфессияаралық  және  ұлтаралық  татулықты  сақтаудағы 

сарабдал саясаты әлем елдеріне үлгі болып отыр. Осы мақала барысында Астанада 2003 

жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 

мән-маңызына тоқталуды мақсат қылып отырмыз. Конфессияаралық диалогтың әлемдік 

дәрежеде  сақталуы  аса  маңызды  фактор.  Диалогтың  мән-маңызын  ашу  үшін мына 

дәлелдерді келтіріп өтуге болады: 

1.  Диалог  адалдыққа,  төзімділікке,  кішіпейілдікке  жөне  өзара  құрметтеушілікке 

негізделетін болады; 

2.  Диалог  барлық  әріптестердің  тең  кұқықтылығын  көздеуге  және  әрбір 

 мәдениеттің,  тілдің  жөне  дәстүрдің  тұтастығын  ескере  отырып  пікірді,  көзқарас  пен 

сенімді еркін білдіру аясын жасауға тиіс. 

3.  Диалог  басқа  нанымға  үндеу  тастауга  не  баска  діни  нанымдағы  әріптесті 

қорлауға,  сондай-ақ  бір  діннің  басқа  діннен  басымдығын  өйгілеуге  бағытталмауға  тиіс. 

Диалог  айырмашылықтарды  жоюға  емес,  кайта  оларды  тануға  жөне  күрметтеуге 

бағытталғаны  жөн.  Диалог  қатысушылардың  өз  нанымын  адал  өрі  айқын  баяндауына 

мүмкіндік беруге тиіс. 

4. Диалог баска діндердің озық танымы мен түсінігін көтермелей отырып, жалған 

сенімнен  жөне  оларды  қате  түсіндіруден  бойды  аулақ  салуға  көмектеседі.  Ол 

жанжалдарды  және  шиеленісті  бәсеңдету  құралы  ретінде  зорлық-зомбылықтың 

пайдалануын болдырмауға жөне даулы жағдайларды шешуге көмектеседі. 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау