Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет9/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   420

18 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



арада  табуды  Қазақ  ХКК  комфракциясына  жүктеу,  журналдың  редакциясына  журналды 

тарату мен насихаттау бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруды ұсыну, 5 мамыр күні 

өтетін «Баспасөз күні» мерекесіне орай Қазақстанның партиялық ұйымдарына журналдың 

беделін  көтеру  мен  оны  тарату  мәселесіне  көңіл  аударуды  сұрау  жөнінде  шешімдердің 

қабылдануына  ұйытқы  болды.  Сонымен  қатар,  Т.Рысқұлов  Сырдария  губкомының 

Сырдария облысының «Ақжол» және «Смычка» газеттерін өлкелік «Еңбекші қазақ» және 

«Советская степь» газеттерімен біріктіру туралы 1926 ж. 27 наурыздағы қаулысы туралы 

айта келіп, губкомның шешімін мақұлдау және осы шешімді аяғына дейін жеткізу үшін 

Ә.Байділдинді Шымкент қаласына іссапарға жіберу жөнінде шешім қабылдатты [9]. 

Көріп  отырғанымыздай,  Т.Рысқұловтың  бір  күндік  жұмысының  нәтижесінің  өзі 

осыншалықты ауқымды. Бірақ, Т.Рысқұловтың басы үнемі кеңестік ноқта мен партиялық 

жүгенге сия бермейтін. Сондықтан да, Ф.Голощекин одан үнемі тартынып, аяғын аңдап 

басатын. Ф.Голощекин БК(б)П ОК-нің ресми өкілі әрі Қазөлкекомының бірінші хатшысы 

ретінде  Орталықпен  ым-жымы  бір  болғанымен,  көп  жағдайда  Т.Рысқұловтың  беделі, 

қайраткерлік қарымы мен тұлғалық мысы Ф.Голощекиннен басым түсетін. Сондықтан да, 

Т.Рысқұловтың Қазақстанда одан ары жұмыс істей беруі деген сөз – Ф.Голощекиннің көп 

ұзамай  қызметтен  кетуі  болып  шығар  еді.  Ал  Т.Рысқұловтың  Орталық  үшін  тиімсіз 

тұстары  көп  болатын.  Өйткені,  қазақ  қайраткерлерін  бір-біріне  бөліп  соғу  тәсілімен 

Орталықтың  отарлық  жымысқы  саясатын  жүзеге  асыратын  әккі  Ф.Голощекин  кеткен 

жағдайда, Т.Рысқұлов қазақ қайраткерлерін тұтас бір арнаға біріктіріп, орталық пен ұлт 

аймағы арасындағы қарым-қатынаста республика мүддесін қарыса қорғауы сөзсіз еді. Бұл 

жағдай, кейіннен, 1928 жылғы ірі байларды тәркілеу науқанына байланысты Т.Рысқұлов 

позициясынан  анық  көрінді.  Осы  жағынан  келгенде,  Т.Рысқұловты  басқа  жұмысқа 

ауыстыру  Орталық  үшін  де  Ф.Голощекин  үшін  де  тиімді  болатын.  Екіншіден, 

Т.Рысқұловтың  РКФСР-дің  орталық  мемлекеттік  басқару  органында  қызмет  атқаруы 

Қазақстан  үшін  де,  өзі  үшін  де  тиімді  боларын  Ф.Голощекин  де  анық  бағамдаса  керек. 

Осылайша,  Қазақстанға  келгеніне  екі  апта  уақыт  өтер-өтпес  Т.Рысқұловтың  басқа 

жұмысқа ауысуы туралы мәселе көтеріле бастады. 

1926  ж.  25  сәуір  күні  Қазақ,  Татар  және  Башқұр  автономиялық  республикалары 

қызметкерлерінің  (Н.Нұрмақов  –  ҚАКСР  ХКК  төрағасы,  Ж.Мыңбаев  -  ҚАКСР  ОАК 

төрағасы,  Ахсан Мұхаметқұлов – БАКСР ХКК төрағасы,  Хафиз Кушаев – БАКСР ОАК 

төрағасы, Шайгардан Шаймарданов – ТАКСР ОАК төрағасы) қатысуымен өткен кеңесте 

«РКФСР орталық мекемелерінің жауапты орындарына ұлт қызметкерлерін ұсыну туралы» 

мәселе қаралып, Т.Рысқұлов - РКФСР Халкомкеңесі төрағасының орынбасары қызметіне, 

Саитгалиев – РКФСР Кіші Халкомкеңесі төрағасының орынбасары қызметіне, Биишев – 

РКФСР  Қаржы  халкомының  орынбасары  қызметіне  ұсынылды.  Ж.Мыңбаев  осы  кеңес 

шешімін  бекітуді  сұрап  БК(б)П  ОК-нің  бас  хатшысы  И.Сталиннің,  хатшысы 

В.Молотовтың,  Орталық  Бақылау  комиссиясының  төрағасы  В.Куйбышевтың  атына 

жазған  хатында  олардың  тағайындалуын  сұрай  отырып,  бұл  шараның  Орталық  пен  шет 

ұлт аймақтарының арасындағы шаруашылық және саяси байланыстарға жағымды дәнекер 

болатынын атап көрсетті [10]. 

Т.Рысқұловтың  РКФСР  ХКК  төрағасы  қызметіне  бекітілуі  туралы  мәселе 

Орталықта  қаралып  жатқан  тұста,  ол  өзінің  қарымды  қызметін  жалғастырып  жатқан 

болатын.  Ол  1926  ж.  26  сәуір  күні  өткен  Қазөлкеком  хатшылығының  мәжілісінде 

«комсомол баспасөзі туралы» айта келіп, комсомол газетінің қайта шығарылу қажеттігін, 

комсомол газетіне қатысты Қазөлкеком шешімінің қайта қаралуы туралы мәселені Бюро 

мәжілісіне қою керектігін, Қазөлкекомның баспасөз бөлімі мен БЛКЖО Қазөлкекомына 

бірлесе  отырып  бюроның  келесі  мәжілісінде  шығатын  газеттің  сипаты  мен  оған  керекті 

қаржы туралы мәселені баяндау тапсырылды. Т.Рысқұловтың осы еңбегінің нәтижесінде 

1924  жылдың  8  ақпанынан  бері  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  4-бетінде  қосымша  ретінде 

«Лениншіл жас» атауымен, 1925 жылғы 3 ақпаннан (С.Сәдуақасовтың редактор болуынан 



19 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



кейін  –  С.Ш.)  бері  «Жас  қайрат»  атауымен  қосымша  ретінде  шығып  келген  комсомол 

газетін  жеке  шығару  мәселесі  орынды  шешім  тауып,  1927  жылдың  басынан  бастап 

«Лениншіл жас» газеті қайта шыға бастады [11]. 

Сондай-ақ,  Т.Рысқұлов  хатшылықтың  осы  мәжілісінде «Семей мембаспасы 

туралы»  хабарлама  жасап,  Семей  мембаспасының  мүмкіндіктерін  республика  үшін 

пайдалану  жөнінде  шешім  шығарып,  Семей  мембаспасының  жұмысы  мен 

Қазмембаспасының  жұмысын  ұштастыруды  және  оның  орындалуы  мен  жүзеге  асуын 

бақылауды  өзі  басқаратын  бөлімнің  қарамағына  алуды  ұсынды.  Ұсыныс  толық 

қабылданып, Семей мембаспасы республикалық маңызы бар баспаға айналды. 

Мәжілісте қаралған келесі бір мәселе – «Қазақстандағы шаруалар көтерілісінің 10 

жылдығын өткізу туралы» мәселе болды. Бұл мәселе бойынша да оң шешім қабылданып, 

1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілістің  10  жылдығын  атап  өтудің  жоспарын  жасау  үшін 

Ж.Мыңбаев,  Т.Рысқұлов,  С.Сәдуақасов,  О.Жандосов,  Брудный,  Рязанов  және 

Хангереевтерден  тұратын  комиссия  құрылды.  Осы  комиссия  жұмысының  нәтижесінде 

1916 жылғы көтеріліске алғаш рет орынды тарихи баға берілгені белгілі. 

Т.Рысқұлов  Қазақстанға  келгеннен  кейін  көп  ұзамай,  1926  жылдың  30  сәуірі  –  3 

мамыры  аралығында  өткен  5-сайланған  Қазөлкекомның  ІІ  пленумында  жергілікті 

кеңестердегі  байлардың  ықпалына  соққы  беру  қажеттігін  көрсетті.  Байлар  рулық  және 

туысқандық қатынастарға сүйенгендіктен емес, қолына биліктің экономикалық тұтқасын 

ұстағандықтан да кеңестерде жеңіске жетеді деді Т.Рысқұлов. Ал өз кезегінде осы жағдай 

қазақ ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі деді. Сондықтан, байларға 

салынатын салық көлемін өсіріп, қазақ шаруалары мен жұмысшылар одағының нығаюына 

жәрдемдесу керек деген пікір білдірді. 

1926  жылы  5  мамырда  қызылорда  қаласындағы  Іскерлер  клубында  Баспасөз  күні 

мерекесіне арналған салтанатты жиын өтеді. Осы жиында баяндама жасаған Т.Рысқұлов 

қайта  құру  жағдайындағы  Қазақстанның  даму  барысына  тигізетін  баспасөздің  рөлі  мен 

маңызын  ғана  айтып  қоймай,  ол  республикалық  баспасөздің  алдына  нақтылы  міндеттер 

қоя білді. 1926 ж. 13 мамыр күні өткен Қазөлкомы бюросының мәжілісінде қабылданған 

«қазақ  баспасөзін  жетілдіру  жөніндегі  іс-  шаралардың»  (Қазөлкеком  Баспасөз  бөлімінің 

жоспары  –  С.Ш.)  осы  баяндама  тезистері  негізінде  қабылданғаны  айдан-анық. 

«Реализовать права Отдела Печати Крайкома, как самостоятельного Отдела» [12] деп 

басталатын аталмыш құжаттан Т.Рысқұловтың ноқтаға басы сыймайтын қолтаңбасы мен 

«төртінші  билік  –  төрге  шық!»  деген  ұран  мүлтіксіз көрініп тұрғандай  әсер  қалдырады. 

Бюро  мәжілісі  Т.Рысқұлов  басқаратын  бөлімнің  жұмыс  жоспарын  бекітіп  қана  қоймай, 

баспасөзге  бөлінетін  жаңа  қаржы  көздерін  іздестіру  мен  тарту  бойынша  да  Т.Рысқұлов 

ұсынған шараларды бекітті. 

1926  ж.  19  мамыр  күні  өткен  Қазөлкомы  хатшылығының  мәжілісіне  қатысқан 

Т.Рысқұлов  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  жазылу  ақысын  8  миллион  сомға  дейін  көбейту 

туралы  шешімнің  шығуына  ықпал  жасады.  Мұның  барлығы  оның  беделі  мен  іскерлігін 

көрсететін еді [13]. 

Көп ұзамай, БК(б)П Қазөлкекомына БК(б)П ОК хатшысы В.Молотовтан 1926 ж. 31 

мамырдағы  БОАК  Төралқасының  қаулысымен  Т.Рысқұловтың  РКФСР  Халкомкеңесі 

төрағасының  орынбасары  болып  бекітілгені  туралы  хабарлама  келіп  жетті.  «Еңбекші 

қазақ» газеті бұл жөнінде 8 маусым күнгі санында ресми хабар берді. Дәл осы күні өткен 

БК(б)П Қазөлкомы хатшылығының мәжілісінде, Т.Рысқұлов 5 мәселе бойынша хабарлама 

жасап, өз ұсыныстарын толық өткізіп кетті. Олар: 

- Қазақ тілінде өлкелік шаруалардың жаңа газетін шығару шешілді;  

-  Өлкелік  шаруалар  газетінің  редакторы  болып  Ж.Мыңбаевты,  орынбасары  етіп 

Ә.Байдильдинді бекітті;  

-  БК(б)П  Қазөлкекомы  Баспасөз  бөлімін  басқару  уақытша  Ә.Байдильдин  мен 

А.В.Шверге жүктелді;  



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау